Қазақстан Республикасының электр байланысы желілерінде арнаулы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 20 желтоқсан N 1937. ЕСКЕРТУ. Қаулы күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.05.22. N 774 қаулысымен. ~P000774

Күшін жойған
      "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы" Z980233_ , "Жедел iздестiру қызметi туралы" Z944000_ , "Байланыс туралы" Z990382_ Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 Z952710_ заң күшi бар Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және арнайы уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың электр байланысы желiлерiнде арнаулы жедел iздестiру iс-шараларын жүргiзуi үшiн қажеттi жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялаудың тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы " Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 қарашадағы N 1443 P961443_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 48, 469-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялаудың және радиожиiлiк спектрiн пайдаланудың тәртiбi туралы ережеде:
      17-тармақтағы "Лицензияның мiндеттi шарттарына": деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "коммутациялық жабдықтардың құрамында Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес арнаулы жедел iздестiру iс-шараларын жүргiзудiң техникалық құралдары жүйесiнiң болуы".
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi үш ай мерзiмде почта байланысы мен телекоммуникациялар саласында қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға бұрын берілген лицензияларды осы қаулыға сәйкес келтірсін.
      3. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасының электр байланысы желілерінде арнаулы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізудің техникалық құралдары жүйелерін енгізу мен пайдалану кезіндегі өзара іс-қимылының тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.
      4. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан ұйымдар:
      1) жоғарыда көрсетілген Нұсқаулық талаптарының қатаң орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) коммутациялық жабдықтардың құрамына арнаулы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізудің техникалық құралдары жүйелерін енгізуді жүзеге асырсын.
      5. Мемлекеттік органдар бұрын шығарылған нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.
      6. Осы қаулының пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (келісім бойынша) жүктелсін.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі


                                         Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1937 қаулысымен бекітілген


         Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың
       Қазақстан Республикасының электр байланысы
      желілерінде арнаулы жедел іздестіру іс-шараларын
      жүргізудің техникалық құралдары жүйелерін енгізу мен
     пайдалану кезіндегі өзара іс-қимылының тәртібі туралы
                       Нұсқаулық

      І. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық мемлекеттік органдар мен меншік нысандары мен бағыныстылығына қарамастан ұйымдардың Қазақстан Республикасының электр байланысы желілерінде арнаулы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізудің техникалық құралдары жүйелерін енгізу мен пайдалану кезіндегі өзара іс-қимылының Қазақстан Республикасының аумағындағы бірыңғай тәртібін айқындайды.
      2. Электр байланысы желілерінде жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз етудің техникалық құралдары жүйесі (бұдан әрі - Жүйе) Қазақстан Республикасының қазіргі қолданылып жүрген заңдарына сәйкес белгілі бір пайдаланушылардың (абоненттердің) қосылулары мен орналасқан жерлерін жедел бақылау үшін арналған.
      3. Жүйелер жалпы қолданыстағы желілерге енгізілген және халықаралық, қалааралық, жергілікті, ведомстволық телефондық, ұялық, транкингтік, телеграфтық байланыстар, деректерді беру және байланыстың өзге де түрлері кезінде қызмет көрсетуге арналған электронды коммутациялық желілерде орнатылуы тиіс.
      4. Электр байланысы желілерінде Жүйені енгізу үшін Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) - Пайдаланушы және кәсіпорындар - байланыс операторлары - Коммутациялық жүйелердің иелері жауапты болып табылады.
      5. Жүйені пайдалануды жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың мүддесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары (соңғы Пайдаланушы) жүзеге асырады.

      ІІ. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың электр
      байланысы желiлерiнде Жүйелердi енгiзу және пайдалану
      кезiндегi өзара iс-қимылының тәртiбi

      6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi байланыстың барлық түрлерiнiң жағдайы мен дамуы үшiн жауап беретiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган ретiнде:
      1) байланыс кәсiпорнының коммутациялық жабдығы құрамында Жүйенiң болуын, Жүйенiң "Қазақстан Республикасының электр байланысы желiлерiнде арнаулы жедел iздестiру iс-шараларын жүргiзудiң техникалық құралдары жүйелерiне техникалық талаптарға" (бұдан әрi - Техникалық талаптар) сәйкестiгi туралы ресми қорытындының (немесе сертификаттың), Нұсқаулыққа қосымшаның болуын бақылайды және Жүйе болмаған жағдайда байланыс қызметiн көрсетудi ұсынуға лицензияны қайтарып алу жөнiндегi мәселелердi шешедi.
      2) Заңды және жеке тұлғалардың құжаттарын халықаралық, қалааралық, жергiлiктi, ведомстволық (жалпы қолданыстағы желiге шығатын) телефондық, ұялы, транкингтiк, телеграфтық, деректердi беру және байланыстың өзге де түрлерiмен қызмет көрсетуге лицензиялар алуға арналған құжаттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне келiсуге жолдайды.
      7. Байланыс кәсiпорнының телефондық коммуникацияларын пайдалануға байланысты арнаулы жедел iздестiру iс-шараларын жүзеге асыратын орган ретiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi - Жүйелердi Пайдаланушы:
      1) кәсiпорын-байланыс операторларының Жүйеге Техникалық ұсыныстарын келiседi;
      2) Жүйенiң Техникалық талаптарға сәйкестiгiн тексеру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және ресми қорытынды бередi;
      3) соңғы Пайдаланушының құқығында Жүйенi беруге және оны пайдалануға қосуға арналған шарттарға қатысады;
      4) байланыс операторлары-кәсiпорындарымен бiрлесiп, Жүйелердi сынауды және пайдалануға қабылдауды жүргiзедi;
      5) Жүйелердi пайдалануды жүзеге асырады;
      6) Жүйелердi енгiзу техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде құпиялылық режимiн қамтамасыз ету бөлiгiнде байланыс операторлары-кәсiпорындарының қызметiн бақылайды;
      7) халықаралық, қалааралық, жергiлiктi, ведомстволық (жалпы қолданыстағы желiге шығатын) телефондық, ұялы, телеграфтық, транкингтiк, деректердi беру және байланыстың өзге де түрлерiмен қызмет көрсетуге лицензия берудi келiседi.
      8. Жалпы қолданыстағы желiге қосылған байланыс операторлары кәсiпорыны - Коммутациялық жүйелердiң иелерi мыналарды орындайды.
      1) Жүйеге техникалық ұсыныстарды әзiрлейдi.
      Техникалық ұсыныстар:
      Жүйенiң таңдап алынған жабдығының түрiн (станциялық жиынтық пен шығарылған басқару пунктiнiң арасындағы байланыс желiсiн қоса есептегенде), өндiрушi фирманы көрсетудi, Техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы ресми қорытындының (сертификаттың) болуын;
      Жүйенi байланыс объектiсiне енгiзудiң сызбасын;
      жабдықты беруге, орнатуға, сынауға және пайдалануға қабылдауға шарттар жасауды қоса есептегенде, Жүйенi енгiзудiң жоспарын;
      Жүйенi енгiзу, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезiнде жұмыстардың құпиялылығын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қамтиды.
      2) Жүйеге Техникалық ұсыныстарды Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiседi.
      3) Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен бiрлесiп және келiсiм бойынша Жүйенi енгiзу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзедi.
      4) Жүйенi пайдаланудың санкцияланбаған пайдаланудың, сондай-ақ Жүйенiң бағдарламалық және аппараттық құралдарына санкцияланбаған кiрудiң мүмкiндiгiн болдырмайтын тәртiбiн ұйымдастырады.
      5) Жүйенiң үздiксiз жұмыс істеуін, оны жөндеудi, күтім жасауды, реттеу жұмыстарын, сондай-ақ, Пайдаланушыға техникалық сипаттағы қажеттi деректердi берудi, сондай-ақ коммутациялық жүйелерде пайдаланылатын криптографиялық құралдарды сақтауға алуды қамтамасыз етедi.
      6) Қажеттілiгiне қарай Пайдаланушымен өзара iс-қимыл жасау үшiн ұдайы жұмыс iстейтiн энергиямен жабдықталған қызметтiк үй-жайлар бөледi. Бөлiнген үй-жайларды пайдаланудың тәртiбi өзара келiсiледi.
      9. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және байланыс операторлары-кәсiпорындарының осы Нұсқаулықта көрсетiлмеген өзара iс-қимылы мәселелерi, сондай-ақ Нұсқаулықтың жекелеген тармақтарын орындаудың мерзiмдерi бiрiншi басшылардың бiрлескен бұйрықтарымен және өкiмдерiмен реттеледi.
      10. Жүйенi енгiзу мен пайдалану кезiнде туындаған даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен шешiледi.
                                 Мемлекеттiк органдар мен ұйымдарды

