Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi aгенттігінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1713 қаулысы.

Жаңартылған

      Ескерту. Атауындағы және мәтіндегi сөздер алмастырылды - ҚР
               Үкіметінің 2002.09.16. N 1010 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттігі туралы ереже;
      2) <*>
      Ескерту. 2-тармақша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.09.16. N 1010 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігіне Төрағаның үш орынбасары, оның ішінде бір бірінші, болуға рұқсат етілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) жүйесінде қосымшаға сәйкес Агенттіктің аумақтық органдарының бекітілген штат саны лимитінің шегінде мемлекеттік мекемелер құрылсын.
      4. Агенттік заңда белгіленген тәртіппен бір айлық мерзім ішінде:
      1) құрылған мемлекеттік мекемелердің құрылтай құжаттарын бекітсін және оларды әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
      5. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен оның аумақтық

 органдары осы қаулыға сәйкес құрылатын мемлекеттік мекемелерді тіркеуге жәрдем көрсететін болсын.
      6. <*>
      Ескерту. 6-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.09.16. N 1010 қаулысымен.
      7. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

 Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 1999 жылғы
15 қарашадағы   
N 1713 қаулысымен 
бекiтiлген    

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және
бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттігі туралы
Ереже

      1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттігі (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн, табиғи монополия субъектiлерiнiң және белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметiн реттеу, баға белгiлеу, бәсекелестiктi, тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды дамыту, тарифтiк саясат саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға уәкiлеттi орталық атқарушы орган болып табылады.
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.10. N 937 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.08.05. N 869 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.16. N 1010 қаулысымен.
      2. Агенттiк өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Агенттiк заңды тұлға - мемлекеттiк орган болып табылады, банкте шоттары, өзiнiң атауы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылған бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi болады.
      Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Агенттiктiң, егер оған заңға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Агенттiк өзiнiң мемлекеттiк өкiлеттігiнiң шеңберiнде, заңдарда белгiленген тәртiппен, бұйрықтар түрiнде Қазақстан Республикасының барлық аумағына мiндеттi күшi болатын актiлер шығарады.
      5. Агенттiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
      6. Агенттiктiң заңды мекен-жайы:
      473000, Астана қаласы, Әуезов көшесi, 36.
      Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.16. N 1010 қаулысымен.
      7. Республикалық мемлекеттік органның толық атауы Қазақстан

 Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттігі.
     Агенттiктi құру туралы актi мен осы Ереже оның құрылтай құжаттары болып табылады.
     8. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
     Агенттiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
     Егер Агенттiкке заң актiлерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтердi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер, белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi,
функциялары және құқықтары

     9. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi:
     1) табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу;
     2) монополиялық қызметтiң, рынокта үстем жағдайын терiс пайдаланудың алдын алу және оған жол бермеу, терiс пиғылды бәсекелестiктiң алдын алу және жолын кесу жөнiнде шаралар қабылдау;
      3) тауар өндiру саласында бәсекелестiктi дамытуға мемлекеттiк қолдау және жәрдем көрсету;
      4) мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк кәсiпорындардың ақылы қызмет көрсетуiнiң тәртiбiн бақылау;
      5) өз қызметiн мемлекеттiк монополияға жатқызылған салада жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн бақылау;
      6) <*>
      7) бәсекелестікті дамытуға, тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеуге, тарифтiк саясат және табиғи монополия субъектiлерi мен белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметтер көрсетуiне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгiлеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүйеге асыруға бағытталған орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың iс-қимылын үйлестіру;
      8) кәсiпкерлiктiң құқықтарын қорғауға бағытталған заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      9) тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеу әрi тарифтiк саясат және табиғи монополия субъектiлерi мен белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң қызметтер көрсетуiне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгiлеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыру.
      Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.10. N 937
               қаулысымен.
      Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.05. N 869
               қаулысымен.
      Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.16. N 1010
               қаулысымен.
      10. Агенттiк заңдарда белгiленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттiк регистрiн, Рынокта белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мемлекеттiк тiзілiмiн, Мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң мемлекеттiк регистрiн қалыптастыру және жүргiзу;
      2) субъектiлердiң - табиғи монополияшылардың өнiмiне бағалар (тарифтер) немесе олардың шектi деңгейiн белгiлеу, сондай-ақ заңдарда белгіленген жағдайларда мемлекеттiк органдардың қызмет көрсетулерiне арналған бағаларды реттеу;
      2-1) уақытша төмендету коэффициентiн белгiлеу;
      2-2) табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтiк сметасын бекiту;
      2-3) табиғи монополия саласында тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) белгiлеудiң кемсiтпеушiлiк әдiстерiн әзiрлеу, бекiту және қолдану;
      2-4) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын қолдану тәжiрибесiн қорыту, осы негiзде әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлейдi;
      3) табиғи монополия субъектiлерiнiң шығындарын қалыптастырудың әдiстерi мен рәсiмдерiн әзiрлеу және енгiзу олардың iс жүзiндегi шығыстарын бақылауды жүзеге асыру;
      4) мемлекеттiк ұйымдар монополиялық түрде жүзеге асыратын қызмет көрсетулерге бағалар белгiлеудiң есебi мен тәртiптерiнің методологиясын әзiрлеу;
      5) <*>
      6) <*>
      7) табиғи монополиялардың, тауар рыногының жұмыс iстеуiне, бәсекелестiктi дамыту, баға белгiлеу, тұрғын үй-коммуналдық сала мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерiне қатысы бар заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актілер жобаларына сараптама жасауды жүзеге асыру;
      8) рынок пен ондағы бәсекелестiктiң жай-күйi туралы баяндамалар, монополияға қарсы заңдар мен оларды қолданудың тәжiрибесiн жетілдiру туралы ұсыныстар дайындау және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне, Қазақстан Республикасының Үкiметiне жолдау;
      9) өзiнiң құзыретiне жататын мәселелер жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзу;
      10) монополияға қарсы заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      11) <*>
      12) <*>
      13) <*>
      14) өзiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың қызметiне тексерулер жүргiзу;
      15) табиғи монополия субъектiлерiн қайта ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      16) тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие, бәсекенi шектейтiн және монополистiк қызметтi жүзеге асыратын рынок субъектілерiн анықтау мақсатында талдау жүргiзу;
      17) тауар және қаржы рыноктарында бәсекелестiктi дамыту жөнiндегi шараларды әзiрлеу және iске асыру;
      18) шет елдердiң мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылдар мен ынтымақтастықты ұйымдастыру, сондай-ақ Агенттiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша халықаралық жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу.
      19) рынок субъектілерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актілердi өз құзыретiнiң аясында әзiрлеу және бекiту;
      20) өз құзыретi шегiнде монополияға қарсы заңдарды бұзушылық туралы істердi қарау және олар бойынша шешiм қабылдау;
     21) <*>
     22) <*>
     23) <*>
     24) <*>
     25) <*>
     26) <*>
     27) <*>
     28) <*>
     29) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi бойынша акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;
     29-1) мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердiң ақылы қызметтер көрсетуi тәртiбiн бекiту;
      30) өзiне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.10. N 937
               қаулысымен.
      Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.16. N 1010
               қаулысымен.
      Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.04. N 527
               қаулысымен.
      11. Агенттiктiң өз құзыретiнiң шегiнде мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен:
      1) табиғи монополия субъектiлерiнiң тауарларына (жұмыстарына, қызмет көрсетулерiне) мемлекеттiк органдар болып табылатын мемлекеттiк мекемелердiң көрсететiн қызметтерiне тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) бекiтуге; <*>
      2) табиғи монополия субъектiлерiнiң Мемлекеттiк тiзiлiмiнiң жергiлiктi бөлiмдерiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) өзгертуге берiлген өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзуге; <*>
      3) табиғи монополия субъектiсi өткiзетiн сатып алуға бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға; <*>
      3-1) табиғи монополия субъектiлерiнiң материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтердi сатып алуын жүргiзу тәртiбiн белгiлеуге;
      3-2) табиғи монополия субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген жағдайларда, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызмет көрсетулерiне тұтынушылармен шарттар жасасу туралы, жасалған шарттарға өзгерiстер енгiзу туралы орындалуы мiндетті нұсқамаларды енгізуге;
      3-3) табиғи монополиялар субъектiлерi тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарды әзiрлеуге және оларды Қазақстан Республикасының Yкiметiне бекiтуге ұсынуға;
      3-4) табиғи монополия субъектiлерiнiң қызмет көрсетулерiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) өзгертуге бастамашылық жасауға;
      3-5) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметаны орындауын бақылауды жүзеге асыруға;
      3-6) табиғи монополия субъектiсiнiң қызмет көрсетулерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) қолданылу мерзiмiн кем дегенде алты айға белгiлеуге;
      4) өз құзыретiнiң шегiнде орындау үшін мiндеттi шешiмдер беруге және нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
      4-1) табиғи монополия саласында тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) белгiлеу жөнiндегi нұсқаулықты белгiленген тәртiппен әзiрлеуге және бекiтуге; <*>
      5) рынокта үстем (монополиялық) жағдайдың болуын анықтауға;
      6) өз құзыретiнiң шегiнде тексерулер жүргiзуге және жолсыздықтар туралы iстердi қарауға және кінәлiлердi әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға;
      7) жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларынан Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
      8) монополияға қарсы заңнаманы бұзудың нәтижесiнде алынған кiрiстi бюджетке аудару туралы, сондай-ақ тiкелей немесе бағалар мен тарифтердi уақытша төмендету арқылы залалды (немесе) шығынды өтеу туралы шешiм қабылдауға; <*>
      9) уақытша өтеушi бағалар мен тарифтер белгiлеу жолымен тұтынушыларға табиғи монополияның субъектiсi бағалар мен тарифтердi заңсыз көтерумен келтiрген шығындарды өтеу туралы шешiм қабылдауға; <*>
      10) бәсекенi дамытуға, монополияға қарсы органның нұсқамаларын орындауға кедергi келтiретiн және заң актiлерiнде көзделген өзге де тәртiп бұзушылықтар үшiн рынок субъектiлерi мен олардың басшыларына, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарына айыппұл салу туралы шешiмдер қабылдауға;
      11) мемлекеттiк органдарға, олардың лауазымды адамдарына, рынок субъектілерiне тиiстi тауар рыногында үлесi отыз бес пайыздан асатын не тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiне, олардың басшыларына орындау үшiн мiндеттi нұсқамалар беруге;
      12) Агенттiктiң мәжілiстерiнде мемлекеттiк органдардың, тиiстi тауар рыногында үлесi отыз бес пайыздан асатын не тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң лауазымды адамдарын тыңдауға;
      13) Агенттiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ресми түсiндiрулер беруге;
      14) Агенттік қызметтерiнiң барлық бағыттары бойынша, оның ішінде тексерулер жүргiзуге көмек көрсету үшін ғалымдар мен мамандардың, Агенттік, Қазақстан Республикасының басқа да орталық атқарушы органдары мен ведомстволары, қоғамдық ұйымдар, халықаралық ұйымдар қызметкерлерiнен сараптамалық кеңестер құруға;
      15) тексерістер мен сараптамалар өткізуге басқа да ұйымдардан мамандар тартуға;
      16) мемлекеттiк баға тәртiбiнiң, монополияға қарсы заңдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңдардың бұзылуын жою мақсатында сотқа талап-арыз беруге, оларды қарауға қатысуға;
      17) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң тапсыруы бойынша халықаралық, шарттар мен келiсiмдерге қол қоюға;
      18) өзiнiң өкiлеттіктерi мен функцияларының бiр бөлiгiн аумақтық органдарға беруге;
      19) егер тиiстi тауар рыногында үлесi отыз бес пайыздан асатын шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң пайда болуына жеткiзетiн болса, сондай-ақ тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiн қайта ұйымдастыруға, таратуға әкеп соғатын болса, рынок субъектiлерiн құруға қорытынды беруге;
      20) мемлекеттiк органдарға монополияға қарсы заңдарды бұзатын олар қабылдаған актiлердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгiзуге;
      21) заңдарға қайшы келетiн материалдар мен нормативтiк құқықтық актілердi прокуратура органдарына жiберуге;
      22) тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң тауарларына (жұмыстарына, қызмет көрсетулерiне) бағаларды мемлекеттiк реттеудi енгiзу туралы шешiм қабылдауға;
      23) рынок субъектілерінің жарғылық капиталындағы акцияларды (үлестерді, пайларды) сатып алу кезінде және өзге де жағдайларды монополияға қарсы заңдардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
      23-1) табиғи монополия субъектiсiнiң акцияларды (үлестердi) сатып алуын, сондай-ақ оған табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының Заңымен рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асырушы коммерциялық ұйымдарға оның өзге де нысандармен қатысуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға;
      23-2) табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi құралдарына жататын мүлiктi иелiктен шығаруға және онымен өзге мәмiлелер жасасуға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға;
      23-3) табиғи монополия субъектiсiнiң тасымалданатын немесе оларға берiлетiн тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өз тұтынуы үшiн емес сатып алуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға;
      23-4) табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi қызметке технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия саласына жататын өзге қызметті жүзеге асыруын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасымен белгiленген қызметтi жүзеге асыруын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға;
      24) заңдармен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
      Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.10. N 937  қаулысымен.
      Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.04. N 527
қаулысымен.

