Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 26 тамыз N 1247

Жаңартылған
      "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Z970195_ Заңының 5-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Z970206_ Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 71, 72-баптарына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі K990411_ Азаматтық іс жүргізу кодексінің 114-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу ережелері бекітілсін.
      2. "Республикалық бюджет қаражатының есебінен адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі N 1361 P971361_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 43, 393-құжат) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі


                                      Қазақстан Республикасы               

Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы N 1247 қаулысымен бекітілген


             Республикалық бюджет қаражаты есебінен
         адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу
                және қорғау мен өкілдік етуге
          байланысты шығыстарды өтеудің ережелері

      1. Адвокаттардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң Z970206_ 72-бабына, Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң K990411_ 114 және 304-баптарына, "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы K010155_ Кодексiнiң 590-бабына және "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Z970195_ Заңының (бұдан әрi - Заң) 5-бабының 2-тармағына ("Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделген жағдайлардан басқа) сәйкес ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсетiлетiн заң көмегiне ақы төлеу және осы жағдайларда қорғау мен өкiлдiк етуiне байланысты шығыстарды өтеу республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
      Заң көмегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстарды республикалық бюджет қаражатының есебiне жатқызу үшiн қылмыстық істi жүргiзетiн органның, судьяның, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы істердi қарауға уәкiлеттiк берiлген органның (лауазымды адамның) қаулысы және өндiрiсiнде осы iс бар соттың (бұдан әрi - тиiстi орган) азаматтық iстер жөнiндегі ұйғарымы негіз болып табылады.
      Адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы қаулыны немесе ұйғарымды шығару және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу үшiн адвокаттың өтiнiшi негiз болып табылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683
               қаулысымен. P011683_
      2. Анықтау органының немесе тергеушiнiң республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы және қорғауға байланысты шығындарды өтеу туралы қаулысы адвокат тапсырманы орындағаннан кейiн, ал тапсырманы орындау бiр айдан асып кетсе - ай сайын шығарылады.
      3. Республикалық бюджет қаражатының есебiнен қылмыстық iс бойынша адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы және қорғауға байланысты шығындарды өтеу туралы сот қаулысы үкiм қабылдаумен не iстi қосымша тергеуге жiберу немесе iстi тоқтату туралы процессуалдық шешiм қабылдаумен бiр мезгiлде шығарылады.
      Сот талқылауы бiр айдан асып кетсе, сот қаулысы ай сайын шығарылады.
      Сот қаулысы адвокаттың өтiнiшi бойынша үкiм жарияланғаннан кейiн де шығарылуы мүмкiн.
      4. Азаматтық iс бойынша адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы және өкiлдiк етуге байланысты шығындарды өтеу туралы соттың ұйғарымы шешiм қабылдаумен бiр мезгiлде шығарылады.
      Соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкілеттік берiлген органның (лауазымды адамның) адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулысы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы шығарумен бiр мезгілде шығарылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683
               қаулысымен. P011683_
      5. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулыда немесе ұйғарымда тиiстi органның атауы (анықтаушының, тергеушiнiң, судьяның, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамның тегi, аты-жөнi); iстiң нөмiрi; тапсырманы орындаған адвокаттың тегi, аты-жөні; заң көмегіне ақы төлеуден босатылған адамның тегi, аты-жөнi; адвокаттың алдын ала тергеуге, анықтауға және сот отырысына қатысуға iс жүзiнде жұмсаған сағаттардың күндер бойынша жазылған саны; сот анықтауына (iстiң материалдарымен танысу, тергеу изоляторындағы айыпталушыға жолығу) дайындалу, оған ескерту жасалған жағдайда сот отырысының хаттамасын зерделеу; ол мүшесi болып табылатын тиiстi адвокаттар алқасының толық атауы мен банк деректемелерi көрсетіледі. <*>
      Заң көмегiн көрсету iссапарға шығумен байланысты болған жағдайда, қаулыда немесе ұйғарымда iссапарда болған кезең мен күндердiң саны көрсетiледi.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683
