Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 24 мамыр N 626

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 наурыздағы N 207 P990207_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1)Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ереже бекітілсін.
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің құрылымы бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Қазынашылық туралы ережені бекіту" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 13 қыркүйектегі N 1114 P961114_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 37, 352-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық

департаментінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
1998 жылғы 9 қазандағы N 1028  

P981028_

  қаулысы (Қазақстан Республикасының 
ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 36, 327-құжат).
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкіметінің
                                       1999 жылғы 24 мамырдағы
                                           N 626 қаулысымен
                                              бекітілген
     
          Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
               Қазынашылық комитеті туралы
                          Ереже
     
                     1. Жалпы ережелер
     


      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi (бұдан әрi - Қазынашылық) республикалық бюджеттiң атқарылуына қызмет көрсету мемлекеттiк бюджеттiң мемлекеттiк мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету және мемлекеттік бюджет қаражаттарының мақсатты пайдаланылуына алдын ала және ағымдағы бақылау жасау жөнінде салааралық үйлестірудi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi құзыретінің шегiнде арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады. <*>
      Қазынашылық аумақтық бөлiмшелерi болады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 338
               қаулысымен. P000338_
      2. Қазынашылық өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Yкiметінің актілерiн және өзге де нормативтік құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Қазынашылық мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады және өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары белгiленген үлгiдегі бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
      Қазынашылық азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      Егер Қазынашылыққа заңдарға сәйкес уәкілеттік берiлген болса, онда мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Қазынашылық өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртiппен бұйрықтар шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күші бар.
      5. Қазынашылықтың құрылымын және штаттық санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      6. Қазынашылықтың заңды мекен-жайы:
      473000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 33/ Абай даңғылы, 52. <*>
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.18. N 1084
               қаулысымен. P001084_
      7. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлiгiнің Қазынашылық комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
     8. Осы Ереже Қазынашылықтың құрылтай құжаты болып табылады.
     9. Қазынашылықтың қызметi тек республикалық бюджеттен 
қаржыландырылады.
     Қазынашылықтың өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау 
тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлермен шартта қатынастарға түсуге құқығы 
жоқ.
     Егер Қазынашылыққа заң актiлерiмен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге 
асыру жөнiнде құқық берiлген болса, мұндай қызметтен алынған табыс 
республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
     
      2. Қазынашылықтың негiзгi міндеттерi, функциялары және
                          құқықтары
     
     10. Қазынашылықтың негiзгi мiндеттерi:
     1) республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын ұйымдастыруды және 
бақылауды жақсарту;


      2) мемлекеттiк бюджетке есеп айырысу-кассалық, оның iшiнде ақылы қызметтердi, депозиттiк сомаларды сатудан және демеушiлiк пен қайырымдылық көмек түрінде мемлекет және мемлекеттiк ұйымдар алатын қаражаттар бойынша шоттарға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетудi жақсарту; <*>
      3) бюджет жүйесiндегi бухгалтерлiк есеп пен есептiлiктi және

қазынашылық органдары жүйесiндегi iшкi аудиттi дамытуға және жетiлдiруге 
қатысу; 
<*>

     4) өз құзыретiнiң шегiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттер 
қаражаттарының ұтымды және мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету;
     5) 
<*>

     6) Қазынашылық мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін 
қамтамасыз ету.
<*>
     
     ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.07.09. N 951 
              қаулысымен.  

P990951_

 
     ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 338          
               қаулысымен.  

P000338_

 
     ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.12. N 813          
               қаулысымен.  

P010813_

 


     11. Қазынашылық заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды 
жүзеге асырады:
     1) мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету; 
<*>

      2) кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік тағайындауларға сәйкес республикалық бюджеттің шығыстарын қаржыландыру; <*>
      3) республикалық бюджеттiң қолма-қол ақша ағындарын болжайды;
      4) мемлекеттік мекемелердің кассалық шығыстарын, сондай-ақ ақылы қызметтерді, депозиттік сомаларды сатудан және демеушілік пен қайырымдылық көмек түрінде мемлекет және мемлекеттік мекемелер алатын қаражаттар бойынша шоттарды есепке алуды қамтамасыз ету; <*>
      5) республикалық және жергілiктi бюджеттер арасында мемлекеттiк салықтар мен төлемдердi бөлудi және оларды әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге есептеудi қамтамасыз етеді;
      6) мемлекеттік мекемелерді тапсырмалары бойынша ұлттық және шетел валютасымен ақша аударуды жүзеге асырады, мемлекеттiк мекемелер ұсынған төлем құжаттарына бақылау жасайды;
      7) мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк сыртқы заемдар мен мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды өтеген кезде ақша аударуды және оған қызмет көрсетудi жүзеге асырады;
      8) екінші деңгейдегі банктер және банктік қызметтердің тиісті түрлерін көрсетуге арналған лицензиясы бар ұйымдар арқылы мемлекеттік мекемелерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру; <*>
      9) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы бухгалтерлiк есеп пен есептiліктi жүргізудің және жүзеге асырудың тәртiбiн әзiрлейді, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жергiлiктi бюджеттердiң кассалық атқарылуы туралы ақпарат тапсырады;
      10) бағдарламалардың республикалық бюджеттiк

мекемелерiне-әкiмшiлерiне бағдарламалар, кiшi бағдарламалар және 
ерекшелiктер бойынша бөлінген лимиттер мен жүргiзiлген кассалық шығыстар 
туралы ай сайын ақпарат берiп отырады;
     11) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде шетелдiк валютадағы 
Қазынашылықтың тиiстi банктiк шоттары арқылы мемлекеттiк мекемелердің 
валюталық операцияларын жүргiзедi және есепке алады, оларды жүргiзген 
кезде заңдардың сақталуы жөнiнде тексерулер ұйымдастырады;
     12) бюджет жүйесiнде бухгалтерлiк есептi және қазынашылық 
органдарында iшкi аудиттi жүргiзудiң тәртібі әзiрлейдi және бекiтедi.
<*>

     13) халықаралық шарттар, келiсiмшарттар және келiсiмдер жобаларын 
даярлауға қатысады;
     14) Қазынашылықтың құзыретiне қатысты мәселелер бойынша есептеме 
жасаудың тәртiбiн белгiлейдi;
     15) Қазынашылықтың шоттарындағы ағымдағы қалдықтарды банктiк 
салымдарға және бағалы қағаздарға орналастыру жолымен кiрiс алу мақсатында 
басқарады;
     16) бюджеттiк ақша есебiнен мемлекеттiк мекемелермен жасалған 
азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асырады;
     17) құнды металдар рыногының жай-күйiне талдау жасайды, құнды 
металдармен және асыл тастармен ішкi және сыртқы рыноктарда операциялар 
жасайды;
     18) 
<*>

     19) республикалық бюджеттiң және өз құзыретiнiң шегінде жергiлiктi 
бюджеттер қаражаттарының мақсатты пайдаланылуын алдын-ала және ағымдағы 
бақылауды жүзеге асырады;
<*>

     20) республикалық және жергiлiктi бюджеттердi пайдаланудың 
нәтижелерi туралы ақпаратты дайындауға қатысады;
     21) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң кiрiс және шығыс 
шоттарының жай-күйi туралы күн сайынғы ақпаратты жасайды;
     22) республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы оперативтiк, айлық, 
тоқсандық және жылдық есептеменi даярлайды;
     23) 
<*>
 
     24) 
<*>

     25) 
<*>

     26) қаржы тәртiбiн сақтауға бағытталған мемлекеттiк қаржының 
тиiмдi және мақсатты пайдаланылуына арналған ұсыныстарды даярлайды;
     27) 
<*>

      28) аумақтық Қазынашылық органдарының жұмыс тәжiрибесiн талдап,

жинақтайды және оны жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзірлейді, олардың 
қызметiн тексередi, анықталған кемшiлiктер мен тәртiп бұзушылықтарды жою 
жөнiнде шаралар қабылдайды;
     29) 
<*>

     30) шетел қазынашылықтары қызметінің ұйымдастырылу тәжiрибесiн 
зерделейдi және оны практикалық пайдалану жөнінде ұсыныстар әзiрлейдi;
     31) Қазынашылық және оның аумақтық органдары қызметкерлерiнiң 
бiлiктiлігiн арттыруды ұйымдастыруға қатысады;
     32) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де 
функцияларды жүзеге асырады.
     ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.07.09. N 951 
              қаулысымен.  

