1. Мемлекеттiк мекемелер 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап, алушының таңдауы бойынша, банктiк операциялардың тиiсті түрлерiне арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар арқылы жалақы, стипендия және басқа да ақшалай төлемдердi төлеудi жүзеге асырсын. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.27. N 1135
қаулысымен. P001135_
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi:
2000 жылғы 1 қарашадан бастап республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда банктiк операциялардың тиiсті түрлерiне арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдарда, алушылардың таңдауы бойынша, жеке шоттарға есептеу арқылы; <*>
2000 жылғы 1 шілдеден бастап аудандық маңызы бар қалаларда, поселкелiк және селолық елдi-мекендерде банктiк операциялардың тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар, заңдарда белгіленген тәртіппен тендердi жеңiп алған ұйымдар арқылы зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеудi қамтамасыз етсiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.12. N 223
қаулысымен. P000223_
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгі 2000 жылғы 1 маусымға дейiн аудандық маңызы бар қалаларда, поселкелiк және селолық елдi-мекендерде аталған ұйымдар арасында зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге арналған тендер өткiзсiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.12. N 223
қаулысымен. P000223_
4. Жалақы, стипендия, зейнетақы, жәрдемақы және басқа да ақшалай төлемдерді алушылардың жеке шоттарына ақша қабылдау, төлеу және есептеу жөніндегі шығыстар мемлекеттік бюджеттің есебінен жүргізілсін. <*>
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.27. N 1135
қаулысымен. P001135_
5. Республикалық және жергіліктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер 2001 жылдан бастап мемлекеттiк мекемелердi ұстауға жұмсалатын шығыстардың құрамында ақшалай төлемдердi алушылардың жеке шоттарына ақша қабылдау, төлеу және есептеу жөнiндегі қызмет көрсетулерге ақы төлеуге қаражат көздесiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.07.27. N 1135 қаулысымен. P001135_ 6. "Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарда стипендия, еңбекақы және басқа да ақшалай төлемдерді төлеу нысанын өзгерту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 тамыздағы N 1214 P971214_ қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 35, 331-құжат). 7. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Қасымбеков Б.А.