Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1998 жылғы 21 желтоқсан N 1305

Жаңартылған

       Ескерту. Атауы мен мәтініндегі сөздер ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.05. N 187   қаулысымен .

      Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның бірігуі жөніндегі ұзақ мерзімді басымдықты жүзеге асыру, мемлекеттік органдар, республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері және кәсіподақтар арасындағы әлеуметтік- экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әріптестіктегі өзара байланыстар мен ынтымақтастықты күшейту үшін диалогтың ықтимал барлық нысанын көтермелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:

      1. Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері болып мыналар тағайындалсын:
 
Шөкеев              - Қазақстан Республикасы
Өмірзақ Естайұлы      Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

Сапарбаев           - Қазақстан Республикасының
Бердібек Машбекұлы    Еңбек және халықты әлеуметтік
                      қорғау министрі

Құсайынов           - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы      Экономика және бюджеттік
                      жоспарлау вице-министрі

Тұрғанов            - Қазақстан Республикасының
Дүйсенбай Нұрбайұлы   Энергетика және минералдық
                      ресурстар вице-министрі

Құсдәулетов         - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Дулат Рашитұлы        вице-министрі

Бишімбаев           - Қазақстан Республикасының Индустрия
Қуандық Уәлиханұлы    және сауда вице-министрі

Бөрібаев            - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Асқар Ысмайылұлы      және ақпарат вице-министрі
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.11.25.  N 1784 , 2000.01.24.  N 119 , 2000.10.26.  N 1594 , 2001.02.05.  N 187 , 2001.12.24.  N 1679 , 2002.04.10.  N 411 , 2003.07.23.  N 732 , 2004.01.29.  N 108 , 2004.06.07.  N 631 ,  2005.01.11.  N 6 , 2005.10.26. N  1075 , 2006.03.20. N  192 ,  2006.07.12. N  664 , 2007.02.28.  N 155 , 2007.10.05.  N 904 , 2008.02.06.  N 109  Қаулыларымен.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  
1998 жылғы 21 желтоқсандағы     
N 1305 қаулысына           
қосымша             

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдерін тағайындау туралы" 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1452  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 48, 545-құжат). 

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы" 1996 жылғы 30 қыркүйектегі N 1194  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 39, 373-құжат).

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1452 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 1996 жылғы 10 желтоқсандағы N 1512  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 51, 492-құжат). 

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1452 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 1997 жылғы 12 тамыздағы N 1253  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 37, 353-құжат). 

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1452 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 9 қаңтардағы N 3  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 1, 4-құжат).