Қазақстан Республикасының электр байланысы желілерінде арнаулы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізудің техникалық құралдары жүйелерін енгізу мен пайдалану кезіндегі өзара іс-қимылының тәртібі туралы нұсқаулыққа қосымша


              Қазақстан Республикасының электр байланысы
           желiлерiнде арнаулы жедел iздестiру iс-шараларын
               жүргiзудiң техникалық құралдары жүйелерiне
                         техникалық талаптар

      1. Қолданылу саласы

      1. Осы талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың электр байланыстың сымды және сымсыз желiлерiнде арнаулы жедел iздестiру iс-шараларын жүргiзудi техникалық қамтамасыз етуi бөлiгiнде жалпы қолданыстағы телекоммуникация желiлерiнiң коммутациялық жабдықтарына қолданылады.
      2. Коммутациялық жабдықтың құрамдас бөлiгi болып енетiн арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргізудiң техникалық құралдары жүйелерiн (бұдан әрi мәтін бойынша - Жүйе) құру, техникалық сипаттамасы және функционалдық мүмкiндiктерi жөнiндегi жалпы талаптары белгiленедi.

      2. Жалпы ережелер

      3. Жалпы қолданыстағы телекоммуникация желiлерi коммутациялық жабдығының барлық түрi Жүйемен толықтырылуы қажет.
      Осы талап ведомстволық немесе жалпы қолданыстағы телекоммуникация желiсiне шыға алмайтын өзге де коммутациялық жабдыққа қатысты емес.
      4. Осы талап мынадай байланыс түрлерiнiң коммутациялық жабдықтарын қамтиды:
      1) республиканың аумағында пайдаланылатын тиісті стандарттардың жалпы қолданыстағы сымды және кабельді баламды және санды телефонды және модемді байланыс;
      2) республиканың аумағында пайдаланылатын баламды және стандартты жалпы қолданыстағы қозғалмалы ұялы байланыс;
      3) республиканың аумағында пайдаланылатын тиiстi стандарттардағы телефонды және деректердi берудi қоса алғанда, спутниктік байланыс;
      4) республиканың аумағында пайдаланылатын баламды және санды стандарттардағы радиальды транкингтік немесе өзге де үлгідегі радиобайланыс;
      5) республиканың аумағында пайдаланылатын стандарттардың дербес радио шақыру (пейджинг) желiлерi;
      6) республиканың аумағында пайдаланылатын байланыстың тиістi стандарттарының деректер беретiн кең ауқымды компьютерлік желілерi.
      5. Республиканың аумағына байланыстың жаңа стандарттары мен түрлерiн енгiзу кезінде коммутациялық жабдықтың өңдеушілері мен операторлары осы құжаттың талаптарын орындауы тиіс.
      6. Байланыстың коммутациялық жабдығын жетілдіру, кеңейту, техникалық өзгерту Жүйе жабдығының жұмысқа қабілеттілігіне әсер етпеуі немесе қандай да бір тұрғыда оның осы құжатта көрсетілген функцияларын шектемеуі қажет.

      3. Жүйенiң арналуы мен құрамы

      7. Жүйе белгiлi пайдаланушылардың (абоненттердiң) қосылуы мен

орналасқан жерiн жедел бақылау үшiн арналған.
     8. Жүйе байланыс желiсi штаттық жабдығының құрамына енетiн 
аппараттық-бағдарламалық құрал ретiнде ұйымдастырылуы қажет.
     9. Жүйе:
     1) СЖ АБҚ станциялық жиынтықтың аппараттық-бағдарламалық құралдарын;
     2) АБҚ БП қашықтатылған басқару пунктiнiң аппараттық-бағдарламалық 
құралдарын;
     3) арнатудырушы аппаратура мен СЖ мен БП-нiң арасындағы байланыс 
желiсiн қоса алғандағы, деректер мен командаларды беру арналарының желiлiк 
жабдықтарын;
     4) бағдарламалық қамтамасыз ету жиынтығын;
     5) қосалқы мүліктер мен керек-жарақтардың жиынтығын;
     6) пайдалану құжаттамаларының жиынтығын қамтуы тиіс.
     10. СЖ станциялық жиынтығы белгілі абоненттің СЖ бақылау желісінің 
БП-нен команда бойынша абоненттік трактіге қосылуын бақылауды жүзеге асыру 
үшін арналған.
     11. БП қашықтатылған басқару пункті тұтастай алғанда Жүйенің жұмыс 
істеуін басқару, СЖ-на қызметтік ақпарат пен командаларды беру, СЖ-нан 
ақпарат қабылдау, алынған мәліметтерді талдау, өңдеу және құжаттандыру 
үшін арналған.
     12. Желілік жабдық СЖ мен БМ арасында бақылау және қызметтік 
ақпараттар алмасу үшін арналған.
     