      11-1. Агенттiк заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) табиғи монополия субъектiсi тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) заңсыз көтеру және (немесе) тарифке (бағаға, алым ставкасына) нақты орындалмаған жұмыстардың құнын қосу арқылы келтiрген залалдарды тұтынушыларға өтеу үшiн уақытша өтемдiк тариф бекiту туралы шешiм қабылдауға;
      2) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiтуге немесе өзгертуге берген өтiнiмiн қарауға қабылдаудан бас тартуды жазбаша негiздеуге;
      3) табиғи монополия субъектiлерiнің Мемлекеттiк тiзiлiмiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) бекiтуге немесе өзгертуге берген өтiнiмдерiн қарау кезiнде тұтынушылардың немесе табиғи монополия субъектiсiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша жария тыңдаулар өткiзудiң қажеттiгiн айқындауға;
      4) тұтынушыларды табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мәселелерi бойынша, коммерциялық және өзге заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi қамтитындардан басқа, қабылданған шешімдермен таныстыруға;
      5) табиғи монополия субъектiлерiнiң Мемлекеттiк тiзiлiмiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) өзгертуге берген өтiнiмдерiн қарау кезінде жария тыңдаулар өткiзуге;
      6) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын, уақытша төмендету коэффициентiн ұсыну тәртiбiн айқындауға мiндеттi.
      Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.06.04. N 527 қаулысымен.

      3. Агенттiктiң мүлкi

     12. Агенттiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
     Агенттiктiң мүлкi өзіне мемлекет берген мүлiктiң есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны Агенттiктiң балансында көрсетілетін өзге де мүлiктен тұрады.
     13. Агенттiкке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншікке жатады.
     14. Агенттiктiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
     Агенттiкке заңдарда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

4. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру

      15. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
      16. Агенттiктiң төрағасы Агенттіктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады және Агенттiкке жүктелген міндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
      17. Агенттiктiң төрағасы осы мақсатта:
      1) бұйрықтарға қол қояды;
      2) өзiнiң орынбасарлары мен Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн белгiлейдi;
      3) заңдарға сәйкес Агенттiктiң орталық аппаратының қызметкерлерi мен аумақтық органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат санының лимитi мен бөлінетін қаражаттың шегiнде оларды ұстауға арналған шығыстар сметасының шегінде орталық аппарат пен аумақтық органдардың штат кестесін, құрылымын бекітеді;
      5) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді;
      6) Агенттiктiң орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi;
      7) заңдарда белгiленген тәртiппен Агенттіктің қызметкерлерiне тәртiптiк жазалар қолданады;
      8) Сараптық кеңестердiң жеке құрамын бекітедi;
      9) Агенттiктiң құзыретiне кiретiн басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
      18. Агенттік төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады, алқаның шешімі қаулылар нысанында шығарылады.
      Алқаның сандық және жеке құрамын Агенттіктің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының арасынан Агенттiктiң төрағасы бекiтедi.
      Ескерту. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.16. N 1010
               қаулысымен.
      19. Қазақстан Республикасының Әкiмшілiк тәртіп бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес монополияға қарсы заңдардың бұзылуы туралы істерді қарау үшін Агенттікте және оның аумақтық органдарында Әкімшілік комиссиясы құрылады.
      Агенттік Әкімшілік комиссиясының жеке құрамын Агенттіктің төрағасы және аумақтық органның басшысы бекітеді.
      20. Агенттіктің облыстар мен Астана, Алматы қалалары бойынша заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөнiндегi агенттігінің департаменттерi болады.
      Ескерту. 20-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.16. N 1010
               қаулысымен.

5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
15 қарашадағы  
N 1713 қаулысымен
бекітілген   

 Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттігінің қарауындағы
ұйымдардың Тізбесі

      "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамы

 Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1999 жылғы
15  қарашадағы  
N 1713 қаулысына 
қосымша      

 Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және
бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттігінің мемлекеттiк
мекемелерi-аумақтық органдарының
Тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментi.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті.
      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментi.
      5. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментi.
      6. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментi.
      7. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      8. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Қарағанды облысы бойынша департаментi.
      9. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Қостанай облысы бойынша департаментi.
      10. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Қызылорда облысы бойынша департаментi.
      11. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Маңғыстау облысы бойынша департаментi.
      12. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Павлодар облысы бойынша департаментi.
      13. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi.
      14. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi.
      15. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Астана қаласы бойынша департаментi.
      16. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Алматы қаласы бойынша департаменті.

 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
15 қарашадағы  
                                                  N 1713 қаулысымен                                      бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
Тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 наурыздағы N 326  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 11, 99-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі N 475 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 14, 151-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093 қаулысымен  (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 40, 343-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 16-тармағы.
      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1301 қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 8 және 16-тармақтары.