Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 наурыздағы N 264 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 қыркүйек N 1495

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын тұрақты дамыту үшін қоршаған ортаны жақсарту" шатырлық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 наурыздағы N 264 P990264_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 9, 76-құжат) мынадай

толықтыру енгізілсін:
     көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Ақмола, 
Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын тұрақты
дамыту үшін қоршаған ортаны жақсарту" шатырлық жобасын дайындау және 
басқару жөніндегі ведомствоаралық кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
     
     "Сәрсембеков Төлеген     - Қазақстан Республикасының Ауыл
     Тәжібайұлы                 шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
                                жөніндегі комитетінің төрағасы,
                                төрағаның орынбасары болып
     
     Сембаев Ерболат          - Қазақстан Республикасының Сыртқы
     Нәсенұлы                   істер министрлігі халықаралық
                                ұйымдар басқармасының кеңесшісі
     
     Данбаев Бақытнасыр       - Қазақстан Республикасы Ауыл
     Зекенұлы                   шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары
                                жөніндегі комитеті Нұра-Сарысу
                                бассейндік су шаруашылығы
                                басқармасының бастығы
     
     Әшенов Ғазиз Әбуұлы      - Қазақстан Республикасы Ауыл
                                шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары
                                жөніндегі комитеті Есіл
                                бассейндік су шаруашылығы
                                басқармасының бастығы".
     
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі


    Оқығандар:
   Қобдалиева Н.М.
   Қасымбеков Б.А.