     4. Жүйеге қойылатын жалпы талаптар
     


      13. Жүйе байланыс желісінде пайдаланылатын станцияаралық және абоненттік белгі беру жүйелеріне қарамастан өз функциясын орындауы тиіс.
      14. Жүйе:
      1) берілу желілік трактісі жабдықтарымен сиымдылығын, жекелеген жағдайларда жеке желілерімен түйісуін;
      2) СЖ мен БП-нің деректер беру арналары бойынша өзара іс-қимылын;
      3) уақыттың нақты ауқымында жедел бақылауды жүзеге асыруды;
      4) берілетін ақпараттарды қорғауда олардың қандай тәсілдер қолданатындығына қарамастан абоненттерді жедел бақылауды жүзеге асыруды;
      5) әрбір жеке абонентті оның байланыс желісіне қосылуының түріне (жеке немесе топтасқан) қарамастан бақылауды;
      6) электр байланысы желілері бақыланатын пайдаланушылар туралы ақпараттарды сақтау үшін деректер базасын және БП-нің деректерін жедел басқаруды ұйымдастыруды;
      7) Жүйе жабдығының жұмыс істеуіне технологиялық бақылауды жүзеге асыруды;
      8) Байланыс желілері техникалық қызметшілерінің Жүйенің жабдығы мен ақпаратына енуінен қорғауды қоса алғандағы, санкциясыз енуден қорғауды;
      9) Жүйе жабдығын электр байланыстың қосымша түрлері мен стандарттарына сай жетілдірудің мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
      15. Жүйе БП-не мынадай ақпараттарды беруді қамтамасыз етуге тиіс:
      1) Жүйе АБЖ-ның жұмысқа дайындығы туралы;
      2) командаларды орындаудың нәтижелері туралы;
      3) Жүйенің жұмысына санкциясыз араласу туралы.
      16. Жүйе өзінің функционалдық жағдайына (жұмыс, ақаулылығы, бақылау, қалпына келтіру, қайта іске қосу және с.с.) қарамастан желілер абоненттеріне байланыс қызметтерін көрсету процестеріне ықпал етпеуі тиіс.
      17. Жүйе өзінің жергілікті жабдықтарын бір желіге біріктірудің мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

