Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 7 қазан N 1538

Қолданыстағы

     "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының 
Заңына  

Z980326_

  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры 
туралы ереже бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
                                     Қазақстан Республикасы
                                         Yкiметiнiң
                                    1999 жылғы 7 қазандағы
                                       N 1538 қаулысымен
                                           бекiтiлген
     
           Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағат
                     қоры туралы
                         ЕРЕЖЕ
     
                    1. Жалпы ережелер
     


      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi.
      2. Ереже құжаттарды қалыптастыру, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының (бұдан әрi - Қор) құрамына жатқызудың тәртiбi, Қордың құжаттарын есепке алудың және оларды сақтауды ұйымдастырудың тәртiбi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
      3. Қор - ерекше тарихи, ғылыми, әлеуметтiк, экономикалық, саяси немесе мәдени маңызы бар, Заңда белгiленген тәртiппен ұлттық құндылық деп танылған барлық мұрағаттық қорлар мен коллекциялардың, деректi ескерткiштердiң, құжаттардың жиынтығы.
      4. Қор мемлекеттiк және жеке меншiктегi құжаттардан тұрады.
      Қордың құрамы, Қордың құжаттарына иелiк ету мен пайдаланудың, Қордың құжаттарына кепiлдiк пен меншiк құқықтарын қорғаудың тәртiбi Заңмен айқындалады.

             Құжаттарды Қордың құрамына жатқызудың тәртiбi

      5. Мемлекеттiк және жеке меншiктегi құжаттарды Қордың құрамына жатқызуды осы Ережеде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару органы мен жергiлiктi уәкiлеттi органдар (бұдан әрi - Уәкiлеттi органдар) жүзеге асырады.
      6. Құжатты Қордың құрамына жатқызу Уәкiлеттi органдар құратын мемлекеттiк сараптамалық-тексеру комиссиялары жүргiзетiн мемлекеттiк сараптаманың негiзiнде жүргiзiледi.
      7. Мемлекеттiк сараптамалық-тексеру комиссиялары туралы ереженi Уәкiлеттi органдар бекiтедi.
      Жергiлiктi Уәкiлеттi органдар бекiтетiн Мемлекеттiк сараптамалық-тексеру комиссиялары туралы ереже Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару органы бекiтетiн Мемлекеттiк сараптамалық-тексеру комиссиялары туралы ережеге сәйкес болуы тиiс.
      8. Оның негiзiнде құжаттың ерекше тарихи, ғылыми, әлеуметтiк, экономикалық, саяси немесе мәдени маңызы айқындалатын өлшемдердi Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару органы белгiлейдi.
      9. Құжаттың құндылығын сараптаудың нәтижелерi Уәкiлетті органдардың тиiстi шешiмдерiмен ресiмдеуге жатады.
      10. Құжаттың құндылығына мемлекеттiк сараптаманың оң нәтижесi жағдайында Уәкiлеттi органдар құжатты Қордың құрамына жатқызу жөнiнде заңдарда көзделген шаралар қабылдайды.
      11. Құжаттың құндылығына мемлекеттiк сараптаманың керi нәтижесi жағдайында Уәкiлеттi органдар оны Қордың құрамына енгiзуден бас тарту туралы тиiстi шешiм қабылдайды.
      12. Жергiлiктi уәкiлеттi органдар құрған мемлекеттiк сараптамалық-тексеру комиссиялары бекiтетiн құжаттың құндылығының мемлекеттiк сараптамасының нәтижелерiне Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару органы құрған мемлекеттiк сараптамалық-тексеру комиссиясына шағым жасалуы мүмкiн.
      13. Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару органы құрған мемлекеттiк сараптамалық-құқықтық комиссия бекiткен құжаттың құндылығына мемлекеттiк сараптаманың нәтижелерi түпкiлiктi болып табылады.

            3. Құжаттарды Қордың құрамынан шығарудың тәртiбi

      14. Мемлекеттiк және жеке меншiктегi құжаттарды Қордың құрамынан шығаруды құжаттың құндылығына мемлекеттiк сараптаманың негiзiнде Уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      15. Егер құжат ерекше тарихи, ғылыми, әлеуметтiк, экономикалық, саяси немесе мәдени маңызын жоғалтса құжатты Қордың құрамынан шығару мiндеттi болып табылады.
      16. Қордың құрамынан шығаруға ұсынылған құжаттың құндылығына мемлекеттiк сараптаманың нәтижелерi Уәкiлеттi органдардың тиiстi шешiмдерiмен ресiмдеуге жатады.
      17. Уәкiлеттi органдар құжаттың құндылығына мемлекеттiк сараптаманың оң нәтижесi жағдайында Уәкiлеттi органдар құжатты Қордың құрамынан шығару жөнiнде заңдарда көзделген шараларды қабылдайды.
      18. Құжаттың құндылығына мемлекеттiк сараптаманың кері нәтижесi жағдайында Уәкiлеттi органдар Қордың құрамынан шығарудан бас тарту туралы тиiстi шешiм қабылдайды.
      19. Жергiлiктi уәкiлеттi органдар құрған мемлекеттiк сараптамалық-тексеру комиссиялары бекiткен құжаттың құндылығына мемлекеттiк сараптаманың нәтижелерiне Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару органы құрған мемлекеттiк сараптамалық-тексеру комиссиясына шағым жасалуы мүмкiн.
      20. Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару органы құрған мемлекеттiк сараптамалық-құқықтық комиссия бекiткен құжаттың құндылығына мемлекеттік сараптаманың нәтижелерi түпкiлiктi болып табылады.

            4. Қордың құжаттарын есепке алудың және
                сақтауды ұйымдастырудың тәртiбi

      21. Қордың құжаттары олардың меншiк нысандарына қарамастан орталықтандырылған мемлекеттiк есепке алуға жатады.
      22. Қордың құжаттарын мемлекеттiк есепке алуды Қазақстан

Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару 
органы мен жергiлiктi уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
     23. Қордың құжаттарының мемлекеттiк және ведомстволық мұрағаттарда 
сақталуының тәртiбi мен мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының уәкiлеттi 
мемлекеттiк мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару органы белгiлейдi.
     24. Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк мұрағаттар мен 
құжаттамаларды басқару органының Заңда белгiленген өз құзыретiнiң шегiнде 
қабылданған шешiмi мемлекеттiк органдардың, заңды және жеке тұлғалардың
атқаруы үшiн мiндеттi болып табылады.
     
     
     
   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.М.
  Орынбекова Д.К.