Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін реттеудің жекелеген мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 26 мамыр N 643

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Жарлығына және "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi заңына Z990357_ сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алымдарды белгілеу туралы бұрын қабылданған шешiмдердi жойсын және егер заң актiлерiнде тiкелей өзгеше көзделмеген болса, бұдан әрi оларды белгiлемесiн.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын дамыту мен ұйымдастыруды жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 сәуiрдегi N 557 P950557_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 14, 169-құжат):
      мәтiндегi "Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң", "Көлiк және коммуникациялар министрлiгi", "Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне", "Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен" деген сөздер "Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiнің", "Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi", "Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiне", "Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың бiрiншi және екiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп өтуi шетелдiк автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының аумағына, оның iшiнде үшiншi мемлекеттiң аумағынан арнаулы белгiлi бiр бару пунктiне дейiн кiруiн, шетелдiк немесе отандық автокөлiк құралының белгiлi бiр жөнелту пунктінен Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары, оның iшiнде үшінші мемлекеттiң аумағына шығуын, жөнелту және бару пункттерi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан шетелдiк автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттiк жүрiп өтуін, отандық ауыр салмақты және iрi көлемдi автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiн қамтиды.
      Осы қаулы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша мынадай автокөлiк құралдарының:
      жабдықталуы жөнiнен, жүргiзушіні қоса алғанда, бестен көп адамды тасымалдау үшiн жарамды әрi соған арналған және жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын автобустардың;
      жүк автомобильдерінің (жүк көтерiмi 3,5 тоннадан асатын) жүріп өтуiн реттейдi.
      Осы қаулы Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша халықаралық қатынаста адамдар мен жүктердi автомобильмен тасымалдауды реттейдi.
      Кiрудi, шығуды немесе транзиттiк жүрiп өтудi жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп өтуге құқығын растау үшiн арнайы құжат - рұқсаттама қолданылады. Салмақтық және көлемдiк өлшемдерi рұқсаттағыдан асып түсетiн шетелдiк және отандық автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне құқықты растау үшін арнайы құжат - арнайы рұқсаттама қолданылады.
      Аталған арнайы құжаттардан басқа үшiншi мемлекеттің аумағында орналасқан жөнелту пунктiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы арнаулы пунктке дейiн, не Қазақстан Республикасының аумағындағы жөнелту пунктiнен үшінші мемлекеттiң аумағында орналасқан пунктке дейiн жолаушыларды және (немесе) жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдары үшiн үшiншi елден/елге тасымалдауды орындауға рұқсат беретiн арнайы құжаттың болуы қажет";
      9-тармақтың бiрiншi абзацы "Қазақстан Республикасының шекарасындағы барлық өткiзу пункттерiнде шетелдiк автокөлiк құралдарының уақытша кiруiн тiркейтін жүйенi және халықаралық автомобиль тасымалдаулары саласында рұқсат етілмейтiн жүйе қолданылып жүрген мемлекеттерде тiркелген автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кiруiн тiркейтiн талондардың берiлуiн қамтамасыз етедi" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) "Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерiн, көлiк құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөнiндегi Негiзгi ережелердi және лауазымды тұлғалар мен жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысын қамтамасыз ету мен қауiпсiздiк жөнiндегi мiндеттерiн және көлiгi арнайы жарық және дыбыс беретiн белгiлермен жабдықтауға және арнайы бояу- графикалық схема бойынша боялуға жататын жедел және арнаулы қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 P971650_ қаулысында:
      аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерiнде:
      1.2-тармақтың қырық бiрінші абзацы "Жол-комендаттық бөлiмшенiң" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетiнiң (бұдан әрi - Көлiктiк бақылау комитетi) қызметшiсi" деген сөздермен толықтырылсын;
      2.1. 1-тармағының сегiзiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Заңдарда көзделген жағдайларда, тексеру үшiн Көлiктiк бақылау комитетiнiң қызметшiлерiне арнаулы рұқсаттаманы, халықаралық тасымалды жүзуге асыру кезіндегі рұқсаттама мен лицензияны (немесе есеп құжатын) көрсетсiн. Арнаулы рұқсаттама мен рұқсаттама болмаған жағдайда Көлiктiк бақылау комитетiнiң қызметшiсiне көлiк құралын басқару құқығы үшiн жүргiзушінiң куәлiгiн (Уақытша рұқсаттама мен жүргiзушiнiң жеке басын куәландыратын құжат) алу үшiн көлiк құралына арналған тiркеу құжаттарын, жол жүру парағы мен тасылатын жүкке арналған құжаттарды тапсырады";
      3) "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алымдар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1397 P981397_ қаулысында:
      аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн төлемдердiң және алымдар ставкаларының ережесінде:
      мәтiндегi "Көлiк және коммуникациялар министрлiгінің", "Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздер "Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiнiң", "Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақта:
      "белгiлi бiр бару пунктiнен" деген сөздер "белгiлi бір жөнелту пунктiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жөнелту және бару пункттерi Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан" деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Осы қаулы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша мынадай автокөлiк құралдарының:
      жабдықталуы жөнінен, жүргiзушiнi қоса алғанда, бестен көп адамды тасымалдау үшiн жарамды әрi соған арналған және жолаушылар мен жүктерді халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын автобустардың;
      жүк автомобильдерiнiң (жүк көтерiмi 3,5 тоннадан асатын) жүрiп өтуін

реттейді.
     Осы қаулы Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша 
халықаралық қатынаста адамдар мен жүктердi автомобильмен тасымалдауды 
реттейдi";
     3-тармақта:
     2) тармақша Қазақстан Республикасының аумағында және Қазақстан 
Республикасы аумағындағы жөнелту пунктiнен Қазақстан Республикасының 
шекарасына дейiн, не жөнелту және бару пункттерi Қазақстан 
Республикасының аумағынан тысқары орналасқан жағдайда" деген сөздермен 
толықтырылсын;
     3) тармақша алынып тасталсын;
     4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "4) ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары бойынша жүрiп өту үшін алым";
     5) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша" деген 
сөздерден кейiн "жөнелту пунктiнен" деген сөздермен толықтырылсын;
     4-тармақта:
     екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "3-тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген алым 300 АҚШ долларына 
баламды сомаға тең;
     үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "3-тармақтың 5) тармақшасында көрсетiлген алым 1000 АҚШ долларына 
баламды сомаға тең";
     6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "6. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк 
құралдарының жүрiп өтуi үшін алымдардан түскен қаржы "Бюджет жүйесi 
туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен 
есептеледi".
     13 және 18-тармақтардағы "артық тиелген әр бiлiк үшiн" деген 
сөздер "артық тиелген әр дара, қосарланған үш қосарлы бiлiктер үшiн"  
деген сөздермен ауыстырылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрі
     
     Оқығандар:
     Орынбекова Д.
     Нарбаев Е.