Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 наурыздағы N 215 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 9 желтоқсан N 1886

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 1999-2003 жылдар кезеңіне арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 наурыздағы N 215 P990215_ қаулысына

(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 8, 60-құжат) мынадай 
өзгерістер енгізілсін:
     көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
     Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ауыл шаруашылығы 
жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын 
алу және оларға қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына:
     
     Мыңбаев Сауат       - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
     Мұхаметбайұлы         министрі, төраға болып
     
     Исмайылов Шахмұрат  - Қазақстан Республикасының Туберкулез
     Шайымұлы              проблемасы ұлттық орталығы туберкулез
                           ғылыми-зерттеу институтының директоры
     
енгізілсін;
     Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов, Амангелді Әбдірахманұлы Жангереев 
көрсетілген құрамнан шығарылсын;
     "Нұрқиянов Төлеухан - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
     Мұратханұлы           бірінші вице-министрі - Қазақстан Республикасы
                           Мал дәрігерлік қадағалау комитетінің
                           төрағасы, төрағаның орынбасары
     
     Тұрсынқұлов         - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
     Шахайдар              министрлігінің Мал дәрігерлік қадағалау комитеті
     Жорабекұлы            төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары
     
     
     Дүрімбетов Еркін    - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау,
     Ермекұлы              білім және спорт министрлігінің Денсаулық
                           сақтау комитеті төрағасының орынбасары
     
     Иванов Николай      - Қазақ мал дәрігерлігі ғылыми-зерттеу
     Петрович              институты ауыл шаруашылығы жануарларының 
                           бруцеллезін зерттеу жөніндегі лабораториясының
                           меңгерушісі"
     
     деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
 
     "Нұрқиянов Төлеухан - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
     Мұратханұлы           вице-министрі, төрағаның орынбасары
     
     Тұрсынқұлов         - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
     Шахайдар              министрлігі Мал дәрігерлік қадағалау 
     Жорабекұлы            департаментінің директоры, төрағаның            
                           орынбасары
     
     
     Дүрімбетов Еркін    - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
     Ермекұлы              істері жөніндегі агенттігінің төрағасы
                           орынбасарының міндетін атқарушы
     
     Иванов Николай      - Қазақ мал дәрігерлігі ғылыми-зерттеу
     Петрович              институты ауыл шаруашылығы жануарларының 
                           бруцеллезін зерттеу жөніндегі лабораториясының
                           бас ғылыми қызметкері"     
     
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
     
                 
     Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.