P990951_

 
     ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 338          
               қаулысымен.  

P000338_

 
     ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.12. N 813          
               қаулысымен.  

P010813_

 



      12. Қазынашылықтың заңдарда белгіленген тәртiппен негiзгi мiндеттерiн iске асыруды және өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн:
      1) мемлекеттiк мекемелерден, сондай-ақ бюджет ақшаларын алатын мемлекеттiк кәсiпорындардан республикалық бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру және жергiліктi бюджеттерге үшiншi қажеттi ақпарат пен мәлiметтер алуға, ал олар өз уақытында ұсынылмаған жағдайда бухгалтерлiк есеп-қисап талап етуге; <*>
      2) Бiрыңғай қазынашылық шотының теңгеде және шетел валютасында банктiк шоттарының болуына;
      3) Қазынашылық органдарының шоттарындағы қаражаттың ағымдағы қалдықтарын оларды тиімді орналастыру жолымен басқаруды жүзеге асыруға; <*>
      4) республикалық бюджеттiң шығыстарын нормативтiк-құқықтық қаржыландыруды жүзеге асыруға;
      5) Қазынашылықтың қызметтерiн және оның мiндеттерiн орындауды ұйымдастыруға арналған актілердi жетілдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
      6) мемлекеттiк қаржы болжамдарын қалыптастыруға;
      7) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп беруге және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы жөнiнде ақпарат беруге;
      8) мемлекеттiк қаржы қаражаттарының мақсатты пайдаланылуына алдын-ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асыруға; <*>
      8-1) ұсынылған есептілікке сәйкес бекітілген сметадан тыс қаражат

жұмсау туралы мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауларына 
ағымдағы бақылауды жүзеге асыруға; 
<*>

     8-2) мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп туралы заңнаманың 
сақталуы үшін ағымдағы бақылауды жүзеге асыруға; 
<*>

     8-3) мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінде жолсыздықтар 
анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауға 
және оларды қаржы бақылау органдарының қарауына жіберуге; 
<*>

     9)
<*>

     10) 
<*>

     11) 
<*>

     12) 
<*>

     13) мемлекеттiк мекемелер заңсыз және мақсатсыз пайдаланған 
жағдайда, қаржы бақылау органдарының ұсынысы бойынша оларды бюджетке 
даусыз тәртiппен ақшалай өндiрiп (қайтарып) алуды жүргiзуге; 
<*>

     14) бюджет ақшаларын мақсатсыз пайдалану фактiлерi анықталған 
жағдайда, қазынашылықтың төлем операцияларын атқаруды тоқтатуға, 
қайтарып алуға және жұмсауға тиым салуға;
     15) 
<*>

     16) 
<*>

     17) 
<*>

     18) 
<*>

     19) бюджет жүйесiндегi бухгалтерлiк есеп пен есептiлiк және 
қазынашылық органдарындағы iшкi аудит бойынша басшылықты жүзеге 
асыруға; 
<*>

     20) Қазынашылық қызметi органдарының мамандарын қайта даярлау 
жөнінде жұмыстарды ұйымдастыруға қатысуға;


      21) мемлекеттiк органдардың өкілдерін өз келісімдері бойынша құрамына кіргізе отырып, тұрақты жұмыс істейтін кеңес және уақытша жұмыс топтарын құруға; <*>
      22) өз құзыретiнiң шегінде нормативтiк құқықтық актiлер, оның iшiнде бюджет жүйесiндегі бухгалтерлiк есеп пен есептілік және қазынашылық органдарындағы iшкi аудит, есептiк операциялар жүргiзу, сондай-ақ олардың атқарылуын бақылау мәселелерi бойынша, қабылдауға. <*>
      22-1) тек қана мемлекеттік бюджетке қатысты және оның қаражаты есебінен олардың жүзеге асырылуын үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз, ұлттық және шетел валютасында мынадай жекелеген банктік операцияларды:
      заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, банктік шоттарын ашуды

және жүргізуді;
     аударым операцияларын: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аудару 
жөніндегі тапсырмаларын орындауды;
     есеп операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге 
борыштық міндеттемелерін есепке алуды (дисконттауды);
     ақшалай нысанда несиелерді ұсынудың заемдық операцияларын;
     заңды және жеке тұлғалардың тапсырмасы бойынша есеп айырысуларды 
жүзеге асыруды;
     аккредитивті ашу (қою) және растау және ол бойынша міндеттемелерді 
орындауды жүзеге асыруға; 
<*>

     23) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
     ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 338          
              қаулысымен.  

P000338_

 
     ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.12. N 813          
              қаулысымен.  

P010813_

 
     
                 3. Қазынашылықтың мүлкі
     
     13. Қазынашылықтың жедел басқару құқығында оқшауланған мүлiгi болады.
     14. Қазынашылыққа бекiтiліп берілген мүлiк республикалық меншікке 
жатады.
     15. Қазынашылықтың өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше 
иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк жүргiзуге құқығы жоқ.
     Қазынашылыққа заңдармен белгіленген жағдайлар мен шектеулерде 
мүлiкке билiк жасау құқығы берiлуi мүмкiн.
     
         4. Қазынашылықтың қызметiн ұйымдастыру
     
     16. Қазынашылықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң ұсынуы 
бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын және қызметтен 
босататын Төраға басқарады.


      17. Төрағаның өз ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екі орынбасары болады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 17-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.12. N 813
               қаулысымен. P010813_
      18. Төраға Қазынашылықтың жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Қазынашылыққа жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асырылуы үшiн жеке жауап бередi.
      19. Төраға осы мақсатта:
      1) өз орынбасарларының, Қазынашылықтың құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерін белгiлейдi;
      2) Заңдарға Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiткен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жүйесiндегi органдарының қызметкерлерi лауазымдарының номенклатурасына сәйкес Қазынашылықтың қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңдарда белгіленген тәртіппен Қазынашылықтың қызметкерлеріне

тәртіптік жаза қолданады;
     4) Қазынашылықтың бұйрықтарына қол қояды;
     5) Қазынашылықтың құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдары 
туралы Ережелерді бекітеді;
     5-1) бекiтiлген құрылым мен штат саны лимитiнiң шегiнде штаттық 
кестенi бекiтедi. 
<*>

     5-2) Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелерінің құрылымын және штат 
кестесін бекітеді; 
<*>

     6) Барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда 
Қазынашылықтың өкілі ретінде болады.
     7) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
     ЕСКЕРТУ. 19-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 338          
              қаулысымен.  

P000338_

 
     ЕСКЕРТУ. 19-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің          
              2001.06.12. N 813 қаулысымен.  

P010813_

 

         5. Қазынашылықты қайта құру және тарату
     
     20. Қазынашылықты қайта ұйымдастыру және тарату заңдарға сәйкес 
жүзеге асырылады.
     
                               
          
                                      Қазақстан Республикасы
                                           Үкіметінің
                                     1999 жылғы 24 мамырдағы
                                        N 626 қаулысымен
                                          бекітілген 
<*>
 
     
      
             Қазақстан Республикасының
       Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің
                      құрылымы
     
     Басшылық
     Республикалық бюджеттің жиынтық қаржылық жоспарын қалыптастыру және 
шығыстарды қаржыландыру басқармасы
     Бюджет жөніндегі бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасы
     Бюджеттердің атқарылуын, бухгалтерлік есеп және аудитті ұйымдастыру 
басқармасы
     Қолма-қол ақша және мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу басқармасы
     Ұйымдастыру және бақылау жұмыстары басқармасы
     Төлем операциялары басқармасы
     Түсімдерді есепке алу және бөлу басқармасы
     Қазынашылықтың жүйесін алып жүру және технологиялық қамтамасыз ету 
басқармасы
            
     ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.07.09. N 951 қаулысымен. 
               

P990951_

 
     ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 338 қаулысымен.  
               

P000338_

 
     ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.06.12. N 813    
              қаулысымен.  

P010813_

 

   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.
  Омарбекова А.