"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 27 қазандағы № 176-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген өкіммен құрылған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы "4" маусымдағы № 86-ө өкіміне қосымша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 12 маусымдағы № 176-ө өкіміне 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
Тіл саясаты комитетінің төрағасы, хатшы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (келісу бойынша)
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі
"Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы" қоғамдық бірлестігінің президенті (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісу бойынша)
Өтеулиев Бауыржан Бабажанұлы – "Turkistan" халықаралық газетінің бас редакторы (келісу бойынша)
Бектұр Тимур Амантайұлы – IT-сарапшы, жасанды интеллект саласының зерттеушісі (келісу бойынша)
Көпжасарұлы Ерқанат – журналист, "Qazaqstan" ұлттық телеарнасының жүргізушісі (келісу бойынша)
Тен Владислав – "ТЕНмен тіл үйрен" жобасының авторы (келісу бойынша)