Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 наурыздағы N 215 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 9 желтоқсан N 1886. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.03.21. N 288 қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 1999-2003 жылдар кезеңіне арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 наурыздағы N 215 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 8, 60-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
     көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
     Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына:    
Мыңбаев Сауат       - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Мұхаметбайұлы         министрі, төраға болып

Исмайылов Шахмұрат  - Қазақстан Республикасының Туберкулез
Шайымұлы              проблемасы ұлттық орталығы туберкулез
                       ғылыми-зерттеу институтының директоры
енгізілсін;

      Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов, Амангелді Әбдірахманұлы Жангереев көрсетілген құрамнан шығарылсын;

"Нұрқиянов Төлеухан - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Мұратханұлы           бірінші вице-министрі - Қазақстан
                       Республикасы Мал дәрігерлік қадағалау
                       комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары

Тұрсынқұлов         - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Шахайдар              министрлігінің Мал дәрігерлік қадағалау
Жорабекұлы            комитеті төрағасының орынбасары, төрағаның
                       орынбасары

Дүрімбетов Еркін    - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау,
Ермекұлы              білім және спорт министрлігінің Денсаулық
                       сақтау комитеті төрағасының орынбасары

Иванов Николай      - Қазақ мал дәрігерлігі ғылыми-зерттеу
Петрович              институты ауыл шаруашылығы жануарларының
                       бруцеллезін зерттеу жөніндегі
                       лабораториясының меңгерушісі"

     деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Нұрқиянов Төлеухан - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Мұратханұлы           вице-министрі, төрағаның орынбасары

Тұрсынқұлов         - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Шахайдар              министрлігі Мал дәрігерлік қадағалау
Жорабекұлы            департаментінің директоры, төрағаның
                       орынбасары

Дүрімбетов Еркін    - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Ермекұлы              істері жөніндегі агенттігінің төрағасы
                       орынбасарының міндетін атқарушы

Иванов Николай      - Қазақ мал дәрігерлігі ғылыми-зерттеу
Петрович              институты ауыл шаруашылығы жануарларының
                       бруцеллезін зерттеу жөніндегі
                       лабораториясының бас ғылыми қызметкері"

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі