Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін реттеудің жекелеген мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 мамыр N 643 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Күшін жою көзделген - ҚР Үкіметінің 2014.11.13 № 1196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Жарлығына және "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi заңына Z990357_ сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алымдарды белгілеу туралы бұрын қабылданған шешiмдердi жойсын және егер заң актiлерiнде тiкелей өзгеше көзделмеген болса, бұдан әрi оларды белгiлемесiн.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1)
      2) "Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерiн, көлiк құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөнiндегi Негiзгi ережелердi және лауазымды тұлғалар мен жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысын қамтамасыз ету мен қауiпсiздiк жөнiндегi мiндеттерiн және көлiгi арнайы жарық және дыбыс беретiн белгiлермен жабдықтауға және арнайы бояу- графикалық схема бойынша боялуға жататын жедел және арнаулы қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 P971650_ қаулысында:
      аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерiнде:
      1.2-тармақтың қырық бiрінші абзацы "Жол-комендаттық бөлiмшенiң" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетiнiң (бұдан әрi - Көлiктiк бақылау комитетi) қызметшiсi" деген сөздермен толықтырылсын;
      2.1. 1-тармағының сегiзiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Заңдарда көзделген жағдайларда, тексеру үшiн Көлiктiк бақылау комитетiнiң қызметшiлерiне арнаулы рұқсаттаманы, халықаралық тасымалды жүзуге асыру кезіндегі рұқсаттама мен лицензияны (немесе есеп құжатын) көрсетсiн. Арнаулы рұқсаттама мен рұқсаттама болмаған жағдайда Көлiктiк бақылау комитетiнiң қызметшiсiне көлiк құралын басқару құқығы үшiн жүргiзушінiң куәлiгiн (Уақытша рұқсаттама мен жүргiзушiнiң жеке басын

 

куәландыратын құжат) алу үшiн көлiк құралына арналған тiркеу құжаттарын,

жол жүру парағы мен тасылатын жүкке арналған құжаттарды тапсырады";

     3)



     ЕСКЕРТУ. 1), 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. 

              N 62 қаулысымен. 


P020062_
 


     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасы

       Премьер-Министрі


     Оқығандар:

     Орынбекова Д.

     Нарбаев Е.