Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу және ақпараттық қызметтер көрсету үшін ақы алудың мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусым N 888 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу және ақпараттық қызметтер көрсету үшін ақы алудың мөлшері мен тәртібі туралы ереже бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.     

    Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы       
Үкіметінің             
1999 жылғы 29 маусымдағы     
         N 888 қаулысымен бекітілген    

Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу және ақпараттық қызметтер
көрсету үшін ақы алудың мөлшері мен тәртібі туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы N 254-1 Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті Жылжымалы мүлік жөніндегі орталығының (бұдан әрі тіркеуші орган) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу және ақпараттық көмек көрсету үшін ақы алуының мөлшері мен тәртібін айқындайды.

2. Төлеушілер

      2. Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік, куәліктің көшірме-нұсқасын берудің, тіркеу құжаттарындағы өтініш берушінің кінәсі бойынша жол берілген қателерді жөндеу үшін, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен көшірме беру үшін, сондай-ақ ақпараттық қызметтер көрсету үшін ақыны мүддесінде көрсетілген іс-әрекет жасалатын заңды және жеке тұлғалар енгізеді.

3. Ақы енгізуден босату

      3. Олардың іс жүргізуіндегі істер бойынша прокуратура органдарының, соттардың, анықтау және тергеу органдарының, сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасының заң актілерінде кепілдің тізіліміне көшірмені тегін алу құқығы берілген басқа да тұлғалардың сұрау салуы бойынша кепілдің тізілімінен көшірме ақы алынбастан беріледі.

4. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу және ақпараттық қызметтер
көрсету үшін ақының мөлшері

     4. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік беру үшін, өтініш берушінің кінәсі бойынша жол берілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзеу үшін, жылжымалы мүліктің кепілін тіркеу тізілімінен көшірме беру үшін, сондай-ақ ақпараттық қызметтер ұсыну үшін ақы Қазақстан Республикасында ақы төлеу күні қолданылған айлық есептік көрсеткіштің негізінде, мынадай мөлшерлерде:
      а) жылжымалы мүліктің кепілін тіркеу үшін:
      жеке тұлғалардан - бір айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде;
      заңды тұлғалардан - бес айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде;
      б) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік беру үшін, өтініш берушінің кінәсі бойынша жол берілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзеу үшін, жылжымалы мүліктің кепілін тіркеу тізілімінен көшірме беру үшін, сондай-ақ ақпараттық қызметтер ұсыну үшін жеке және заңды тұлғалардан айлық есептік көрсеткіштің жартысы мөлшерінде есептеледі;
      в) осы Ереженің 3-тармағында айқындалған жағдайларды қоспағанда, ақы алмастан ақпараттық қызметтер көрсетуге тыйым салынады.

5. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу үшін ақы енгізудің
тәртібі мен мерзімдері

     5. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу үшін ақы 50 проценті мөлшерінде жергілікті бюджеттің кірісіне, 50 проценті тіркеуші органның есеп шотына аударылады; ақпараттық қызметтер көрсету үшін ақы өтініш берілгенге дейін тіркеуші органның есеп шотына аударылады.
      5-1. Облигация шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын және бiрыңғай кепiл ретiнде енгiзiлген, тiркелген, жылжымалы мүлiк кепіліне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, сондай-ақ осы кепілдi тоқтату ақы алусыз жүзеге асырылады. <*>
      Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 15 мамырдағы N 453 қаулысымен .
      6. Тіркеуші органға түбіршек немесе жылжымалы мүлік кепілін тіркеу және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік, куәліктің көшірме-нұсқасын беру, өтініш берушінің кінәсі бойынша жол берілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзеу үшін, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен көшірме беру үшін немесе ақпараттық қызмет көрсету үшін ақы енгізілгені туралы төлем құжатының көшірмесі ұсынылады.
     7. Тіркеуші орган жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеуден бас тартылған жағдайда, өтініш берушіге ол жылжымалы мүлік кепілін тіркеу үшін енгізген ақының 50 процентін қайтарады.                        ______________________________