      5. Бақылауды ұйымдастыру

      18. Жүйе байланыс желілерін пайдаланушыларды (абоненттерді) телефонның (терминалдың) дербес нөмірі, электрондық мекен-жайы, идентификаторы, қысқартылған нөмірі, шартты мекен-жайы және с.с. бойынша бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.
      19. Жүйе:
      1) осы коммутациялық станциядағы бақыланатын абоненттердің кіріс және шығыс шақыруларын (жергілікті, аймақ ішіндегі, қалааралық және халықаралық автоматты және жартылай автоматты) бақылауды;
      2) осы коммутациялық станциядағы абоненттердің шығыс байланысы кезінде жалпы желінің бақыланатын абоненттерінің алдын ала берілген нөмірлеріне шақыруларды бақылауды;
      3) абоненттердің кіріс және шығыс шақыруларының телефон нөмірлерін анықтауды;
      4) деректерді қабылдау немесе беру кезінде абоненттердің электрондық (желілік) мекен-жайын анықтауды;
      5) бақыланатын арналар: сөйлесу, факсимильді, деректерді беру және т.б. бойынша беру түрлерін автоматты түрде айырып тануды;
      6) сөйлесуді және өзге де ақпаратты беруді (деректерді беру, факсимильді байланыс және т.б.) қамтамасыз ететін қосылуларды бақылауды;
      7) графикалық бейнелерді айырып тануды, олардың кодын ашуды;
      8) бақыланатын абоненттердің орналасқан жері туралы мәліметтерді ұсынуды;
      9) коммутация станцияларының (базалық станциялардың) арасында басқаруды тапсыру кезiндегi жылжымалы байланыс абонентiнiң орнатылған қосылуын бақылауды сақтауды;
      10) бақыланатын абонентке бiр мезгiлде бiрнеше абонентпен сөйлесу мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн қосымша "конференцбайланыс" қызметiн ұсынған кезде, конференцбайланысқа барлық қатысушылардың нөмiрлерi бақылануы тиiстiгiн;
      11) шақыру бағытын (мекен-жайын өзгерту) немесе олар бойынша нөмiрлi ақпаратты (қысқартылып терiлген нөмiрлер) өзгертетiн абоненттерге қосымша қызмет көрсету түрлерi ұсынылған кезде шақыруларға бақылауды;
      12) абонентке шақыруларды басқа абонентке қайта жолдау жөнiнде қызмет көрсетулер ұсынылған кезде осы қызметке тапсырыс берген абоненттiң нөмiрi сияқты абоненттi басқа мекен-жайға қайта жолдау нөмiрi де бақылануы қажеттiгiн;
      13) өтiнiш бойынша БП-нен абоненттердiң санаттары мен оларға ұсынылатын қызмет көрсетулердiң, қосымша түрлерi туралы ақпаратты алудың мүмкiндiгiн;
      14) нақты уақыт iшiнде деректер базасынан шешушi сөздер, мекен-жайлар бойынша ақпаратты автоматтандырылған iздестiрудiң мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi тиiс.
      20. Абоненттi бақылауға алған кезде осы коммутациялық станцияның бақылаудағы абоненттерiнiң толассыз нөмiрлерi мен байланыстың жалпы жүйесiн ескере отырып, оған жеке реттiк нөмiр (шифр) берiледi. Нөмiр (шифр) БП-не беріледi және деректердiң базасына енгiзiледi.
      21. Аталған коммутациялық станцияның бақылауын абоненттер телефондарының (терминалдарының) нөмiрлерi, сондай-ақ жалпы жүйенiң осы коммутациялық станция абоненттерiнiң барлық сыртқа шығатын бiрiктiрулерi бақылануы тиiс абоненттер телефондарының (терминалдарының) олар бойынша нөмiрлерi БП-не берiлуi және деректердiң базасына енгiзiлуi тиiс.
      22. Бақыланылатын абоненттердiң жалпы саны байланыс жүйесiнiң өткiзу қабiлетiне байланысты болады және Жүйеге арналған техникалық шарттармен айқындалады.
      23. БП-нiң жабдықтарын бақылаудағы абоненттердiң алмастыру жолдарына қосу бақылау желiлерi (арналары) арқылы жүзеге асырылуы тиiс. Бақылау желілерінің (арналарының) саны бiр мезгiлде бақыланатын бiрiктiрулердiң талап етілетін санына сәйкес келуi тиiс. Әрбiр бақылау желiлерінің реттiк нөмiрлерi болуға тиiстi.
      24. Бақыланатын абоненттердің қосылуын тiркеу автоматты түрде

жүргізілуі қажет. Бір мезгілде тіркелінетін қосылулардың саны Жүйеге 
арналған техникалық шарттармен айқындалады.
     25. Аталған байланыс сеансының (егер бақылау басынан бастап 
жүргiзiлмесе) қалып қойған ақпаратын қайта қалпына келтіру мүмкіндігі 
Жүйенiң буферлiк еске сақтау қабiлетiнiң көмегiмен қаралуға тиiс.
     26. Жүйе бақылау абонентiнiң қосылуын БП-нен команда бойынша еркiнен 
тыс бұзуға, сондай-ақ абоненттi бақыланатын немесе берiлген нөмiрлерi 
бойынша қосуды тыйым салуға немесе қосылуға жалпы тыйым салуға немесе 
штаттан тыс жағдайларда тыйым салуға жол беруi керек.
     
     6. Қосуларды орнату фазалары және бақыланылатын
              шақырулар туралы деректер
     