               қаулысымен. P011683_
      6. Адвокаттың iс бойынша өндiрiске қатысқан бiр сағат iшiндегi заң көмегiне ақы төлеудiң ең аз мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнiң 1/21 есебiнен белгiленедi.
      Бұл ретте бiр сағаттық төлем мөлшерi белгiленген тәртiппен айқындалған адвокаттың соңғы екi айдағы орташа сағаттық жалақысынан төмен бола алмайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683
               қаулысымен. P011683_
      7. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргiзу кодексiнiң 68-бабында белгiленген мерзiм аяқталатын, кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайда түнгі уақытта сезіктіден немесе айыпталушыдан жауап алуда адвокаттың қатысуының әр сағатына осы Ереженiң 6-тармағында белгiленген төлемнен бiр жарым мөлшерден кем түспейтiн төлем жүргiзiледi.
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргiзу кодексiнiң Z970206_ 68-бабында белгiленген мерзiм аяқталатын демалыс және мереке күндерi сезiктiден немесе айыпталушыдан жауап алуда адвокаттың қатысуының әр сағатына осы Ереженiң 6-тармағында белгiленгеннен кемiнде екi есе жоғары мөлшерде төлем жүргiзiледі.
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683
               қаулысымен. P011683_
      8. Төлем жөнiндегi есептi адвокаттың нақты iс бойынша жұмсаған жұмыс сағаттарының санына ақы төлеу туралы қаулының немесе ұйғарымның және адвокаттың соңғы екi айдағы орташа айлық жалақысы туралы анықтаманың негiзiнде тиiстi органның бухгалтериясы жүргiзедi.
      Адвокаттың орташа жалақысы туралы мәлiметтiң растығы үшiн, осы мәлiметтердi берген адвокаттар алқасының лауазымды адамдары жауаптылықта болады.
      Адвокат алдын ала тергеуге қатыспаған жағдайда, соттағы қылмыстық iстiң немесе азаматтық iстiң материалдарымен танысу, сондай-ақ сот отырысының хаттамасымен танысу үшiн қажеттi (не iс жүзiнде жұмсалған) сағаттардың санын қылмыстық iстiң көлемi мен күрделiлiгiне қарай судья белгiлейдi.
      Тиiстi органдардың қаулылары мен ұйғарымдарына сәйкес адвокаттың басқа жерге баруына байланысты iссапар шығыстары Қазақстан Республикасы мемлекеттiк мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн көзделген нормалар мен тәртiп бойынша төленуге жатады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683
               қаулысымен. P011683_
      9. Қаулының немесе ұйғарымның бiр данасы қылмыстық немесе азаматтық iс материалдарына қосылады, екiншi данасы есептi айдан кейiнгi айдың 5-іне дейiн республикалық бюджеттің тиісті бағдарламасы әкімшісінің аумақтық органының (бұдан әрi - аумақтық орган) бухгалтериясына, ал үшiншiсi - адвокаттар алқасына назарға алу үшiн жiберiледi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683
               қаулысымен. P011683_
      10. Адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы тиiстi органның қаулылары немесе ұйғарымдары түскен кезде, тиiстi аумақтық органның бухгалтериясы қажеттi есептер және iссапар жөнiндегi құжаттарға тексерулер жүргiзген соң, есептi ай үшiн адвокаттарға төлеуге жататын қаражаттың сомасы туралы өтiнiм жасайды және есептi айдан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде оны жоғары тұрған органға жiбередi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683
               қаулысымен. P011683_
      11. Қаржы министрлiгi республикалық бюджет шығыстарының бекiтiлген тiзiмдемесi шегiнде қазынашылық рұқсаттардың 1-нысаны бойынша өз рұқсатымен аумақтық органға бюджеттiк қаражатты жұмсау лимитiн 2-нысан бойынша жеткiзетiн тиiстi бағдарламалардың әкiмшiлерiне ай сайын сомаларды бөлудi жүзеге асырады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683
               қаулысымен. P011683_
      12. Аумақтық орган жоғарыда көрсетiлген мақсаттарға арналған қаражат түскен күннен бастап бес банктiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде соманы адвокаттар алқасымен жасалған және аумақтық қазынашылық органда тiркелген шартқа сәйкес, аумақтық адвокаттар алқасының есеп айырысу шотына аударады. <*>
      Соманың артық төленгенi байқалған жағдайда, соңғысы тиiстi органға қайтарылуға жатады.
      Ағымдағы қаржы жылында адвокаттар көрсеткен заң көмегiне ақы

төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу кезiнде
осы жылы түскен, артық төленген қаражаттың қайтарылған сомасы тиістi
ерекшелiктер бойынша кассалық шығыстарды қалпына келтiру үшiн есепке
алынады.
     Ағымдағы жылда түскен, өткен қаржы жылдарында осындай төлеу кезiнде 
артық төленген қаражаттың қайтарылған сомасы республикалық бюджеттiң 
кiрiсiне есептеуге жатады.
     ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1683 
              қаулысымен.  

P011683_

 
     
   Оқығандар:
   Қобдалиева Н.
   Қасымбеков Б.