1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу ережелері бекітілсін.
2. "Республикалық бюджет қаражатының есебінен адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі N 1361 P971361_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 43, 393-құжат) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы N 1247 қаулысымен бекітілген
Республикалық бюджет қаражаты есебінен
адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу
және қорғау мен өкілдік етуге
байланысты шығыстарды өтеудің ережелері
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 71, 72-баптарына, Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 114-бабына және "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес заң көмегiне ақы төлеуден босатылған адамдарға (азаматтарды заң консультациясының меңгерушiсi және адвокаттық кеңсенiң құрылтайшысы немесе заңды тұлғаны тiркемей жеке өзi адвокаттық қызметпен айналысып жүрген адвокат ақы төлеуден босатқан жағдайлардан басқа) адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және осы жағдайларда қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу қылмыстық iс жүргiзушi орган қаулысының және сот ұйғарымының (бұдан әрi - тиiстi орган) негiзiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
2. Анықтау органының немесе тергеушiнiң республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы және қорғауға байланысты шығындарды өтеу туралы қаулысы адвокат тапсырманы орындағаннан кейiн, ал тапсырманы орындау бiр айдан асып кетсе - ай сайын шығарылады.
3. Республикалық бюджет қаражатының есебiнен қылмыстық iс бойынша адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы және қорғауға байланысты шығындарды өтеу туралы сот қаулысы үкiм қабылдаумен не iстi қосымша тергеуге жiберу немесе iстi тоқтату туралы процессуалдық шешiм қабылдаумен бiр мезгiлде шығарылады.
Сот талқылауы бiр айдан асып кетсе, сот қаулысы ай сайын шығарылады.
Сот қаулысы адвокаттың өтiнiшi бойынша үкiм жарияланғаннан кейiн де шығарылуы мүмкiн.
4. Азаматтық iс бойынша адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы және өкiлдiк етуге байланысты шығындарды өтеу туралы соттың ұйғарымы шешiм қабылдаумен бiр мезгiлде шығарылады.
5. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы және қылмыстық iстер бойынша қорғауға және азаматтық iстер бойынша өкiлдiк етуге байланысты шығындарды өтеу туралы қаулыда немесе ұйғарымда тиiстi органның атауы (анықтаушының, тергеушiнiң және судьяның аты-жөнi), қылмыстық немесе азаматтық iстiң нөмiрi, тапсырманы орындаған адвокаттың аты-жөнi, сезiктiнiң, айыпкердiң, сотталушының, заң көмегiне ақы төлеуден босатылған талапкердiң немесе жауапкердiң аты-жөнi, адвокаттың iс материалдарымен танысуға, алдын ала тергеуге, анықтауға және сот отырысына қатысуға, сот отырысының хаттамаларымен танысуға iс жүзiнде күнделiктi жұмсаған сағаттарының саны, сондай-ақ ол мүшесi болып табылатын тиiстi адвокаттар алқасының толық атауы мен банктiк деректемелерi көрсетiледi.
Заң көмегiн көрсету iссапарға шығумен байланысты болған жағдайда, қаулыда немесе ұйғарымда iссапарда болған кезең мен күндердiң саны көрсетiледi.
6. Заң көмегiне ақы төлеу мөлшерi адвокаттың орташа сағаттық жалақысын орындаған сағаттарының санына көбейту жолымен анықталады.
Орташа сағаттық жалақы белгiленген тәртiппен соңғы екi айда есептелген жалақы сомасын бес күндiк жұмыс аптасы күнтiзбесi бойынша сол айлардағы жұмыс сағаттарының санына бөлу жолымен анықталады.
7. Егер адвокаттың жалақысы болмаған жағдайда, заң көмегiне ақы төлеудiң мөлшерi тарифтiк ставканы (жалақыны) бес күндiк жұмыс аптасы күнтiзбесi бойынша алдыңғы айдағы жұмыс сағаттарының санына бөлу жолымен есептелген сағаттық ставкаға қарай анықталады.
Тарифтiк ставка (жалақы), заңдармен белгiленген Бiрыңғай тарифтiк кестенiң (бұдан әрi - БТК) 15 разрядына және айлық жалақының ең төменгi мөлшерiне сай тарифтiк коэффициентке қарай, Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен бюджет саласындағы қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеуге арналған БТК негiзiнде анықталады.