     27. Әрбiр бақыланылатын шақырулар бойынша қосуларды орнатудың мынадай 
фазалары туралы ақпарат БП-не берiлуi тиiс:
     1) желідегi абоненттi тiркеу;
     2) кiрген шақыруы кезiнде абоненттiк желiнi алуы;
     3) желінiң абонентiн шақыратын телефонының (терминалдың) толық 
нөмiрiн қабылдау;
     4) шыққан шақыру кезiнде абоненттiк желіні алуы;
     5) шақырылатын абонент телефонының (терминалының) толық нөмiрiн 
қабылдау;
     6) абоненттiң жауабы;
     7) жауап жоқ;
     8) бос емес;
     9) ажырату.
     28. Бұл ретте БП-ге бақыланылатын шақырулар туралы мынадай мәлiметтер 
берiлуi тиiс:
     1) бақыланылатын абоненттің реттiк нөмiрi;
     2) бақылаудың санаты;
     3) бақылау желiсiнiң (арнасының) нөмiрi;
     4) жартылай автоматты кiретiн байланыс туралы белгi;
     5) шақырылатын абоненттiң (терминалдың) телефон нөмiрi;
     6) шақырушы абоненттің (терминалдың) телефон нөмiрi;
     7) қосу түрi (шығыс, кiрiс, ұлттық транзит, халықаралық транзит және 
т.б.);
     8) орналасқан жерi туралы ақпарат;
     9) шақыруды қайта бағыттауға және қосымша қызмет көрсету кезiнде 
конференц байланысқа қатысушыларға арналған телефондардың нөмiрлерi;
     10) сөйлесудiң басталған уақыты (сағ. мин.);
     11) ажыратылған уақыты (сағ. мин.).
     7. Бақылау санаты.
     29. Бақыланылатын абоненттерге бақылаудың мынадай санаттарының бiрi 
берiлуi тиiс:
     1) толық бақылау;
     2) статистикалық бақылау.


      30. "Толық бақылау" санаты БП-не уақыттың нақты ауқымында қосуды орнатудың фазалары туралы ақпарат, бақыланатын шақырулар туралы деректердiң берiлетiндiгiн білдiредi, сондай-ақ сөйлесу трактында немесе бақыланатын абоненттiң деректерiн беру арналары бойынша берілетiн ақпараттардың түсiрiп алу мен БП-не беру жүзеге асырылады.
      31. "Статистикалық бақылау" санаты сөйлесу арнасы немесе деректердi

беру арнасы БП-не қосылмайтындығын, ал БП-не уақыттың нақты ауқымында 
қосуды орнату фазасы туралы ақпарат пен бақылаудағы шақырулар туралы 
деректер берiлетiндiгiн бiлдiредi.
     32. Егер бiр қосылудағы екi абонент бақылаудағы объектiлер болып 
табылса, онда қосуды бақылау санаты басымдығы неғұрлым жоғары абоненттiң 
санаты бойынша орнатылуы тиiс:
     1-шi - толық бақылау;
     2-шi - статистикалық бақылау.
     33. Бақылау жүргiзу барысында бақылау санатын өзгерту мүмкiндiгi 
ұсынылуы тиiс.
     
     8. Бақылауды орнату және тоқтату
     
     34. СЖ БП-нен мынадай мәлiметтердi алған кезде абоненттердi бақылауға 
қондырғыны қамтамасыз етуi тиiс.
     1) бақылау орнату командасы;
     2) бақыланатын абоненттiң реттiк нөмiрi;
     3) абонент телефонының (терминалының) нөмiрi;
     4) бақылаудың санаты;
     5) бекiтiлген бақылау желiсiнiң (арнасының) нөмiрi.
     Бақылау орнату Жүйе әкiмшiлiгiнiң командасы бойынша жүзеге асырылуы 
тиiс.
     БП-нен СЖ-на бақылауды тоқтату үшiн тоқтату командасы мен бақылаудағы 
абоненттiң реттiк нөмiрi жiберiлуi тиiс.
     35. СЖ БП-нен мынадай деректердi алған кезде байланыстың жалпы 
желiсiнiң бақылау абоненттерi бар аталған коммутациялық станцияның 
абонементтерiнің барлық шығатын шақыруларына бақылау орнатуды қамтамасыз 
етуi тиiс:
     1) бақылауға орнату командасы;
     2) аталған станция мен жалпы желiдегi бақылаудағы абоненттердiң 
ретiмен нөмiрленуi ескеріле отырып бақылаудағы абоненттiң реттiк нөмiрi;
     3) абонент телефонының (терминалының) нөмiрi;
     4) нөмiрдiң белгiсi (халықаралық, қаларалық, жергiлiктi);
     5) бақылаудың санаты;
     6) бекiтiлген бақылау желiсiнiң (арнасының) нөмiрi.
     БП-нен СЖ-на бақылауды тоқтату үшiн тоқтату командасы мен бақылаудағы 
абоненттiң реттiк нөмiрi жiберiлуi тиiс.


