Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 1998 жылғы 12 желтоқсан N 1278

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің тәртібі бекітілсін.
      2. "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 мамырдағы N 810 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 18, 165-құжат) күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
1998 жылғы 12 желтоқсандағы 
N 1278 қаулысымен     
бекітілген        

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы
Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық
атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік
органдарының нормативтік құқықтық актілері мен
жергілікті өкілді және атқарушы органдарының
актілерін мемлекеттік тіркеудің
Тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы"  Заңының,  Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік реестрі және оларды мемлекеттік тіркеуді ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3379 Жарлығының  Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімі туралы ережені бекіту туралы" 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1680  қаулысының  негізінде әзірленді.
      2. Тәртіп:
      1) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу кезінде қойылатын талаптар мен тіркеудің мерзімдерін;
      2) мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын нормативтік құқықтық актілерге қойылатын талаптарды;
      3) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізуді;
      4) тіркелген нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізуді;
      5) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуден бас тартудың, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың, тоқтатудың және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық
актілерінің мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізудің тәртібін;
      5-1) мемлекеттік тіркеудің күшін жою және қалпына келтіру тәртібін белгілейді.
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.24. N 122 қаулысымен.

2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
кезінде қойылатын талаптар мен оларды қараудың
мерзімдері

      3. Нормативтік құқықтық актілер Әдiлет министрлiгіне және оның аумақтық органдарына олар бекітілген (қол қойылған) сәттен бастап тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қойғаннан (бекіткеннен) кейін екі аптаның ішінде, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқасын (түпнұсқа мәтінін) қоса алғанда, қағаз ж1не электронды жеткізілімдердегі үш данада ("құпия" деген белгісі бар құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз жеткізілімдерде екі данада ұсынылады) ұсынылады.
      Аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерiн бекiтудi көздемейтiн нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудан, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарына олар бекітілген (оларға қол қойылған) сәттен бастап екi аптаның iшiнде, мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегі түпнұсқасын (түпнұсқа мәтiнiн) қоса алғанда, қағаз жеткiзiлiмдердегі екi данада тиiстi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы қол қойғаннан (бекіткеннен) кейiн ұсынылады.
      Осы органның бірінші басшысының міндетін атқаратын адамның қолы қойылған (бекіткен) нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган сондай-ақ оған тиісті міндеттемелер жүктелгені туралы құжаттың көшірмесін де ұсынуға тиіс.
      Нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркеуге қайта тапсырылған жағдайда, ол тиісті органның қайта бекітуіне (қайта қол қоюға) жатады.
      Іс қағаздары бірыңғай мемлекеттік тілде жүргізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктерде жергілікті басқару органдарының нормативтік құқықтық актілері тіркеуші органға орыс тіліне аударылмай ұсыныла алады.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.14. N 733 қаулысымен.
      Ескерту. 3-тармақ абзацтармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің   2000.01.24. N 122 қаулысымен.
      Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.02. N 1082  қаулысымен.
      4. Нормативтік құқықтық актілерге:
      1) нормативтік құқықтық актіні шығару үшін негіз (құжатты тіркеуге ұсынған органның құзыреті; осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты оларды өзгерту немесе күші жойылған деп тану туралы ұсыныс дайындау туралы мәліметтер; мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған, бұл мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер туралы мәлiметтер өзге де мәліметтер) көрсетілетін анықтама-негіздеме;
      2) уәкілетті органның өзінің құзыретіне сәйкес қабылдаған нормативтік құқықтық актіні бекіту туралы шешімі қоса беріледі.
      Қоса берілетін анықтама-негіздемеге осы актіні шығарған органның заң қызметінің бастығы (ондай болмаған кезде - заң кеңесшісі) қол қоюы тиіс.
      Көрсетiлген адамдар болмаған көзде анықтама-негiздемеге осы актiнi шығарған органның бiрiншi басшысы қол қояды.
      Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.02. N 1082  қаулысымен.
      5. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актілерде анықтама-негіздеменің болмауы немесе оның осы Тәртіппен белгіленген талаптарға сәйкессіздігі құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
      Ескерту. 5-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.24. N 122 қаулысымен.
      6. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу барлық қажетті құжаттар ұсынылған сәттен бастап 30 күннің ішінде жүргізіледі.
      Егер нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жағдайда, ол туралы нормативтік құқықтық актіні ұсынған органға, құжаттар тіркеуге ұсынылған сәттен бастап жеті күннен кешіктірілмей жазбаша хабарланады.
      Мемлекеттiк тiркеудiң қажеттiлiгi туралы мәселенi шешу үшiн сол немесе өзге актiнi ұсыну туралы Әдiлет министрлiгiнiң және оның аумақтық органдарының сұрауларын мемлекеттік органдар мұндай сұрау түскен сәттен бастап екi аптаның iшiнде орындайды.
      Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.02. N 1082  қаулысымен.
      7. Заңсыз нормативтік құқықтық актілерді шығарғаны және қолданғаны, сондай-ақ оларды мемлекеттік тіркеуге ұсынудың тәртібін бұзғаны үшін бірінші басшылар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапкершілікте болады.

3. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

      8. Жалпы міндеттілік маңызы бар; олардың қолданылу мерзіміне (тұрақты немесе уақытша) қарамастан азаматтардың құқықтарына, бостандығына және міндеттемелеріне қатысты ведомствоаралық сипаты бар нормативтік құқықтық актілер, оның ішінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын қоспағанда, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді немесе құпия сипаттағы мәліметтерді қамтитын актілер мемлекеттік тіркеуге жатады.
      9. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу қажеттігі туралы мәселені шешу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және оның аумақтық органдарының айрықша құзыретіне жатады.
      Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.02. N 1082  қаулысымен .
      10. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырады.
      Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді аумақтық әділет органдары жүзеге асырады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.01.24. N 122 қаулысымен.
      11. Нормативтік заңдық актілерді мемлекеттік тіркеу:
      1) актінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігіне құқықтық сараптауды;
      2) осы актіні мемлекеттік тіркеудің қажеттігі туралы шешім қабылдауды;
      3) тіркелген актіге тіркеу нөмірін беруді;
      4) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізуді;
      5) тіркелген нормативтік құқықтық актілерді оларды Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолдауды қамтиды.
      Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.01.24. N 122  қаулысымен.
      12. Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар осы Тәртіппен белгіленген ретпен тіркеуге жатады.

4. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын нормативтік
құқықтық актілерге қойылатын талаптар

