1. Д.Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетiнде оқу орнына бөлiнген қаражаттың шамасында және штат санының шегiнде әскери кафедра құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп осы қаулыны iске асыру жөнiнде заңдарда көзделген шараларды қабылдасын.
3. "Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы ережелердi және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 қазандағы N 1094 P941094_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 40, 439-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн.
көрсетілген қаулымен бекітілген Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердің (курсанттардың) әскери даярлығы белгіленген жоғары оқу орындарының тізбесінде: "Университеттер" деген бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қаласы". 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А. Премьер-Министрі