"Қазақалтын тау-кен металлургиялық концерні" ашық акционерлік қоғамының "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік қоғамы алдындағы берешегін өтеу бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі. 2003 жылғы 6 наурыз N 30-ө

Қолданыстағы

      1. "Қазақалтын тау-кен металлургиялық концерні" ашық акционерлік қоғамының "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік қоғамы алдындағы берешегін өтеу бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Қабашев                  - Қазақстан Республикасының Индустрия
Мақсат Рақымжанұлы         және сауда министрлігі Технологиялық
                           даму департаментінің директоры,
                           жетекші

Анарқұлов                - Қазақстан Республикасы
Марат Әбдешұлы             Премьер-Министрінің Кеңсесі Өндірістік
                           сала және инфрақұрылым бөлімінің
                           өнеркәсіп секторының меңгерушісі

Смағұлов                 - Қазақстан Республикасы Қаржы
Болат Советұлы             министрлігінің Дәрменсіз
                           борышкерлермен жұмыс жөніндегі
                           комитеті төрағасының орынбасары

Ыдырысов                 - Қазақстан Республикасы Экономика және
Марат Мәкейұлы             бюджеттік жоспарлау министрлігінің
                           Салалық саясат және бағдарламалар
                           департаменті салааралық үйлестіру
                           басқармасының бастығы

Қасымова                 - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсия Салғарақызы           және сауда министрлігі химия
                           өндірістері және сирек металдар
                           басқармасының бастығы

Тәкелеков                - Қазақстан Республикасының Энергетика
Кәрім Кәрімқұлұлы          және минералдық ресурстар министрлігі
                           атом өнеркәсібі бөлімінің бастығы

Фишер                    - Қазақстан Республикасы Қаржы
Ирина Яковлевна            министрлігінің Мемлекеттік мүлік және
                           жекешелендіру комитеті мемлекеттің
                           қатысуы бар мемлекеттік емес
                           тұлғалармен жұмыс жөніндегі
                           басқармасының бас маманы

Балғожина                - "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом
Мархаба Мұхаметқалиқызы    компаниясы" жабық акционерлік қоғамы
                           Заң департаментінің директоры (келісім
                           бойынша)

Кеулімжаева              - "Қазақстан Халық Банкі" ашық
Ғалия Қуатханқызы          акционерлік қоғамы Корпорациялармен
                           жұмыс жөніндегі N 2 департаментінің
                           директоры (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2003 жылғы 20 наурызға дейін "Қазақалтын тау-кен металлургиялық концерні" ашық акционерлік қоғамының "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік қоғамы алдындағы берешегін өтеу бойынша ұсыныстар енгізсін.

      Премьер-Министр