Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдары штат санының лимиттерін өзгерту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 қараша N 1815

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың штат санының лимитін қысқарту есебінен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі штат санының лимиті 15 бірлікке арттырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2000 жылға арналған республикалық бюджетте осы қаулының 1-тармағына сәйкес қысқартылатын мемлекеттік органдардың штат санының лимитін ұстауға көзделген қаражатты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне беруді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай

өзгерістер енгізілсін:
     1) "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері" 
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы N 592 
 

P990592_

  қаулысына:
     3-тармақтың екінші абзацындағы "237" деген сан "252" деген санмен 
ауыстырылсын;
     2) 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.09. 
              N 214 қаулысымен.  

P010214_

 
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
                                        Қазақстан Республикасы
                                           Үкіметінің
                                     1999 жылғы 30 қарашадағы
                                         N 1815 қаулысына
                                           2-қосымша
     
                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкіметінің
                                     1999 жылғы 21 қыркүйектегі
                                         N 1433 қаулысымен
                                            бекітілген
     
     1999 жылдың 31 желтоқсанына дейін жұмыс істейтін
         министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар
          қызметкерлерінің штат санының лимиттері
     _________________________________________________________________
      N                Атауы                    штат санының лимиті
     _________________________________________________________________
      1                  2                             3
     _________________________________________________________________
     4 !  !Қазақстан Республикасының Әділет             281
          !министрлігі
          !оның ішінде:
        1) Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитет      30
        2) Тіркеу қызметі комитеті                      30
        3) Авторлық құқықтар жөніндегі комитет          20
     
     
     
                                       Қазақстан Республикасы
                                           Үкіметінің
                                     1999 жылғы 30 қарашадағы
                                         N 1815 қаулысына
                                           3-қосымша
     
                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкіметінің
                                       1999 жылғы 21 қыркүйектегі
                                           N 1433 қаулысымен
                                              3-қосымша
     
       2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін
         министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар
          қызметкерлерінің штат санының лимиттері
     _________________________________________________________________
      N                Атауы                    штат санының лимиті
     _________________________________________________________________
      1                  2                             3
     _________________________________________________________________
     4 !  !Қазақстан Республикасының Әділет             287
          !министрлігі
          !оның ішінде:
        1) Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитет      30
        2) Тіркеу қызметі комитеті                      30
        3) Авторлық құқықтар жөніндегі комитет          20
     
     
    Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.