Бұл ретте төлем мөлшерi заңдармен белгiленген мөлшерлерде тарифтiк ставкаға (жалақыға) аудандық коэффициенттердi, биiк таулы, шөл және сусыз жерлердегi жұмысы үшiн, экологиялық апат аймақтарында тұратындығы үшiн қосылатын коэффициенттердi ескере отырып есептеледi.
8. Төлем жөнiндегi есептi адвокаттың нақты iс бойынша жұмсаған жұмыс сағаттарының санына ақы төлеу туралы қаулының немесе ұйғарымның және адвокаттың соңғы екi айдағы орташа айлық жалақысы туралы анықтаманың негiзiнде тиiстi органның бухгалтериясы жүргiзедi.
Адвокаттың орташа жалақысы туралы мәлiметтiң растығы үшiн, осы мәлiметтердi берген адвокаттар алқасының лауазымды адамдары жауаптылықта болады.
Адвокат алдын ала тергеуге қатыспаған жағдайда, соттағы қылмыстық iстiң немесе азаматтық iстiң материалдарымен танысу, сондай-ақ сот отырысының хаттамасымен танысу үшiн қажеттi (не iс жүзiнде жұмсалған) сағаттардың санын қылмыстық iстiң көлемi мен күрделiлiгiне қарай судья белгiлейдi.
Тиiстi органдардың қаулылары мен ұйғарымдарына сәйкес адвокаттың басқа жерге баруына байланысты iссапар шығыстары Қазақстан Республикасы мемлекеттiк ұйымдарының қызметкерлерi үшiн көзделген нормалар мен тәртiп бойынша төленуге жатады.
9. Қаулының немесе ұйғарымның бiр данасы қылмыстық немесе азаматтық iс материалдарына қосылады, екiншi данасы есептi айдан кейiнгi айдың 5-іне дейiн тиiстi органның бухгалтериясына, ал үшiншiсi - адвокаттар алқасына назарға алу үшiн жiберiледi.
10. Адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығындарды өтеу туралы қаулылар немесе ұйғарымдар түскен кезде, тиiстi органның бухгалтериясы қажеттi есептер мен iссапар құжаттарын тексеру жүргiзген соң, есептi ай үшiн адвокаттарға төлеуге жататын қаражаттың сомасы туралы өтiнiмдi толтырады және есептi айдан кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрмей оны республикалық органға жiбередi, ол осы айдың 15-iнен кешiктiрмей республика бойынша бюджеттiк жiктелiмнiң тиiстi кодымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жиынтық өтiнiмдi жiбередi.
11. Тиiстi жиынтық өтiнiмдердi алғаннан кейін Қаржы министрлiгi республикалық бюджет шығыстарының бекiтiлген бөлiнiсi шегiнде, онда көрсетiлген сомаларды N 1 нысан бойынша қазынашылық рұқсаттармен ай сайын бағдарламалардың әкiмшiлерiне бөлудi жүзеге асырады, олар өздерiнiң N 2 нысандағы рұқсатымен бюджет қаражатын жұмсауға арналған лимиттердi тиiстi органға жеткiзедi.
12. Тиiстi орган жоғарыда көрсетiлген мақсаттарға арналған қаражат түскен күннен бастап банктiк бес күннен кешiктiрмей, қаулыда көрсетiлген соманы қаржы құжаттарында адвокаттың аты-жөнін көрсете отырып, аумақтық адвокаттар алқасының есеп шотына аударады.
Соманың артық төленгенi байқалған жағдайда, соңғысы тиiстi органға қайтарылуға жатады. Ағымдағы қаржы жылында адвокаттар көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу кезiнде осы жылы түскен, артық төленген қаражаттың қайтарылған сомасы тиістi ерекшелiктер бойынша кассалық шығыстарды қалпына келтiру үшiн есепке алынады. Ағымдағы жылда түскен, өткен қаржы жылдарында осындай төлеу кезiнде артық төленген қаражаттың қайтарылған сомасы республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептеуге жатады. Оқығандар: Қобдалиева Н. Қасымбеков Б.