      36. Бақылау орнатудың немесе БП-нен қажеттi ақпараттың толық пакетiн беру сеансы аяқталғаннан кейiн Жүйенiң деректер базасына өзгерiстер енгiзу үшiн БП арқылы жол берілетiн уақыт 30 секундттан аспауы тиiс (қосуды үзу командасын қоспағанда).
      37. Жүйенiң ден қою уақыты (СЖ-ға команда алынған сәттен бастап оның

орындалғаны туралы хабар берiлген сәтке дейiн) уақыттың нақты ауқымындағы 
көлемi жұмыс кезiнде 1 секундттан аспауы тиiс.
     
     9. Абоненттiң орналасқан жерiн бақылау
     
     38. Орналасқан жерiне бақылау БП-не абоненттiң (абонент телефонының, 
терминалының) белгiлi бiр жерде тұрғандығы туралы немесе жылжымалы 
байланыс желiсi абонентiнiң басқаруды бiр комутациялық станциядан 
келесiсiне беру арқылы орын ауыстырғаны туралы деректер берiлетіндiгiн 
білдiредi.
     39. Орналасқан жерiн бақылау Жүйе әкiмшiлiгiнiң талабы бойынша 
енгiзiледi.
     
     10. Жүйенiң жұмыс істеуiн технологиялық бақылау
     


      40. Жүйенiң аппараттық және бағдарламалық құралдарын пайдалану

кезiнде коммутациялық станцияның жабдықтары жұмысының фонында Жүйенiң 
жұмыс қабiлетiне функционалдық автоматты бақылау мен методологиялық 
құралдар мен техникалық қызмет көрсету құралдарын бүлінген элементтердi 
қалпына келтiру барысында жартылай, автоматты бақылау көзделуi тиiс.
     41. БП-не Жүйенiң жұмыс iстеуiне әсер ететiн ақаудың пайда болғаны 
туралы ақпарат берiлуi тиiс.
     42. БП-не толық бақылау кезiнде шығу арнасы толған жағдайда тиiстi 
хабарлама жiберілу тиiс. Бұл жағдайда бақыланатын абонентке бақылаудың 
статистикалық санаты берілуi тиiс.
     
     11. Жүйенi инициалдандыру және қайта iске қосу
     
     43. Коммутациялық станция авариялық тоқтаған және одан кейiнгi 
рестарт кезiнде бақылаудағы объектi туралы деректер қалпына келтiрiлмеуi, 
БП-нен СЖ-на қайта берiлуi тиiс.
     44. Коммутациялық станцияны қайта іске қосқан жағдайда, ол туралы 
БП-не хабар берiлуi қамтамасыз етiлуi тиiс.
     45. Коммутациялық станцияны қайта iске қосудың технологиялық режимi 
Жүйенiң құралдарын қайта iске қосу рәсiмiн қамтуы тиiс. Жүйенi станцияның 
жұмыс iстеуi фонында БП-нен команда бойынша қайта iске қосудың мүмкiндiгi
қамтамасыз етілуi тиiс.
     
     12. СЖ мен БП-нiң арасындағы ақпарат алмасу арналарына
                 қойылатын талаптар
     
     46. СЖ мен БП-нің арасындағы сандық ақпарат алмасудың хаттамасы
ХЭО-Т ұсынымына сәйкес келуi тиiс.


      47. СЖ мен БП-нiң арасындағы байланыс деректердi беру арнасы бойынша (басқару ақпараты мен бақыланатын қосылулардың жәй-күйi туралы ақпаратты беруге арналған) және бақыланатын абоненттердiң сөйлесу трактілерiнде берiлетiн ақпаратты беруге арналған бақылау желiлерi (арналары) бойынша жүзеге асырылуы тиiс.
      48. СЖ-нан БП бағытына барлық бір мезгілде бақыланатын абоненттердің қосылымдары туралы ақпарат, БП-нен СЖ бағытына - басқарулық және қызметтік ақпараттар берілуі тиіс.
      49. СЖ мен БП-нің арасындағы байланысты ұйымдастырудың екі нұсқасы қамтамасыз етілуі тиіс.
      1) бірінші нұсқа жағдайында СЖ-нан БП-не бақыланатын абоненттердің сөйлесу трактілерінде берілетін ақпаратты СЖ-нан БП-не беру 16 км дейін қашықтыққа симметриялы екі сымды физикалық желілер бойынша баламды түрде жүзеге асырылады. СЖ мен БП-нің арасында сандық басқару ақпаратты және

