2010 және 2011 жылдары Қазақстан Республикасында қоршаған орта министрлерінің Еуропа және Азия конференцияларын өткізу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 387-ө Өкімі

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасында 2010 жылы Азия-Тынық мұхит өңіріндегі қоршаған орта және орнықты даму министрлерінің алтыншы конференциясын және 2011 жылы министрлердің "Қоршаған орта Еуропа үшін" атты жетінші жалпыеуропалық конференциясын өткізуге дайындықты тиімді ұйымдастыруды және үйлестіруді қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Шөкеев                   - Қазақстан Республикасы Премьер-
Өмірзақ Естайұлы           Министрінің бірінші орынбасары, жетекші

Брагин                   - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Александр Геннадьевич      қорғау министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету
                           және халықаралық ынтымақтастық
                           департаментінің директоры, хатшы

Құсайынов                - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы           бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Тұрғанов                 - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Дүйсенбай Нұрбайұлы        минералдық ресурстар вице-министрі

Әшімов                   - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Нұрғали Сәдуақасұлы        қорғау министрі

Сәдуақасова              - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Елдана Мәкінқызы           қорғау вице-министрі

Петров                   - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович         жағдайлар вице-министрі

Майлыбаев                - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Бағлан Асаубайұлы          ақпарат вице-министрі

Омаров                   - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Қайрат Ермекұлы            министрінің орынбасары

Оразаев                  - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Марат Әбілахатұлы          вице-министрі

Жақыпов                  - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Айдар Бексұлтанұлы         вице-министрі

Біртанов                 - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Елжан Амантайұлы           вице-министрі
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1703 Қаулысымен.

      2. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасында 2010 жылы Азия-Тынық мұхит өңіріндегі қоршаған орта және орнықты даму министрлерінің алтыншы конференциясын және 2011 жылы министрлердің "Қоршаған орта Еуропа үшін" атты жетінші жалпыеуропалық конференциясын өткізуге дайындықты тиімді ұйымдастыруды және үйлестіруді қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр