Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 10 шілдедегі N 195-ө өкіміне толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 251-ө Өкімі. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.05.31. N 442 қаулысымен.

Күшін жойған

      "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі ұсыныстарды дайындау үшін жұмыс тобын құру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 10 шілдедегі N 195-ө  өкіміне  мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақта:
      жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:

Несонова              - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
Татьяна Сергеевна       министрлігі Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық
                        дамыту комитетінің басқарма бастығы, хатшы

Әли                   - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Ерлік Шәкірұлы          министрлігінің Халықаралық ұйымдар және көп
                        жақты ынтымақтастық департаменті халықаралық
                        ұйымдар басқармасының бастығы

Молдабаев             - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Қаныш Тәңірбергенұлы    минералдық ресурстар министрлігі Электр
                        энергетикасы және көмір өнеркәсібі
                        департаментінің директоры

Жұмақанов             - Қазақстан Республикасы Көлік және
Құрмет Тілеудесұлы      коммуникациялар министрлігі Қатынас жолдары
                        комитетінің бөлім бастығы

Дұсбаев               - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік
Рустам Омарбекұлы       қоғамы Жүйелік жобалар департаментінің
                        директоры

Әуезбаева             - "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының
Тәлмира Есімханқызы     басқарушы директоры

Есқалиев              - "ҚБД - Лизинг" акционерлік қоғамының
Ерхат Серікұлы          Басқарма төрағасы

Меньшаев              - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Александр Васильевич    басқару агенттігі жерге орналастыру
                        бөлімінің бастығы

       Премьер-Министрдің
      міндетін атқарушы