"Республикалық телекоммуникациялық трафиктің биллингі орталығы (ТТБ - Орталық)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 25 қараша N 1787

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 

      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің жанынан шаруашылық жүргізу құқығындағы "Халықаралық телекоммуникациялық трафиктің биллингі орталығы (ТТБ - Орталық)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын. 

      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып айқындалсын. 

      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы: 
      1) заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторлары ұсынатын халықаралық байланыстың (трафиктің) есебін жүргізуге жәрдем көрсету; 
      2) заңдарда белгіленген тәртіппен салық органдарын салықтарды есептеу үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету болып белгіленсін. 

      4. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен: 
      1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оны әділет ұйымдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 
      2) 2000 жылдың 1 қаңтарына дейін байланыс операторларының тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ететін есеп жүйесін қолдануға енгізуді қамтамасыз етсін; 
      3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын. 

      5. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп белгіленген тәртіппен үш күн мерзімде 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға көзделген қаражаттың есебінен Кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін қажетті қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізсін. 

      6. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі туралы ережеге, оған халықаралық байланыстың (трафиктің) есебін жүргізу жөніндегі міндеттер мен функцияларды беруді көздейтін толықтыру енгізу жөнінде ұсыныс енгізсін. 

      7. <*>
       ЕСКЕРТУ. 7-тармағының күші жойылды - Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2004.09.29. N 998   қаулысымен

      8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі мен Көлік және коммуникациялар министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бюджетке, алыс байланыс қызметтерін көрсетуге арналған, міндетті төлем енгізу туралы ұсыныс енгізсін. 

      9. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы аумағының шегінде Интернет үлгісіндегі кең ауқымды желілердің атаулы кеңістігінің есебін жүргізуді және бөлуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) Интернет үлгісіндегі халықаралық регистрлерде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдірсін.

      10. Осы қаулы 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін 7-тармақты қоспағанда, жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі