Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 14 наурыздағы N 56-ө өкіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 29 мамырдағы N 141-ө Өкімі

Қолданыстағы

      "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" және»"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы"
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 14 наурыздағы N 56-ө  өкіміне  мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген»"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" және»"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде:
      реттік нөмірі 2-жолдың 5-бағанындағы»"наурыз" деген сөз»"маусым" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-жолмен толықтырылсын:
      "5  Сәйкестендіру    Қазақстан       Әділетмині     2007
          нөмірін          Республикасы    (жинақтау),    жылғы
          интегралдық      Үкіметінің      АБА            маусым
          микросхемаға     қаулысы
          енгізу ережесін
          бекіту туралы                                        ".

       Премьер-Министр