бақыланатын қосылымдарының жәй-күйі туралы ақпаратты алмасу үшін 
деректерді беру арнасы ұйымдастырылуы тиіс.
     2) байланыстың екінші нұсқа жағдайында СЖ мен БП арасындағы байланыс 
сөздің және басқару ақпараты жалғаушы желілер бойынша сандық түрде берілуі 
тиіс.
     50. Сандық ақпарат алмасу тұтынушыдағы барынша жол берілетін 
жылдамдықпен жүзеге асырылуы тиіс.
     51. Деректерді беру арнасы байланыс желісіндегі биталар бойынша 
             -3
қателердің 10   аспайтын коэффициенті мен белгі/шудың +12 дБ ара қатынасы 
                                        -5
жағдайында биталар бойынша қателердің 10   аспайтын коэффициентін 
қамтамасыз етуі тиіс.
     52. Ақпараттың жоғалуын болдырмау үшін үзіліс немесе жұмыстағы тоқтап 
қалу жағдайында деректерді беру арналарын автоматты резервтендіру 
ұйымдастырылуы қажет.
     53. СЖ және БП-нің арасындағы ақпараттар алмасу арналарының 
ақаусыздығын техникалық бақылау ұйымдастырылуы тиіс. БП мен коммутациялық 
станциялардың арасында ақпараттар алмасу арналарының аппаратуралары мен 
кабель бүлінген жағдайда БП-не деректер беру тоқтатылуы және станцияның 
техникалық қызметшілеріне бүлінгені туралы хабар берілуі тиіс.
     
     13. Санкцияландырылмаған енуден қорғау жөніндегі талаптар
     
     54. Жүйенің аппараттық және бағдарламалық бөліктеріне, сондай-ақ СЖ 
мен БП-нің өзара іс-қимылы ақпаратына санкцияландырылмаған енудің 
мүмкіндіктері жойылуы тиіс.
     55. СЖ-ның БП-мен жұмыс істеуі және өзара іс-қимылы процесіне 
санкцияландырылмаған араласудың мүмкіндіктері жойылуы тиіс.
     56. БП-не коммутациялық станцияда СЖ-ның жұмыс істеуіне немесе СЖ мен 
БП-нің арасындағы деректер беру арнасы бойынша ақпараттар алмасу процесіне 
санкцияландырылмаған ену немесе араласу әрекеттері туралы хабар жіберілуі 
тиіс.
     57. СЖ-нің БП-мен өзара іс-қимылы туралы ақпаратты тіркеудің 
мүмкіндігі болдырылмауы қажет.
     
     14. Құжаттамаға қойылатын талаптар
     
     58. Коммутациялық жабдыққа қойылатын техникалық шарттар Жүйенің 
жабдығына қатысты бөлімді қамтуы тиіс. Аталған бөлім техникалық шарттардың 
негізін мәтінінен бөлек шығарылуы тиіс.
     59. Жүйенің жабдығына арналған техникалық жағдай техникалық 
сипаттаманы, бағдарламалық қамтамасыз етудің сипаттамасын, пайдалану және 
жөндеу жөніндегі шарттар мен нұсқаулықтарды, тестілік сынау және 
қабылдаудың шарттарын, кепілдемелік міндеттемелерді қамтуы тиіс.
     
     15. Запас мүліктер мен керек-жарақтарға қойылатын талаптар
     
     60. Запас мүліктерде бұзылған элементтерді ауыстыру арқылы, Жүйе 
жабдығының жұмыс істеу қабілетін тез қалпына келтіруге мүмкіндік беретін, 
функционалдық - аяқталған элементтер мен қажетті құралдардың жиынтығы 
болуы тиіс.
     61. Запас мүліктерге қажет болған жағдайда Жүйені бағдарламалық 
қамтамасыз етуді қайта орнатуды жүргізуге мүмкіндік беретін 
инсталляциондық дискеттердің (дискілердің) жиынтығы кіруі тиіс.
     
     16. Қауіпсіздік жөніндегі талаптар
     
     62. Жүйенің жабдығы қызмет көрсетуші қызметшілердің электрлік 
қауіпсіздігі, өртке қарсы қауіпсіздікке және санитарияға қойылатын 
талаптарға сәйкес келуі тиіс.
     
     
     
     
  Оқығандар:
  Қобдалиева Н.М.
  Орынбекова Д.К.