Адвокаттық және нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензиялардың нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 1325 Қаулысы. Күші жойылды - Қзақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңына және Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған: 
      адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензияның; 
      нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензияның нысандары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметін, адвокаттық және нотариалдық қызметтер көрсетуді, жылжымайтын мүлікті бағалауды лицензиялау мәселелері" туралы 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1262  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 37, 359-құжат) 3-тармағындағы төртінші және бесінші абзацтарының күші жойылған деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                              Қазақстан Республикасы
                                              Үкіметінің 1998 жылғы
                                                 23 желтоқсандағы
                                                  1325 қаулысымен
                                                     бекітілген

       Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2004.10.28.  N 1120 , 2008.03.28  N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін
5-тармақтан   қараңыз) Қаулыларымен.

            Қазақстан Республикасының елтаңбасы 

                   Мемлекеттік лицензия      ____________________________________________________________
               (жеке тұлғаның толық аты-жөні)

     адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілді.

     Лицензия, мерзіміне шек қойылмай берілетін, бас лицензия болып
табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
     Лицензияны Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгінiң
Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті берген.     

     Комитеттің төрағасы         ______________________
                                 (қолы)     

     Лицензияның берілген күні "____"____________199__ж.     

     Лицензияның нөмірі ____________     

     ________________қаласы     

                                             Қазақстан Республикасы
                                             Үкіметінің 1998 жылғы
                                                23 желтоқсандағы
                                                 1325 қаулысымен
                                                    бекітілген

       Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2004.10.28.  N 1120 , 2008.03.28  N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін
5-тармақтан   қараңыз) Қаулыларымен.

            Қазақстан Республикасының елтаңбасы 

                     Мемлекеттік лицензия

      ____________________________________________________________

               (жеке тұлғаның толық аты-жөні)

     нотариалдық қызметпен айналысу құқығына берілді.

     Лицензия, мерзіміне шек қойылмай берілетін, бас лицензия
болып  табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында
қолданылады.
     Лицензияны Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгінің
Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетi берген.

     Комитеттің төрағасы         ______________________
                                 (қолы)     

     Лицензияның берілген күні "____"____________199__ж.     

     Лицензияның нөмірі ____________     

     ________________қаласы