      13. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын нормативтік құқықтық акт мына талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) нормативтік құқықтық актіні қабылдау рәсімінің сақталуына:
      алқалық орган үшін - Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкестігі;
      орталық және жергілікті атқарушы орган үшін - бірінші басшының не оның орнындағы адамның қолының болуы (бірінші басшы не оның орнындағы адам бекітпеген алқаның шешімі мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық акт болып табылмайды).
      1-1) нормативтік құқықтық актіні келісудің болуы:
      Қазақстан Республикасының заңдарымен нормативтік құқықтық актіні міндетті келісу көзделген жағдайда, сондай-ақ егер онда басқа мемлекеттік органдарға қатысты ережелер, нормалар және тапсырмалар болса, онда нормативтік құқықтық акт осындай органдармен келісуге жатады.
      Нормативтік құқықтық акт республикалық бюджет кірістерінің қысқартылуын немесе шығыстарының ұлғайтылуын көздейтін жағдайда ол Қаржы министрлігімен келісуге жатады.
      Нормативтік құқықтық актілерді келісу мерзімі 5 жұмыс күнінен аспауға тиіс және нормативтік құқықтық акті тиісті мемлекеттік органға келіп түскен күннен бастап есептеледі.
      Келісу нормативтiк құқықтық актінiң негізгі түрiнде тиісті мемлекеттік органдар басшыларының не басшыларының орынбасарларының бұрыштамаларымен ресімделеді.
      Бұрыштама орган басшысы немесе оның орынбасары қызметінің атауын, бұрыштама қоюшының жеке қолын, қол иесінің аты-жөнінің толық жазылуын, күнін және елтаңбалы мөрді қамтиды.
      Келісуге жататын немесе бірнеше мемлекеттік органдар шығарған нормативтік құқықтық акт ведомствоаралық сипатта болады.
      1-2) нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеуге ұсынылған жағдайда осы актіні шығарған органның заң қызметінің басшысы (ол болмаған жағдайда - заң кеңесшісі) оған парақ сайын қол қоюды жүргізеді;
      нормативтік құқықтық актіні келісу кезінде келісуді жүзеге асыратын органның заң қызметінің басшысы да алдын ала қол қоюды жүргізеді;
      бірнеше мемлекеттік орган қабылдаған нормативтік құқықтық актілер ұсынылған жағдайда, парақ сайын қол қоюды әр органның заң қызметінің басшысы жүргізеді.
      2) қолданылып жүрген заңдарға сәйкестігін талдау:
      Қазақстан Республикасының Конституциясына;
      Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдарға;
      Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар жарлықтарына;
      Қазақстан Республикасының кодекстеріне, заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарына;
      Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтарына;
      Қазақстан Республикасы Парламентінің нормативтік қаулыларына;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларына;
      3) нормативтік құқықтық актінің деректемелерінің болуы.
      Нормативтік құқықтық актілердің төмендегідей деректемелері:
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы;
      акт нысанына сілтеме: министрдің бұйрығы, мемлекеттік комитеттің немесе өзге де орталық мемлекеттік органның қаулысы, мәслихаттың шешімі, әкiмдiктiң қаулысы, әкімнің шешімі;
      осы нормативтік құқықтық актіні реттеудің мәнін білдіретін тақырыбы (егер акт өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы болса, онда өзгеретін актінің тақырыбында өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін актінің, атауы, күні, тіркеу нөмірі, нысаны толық беріледі);
      нормативтік құқықтық актінің қабылданған жері мен күні;
      нормативтік құқықтық актінің тіркеу нөмірі;
      тиісті нормативтік құқықтық актіге қол қоюға уәкілетті адамның қолы;
      елтаңбалы мөрі болуы тиіс.
      4) нормативтік құқықтық актінің құрылымына қойылатын талаптардың сақталуы:
      құқық нормасын қамтитын тармақ нормативтік құқықтық актінің негізгі құрылымдық элементі болып табылады;
      нормативтік құқықтық актілер тармақтарының тармақшаларға бөлінуі, ал тармақтардың, тармақшалардың ішінде абзацтармен бөлінген бөліктері болуы мүмкін;
      нормативтік құқықтық актінің әр тармағы араб санымен нөмірленеді;
      тармақтарды нөмірлеу бүкіл нормативтік құқықтық акті үшін басынан аяғына дейін ретті болып табылады;
      тармақшаларды нөмірлеу әр тармақ үшін дербес болады;
      тармақтардағы тармақшалардың нөмірлері жақшаға алынып араб санымен белгіленеді;
      мазмұны жағынан жақын тармақтар тарауларға біріге алады;
      мазмұны жағынан жақын бірнеше тараулар бөлімшелерге біріктірілуі мүмкін, ал бөлімшелер, өз кезегінде бөлімдерге біріге алады;
      көлемі жағынан үлкен тараулардан параграфтар және параграфтардың бөліктері бөлініп шыға алады, ал бөлімшелер осылайша бөліктерге бөліне алады;
      5) нормативтік құқықтық акт мәнінің мазмұндалу стиліне қойылатын талаптар;
      нормативтік құқықтық актінің мәтіні әдеби тіл мен заңгерлік терминологияның нормалары сақтала отырып баяндалады. Ескірген, көп мағыналы сөздер мен бейнелі сөздерді, теңеулерді, эпитеттерді, метафораларды қолдануға, сөздерді қысқартуға жол берілмейді. Тармақтың мәтіні басқа тармақтарда қайталанып баяндалмайды.
      6) егер, нормативтік құқықтық актінің мәтінінде оларға сілтеме жасалған жағдайларда қосымшалардың болуы;
      7) нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі оның ішінде қосымшалардағы да, мәтіндерінің сәйкес келуі;
      8) қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөліктерінің (бөлімдерінің, бөлімшелерінің, тарауларының, параграфтарының, тармақтарының, тармақшаларының) күші жойылған деп танылған кезде мұндай бөліктер қолданылып жүрген актіден алынып тасталады, бірақ олардың нөмірлері сақталады. Сақталған нөмірге актінің (немесе оның бөлігінің) күші жойылған деп тану туралы нормативтік құқықтық актіге сілтеме қосылады. Сақталған құрылымдық бөліктердің нөмірленуі өзгермейді;
      9) қолданылып жүрген актіге қосымша құрылымдық бөліктерді енгізу кезінде, олар өздері жалғасатын құрылымдық бөліктердің нөмірлерін қайталайтын: 2-1-тарау, 8-1-параграф, 4-1-тармақ және одан әрі, қосымша нөмірлермен енгізіледі. Енгізілген құрылымдық бөліктің мәтіннен кейін жақшада енгізілгендігі туралы актіге сілтеме жасалады. Қалған құрылымдық бөліктердің нөмірленуі сақталады;
      10) қолданылып жүрген актінің құрылымдық бөлігінің мәтіні өзгерген кезінде, мұндай бөлік өзгертілген редакцияда қолданылуын жалғастырады. Өзгертілген құрылымдық бөліктің мәтінінен кейін бөліктің оны өзгерткен актінің редакциясында қолданылатыны туралы сілтеме жалғасады.
      Ескерту. 13-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.24. N 122 қаулысымен.
      Ескерту. 13-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.03.11. N 341 қаулысымен .
      Ескерту. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.02. N 1082 қаулысымен .
      13-1. Осы Тәртiптiң 5-тармағымен көзделген жағдайларда, сондай-ақ 3-тармағында, 13-тармағының 1-1) тармақшасының бесiншi және алтыншы абзацтарында және 1-2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетiлген талаптар сақталмаған жағдайда нормативтiк құқықтық акт тиiстi заң сараптамасы жүргізiлместен, осы актiнi ұсынған органға пысықтауға жетi күн iшiнде қайтарылады.
      Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.24. N 122 қаулысымен.
      Ескерту. 13-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.10.02. N 1082 қаулысымен.

5. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізілімін жүргізу

      14. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
      Тізілімде тіркеу күні, берілген нөмірі, нормативтік құқықтық актінің және оны мемлекеттік тіркеуге ұсынған органның атауы көрсетіледі.
      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.01.24. N 122 қаулысымен.

6. Нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізу

      15. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу оларды қолданысқа енгізу үшін міндетті шарт болып табылады. Тіркелмеген нормативтік құқықтық актілердің заңдық күші болмайды.
      16. Нормативтік құқықтық акт, егер актінің өзінде тұтас алғанда да, нормативтік құқықтық актінің жекелеген құрылымдық бөліктеріне қатысты да қолданысқа енгізудің өзінше мерзімдері көрсетілмесе, алғаш рет ресми жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      17. Мемлекеттік тіркеуден кейін, қорытынды мен нормативтік құқықтық актінің бір данасы (түпнұсқа) оған берілген тіркеу нөмірімен бірге ресми жариялау міндеттемесімен құжатты тіркеуге ұсынған органға жолданады. Осы Тәртiптiң 3-тармағының екiншi абзацында көрсетiлген нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды жеткізілімдердегі екінші данасы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізіліміне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолданады, үшіншісі тіркеуші органда қалады.
      Осы Тәртiптiң 3-тармағының екiншi абзацында көрсетiлген мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актілерi мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жiберiлмейді.
      Осы тәртіп бірнеше мемлекеттік органдар шығарған нормативтік құқықтық актіні тіркеу жағдайында да қолданылады.
      Қорытынды мен тiркеу нөмiрi берiлген "құпия" деген белгiсi бар нормативтiк құқықтық актiнiң бiр данасы (түпнұсқасы) құжатты тiркеуге ұсынған органға баспасөз басылымына жариялау мiндеттемесiнсiз жiберiледi. Екiншi данасы Әдiлет министрлiгінде және оның аумақтық органдарында қалады.
      Нормативтік құқықтық актіні жариялау және жіберу кезінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күнін көрсету міндетті болып табылады.
      Ескерту. 17-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.24. N 122 қаулысымен.
      Ескерту. 17-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.02. N 1082 қаулысымен.
      18. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн ресми жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.10.02. N 1082 қаулысымен.

7. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеуден бас тартудың, қолданылуын тоқтата тұрудың,
тоқтатудың және Қазақстан Республикасы Нормативтік
құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне тиісті
жазбалар енгізудің тәртібі

      19. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеуден мына жағдайларда: егер мұндай акт азаматтардың заңдармен белгіленген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаса; жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келсе; оны шығарған орган құзыретінің шегінен шықса; егер келісу қажет болғанда мүдделі органдармен келісілмесе; егер актілерді мемлекеттік тіркеуге ұсынудың тәртібі бұзылса; егер актінің жаңа құқықтық нормасы болмаса, тіркеуден бас тартылуы мүмкін.
      Бас тарту туралы, бас тартудың негіздемесі көрсетіле отырып, нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған органға жазбаша хабарланады.
      Мемлекеттік тіркеуден бас тартқан жағдайда нормативтік құқықтық актінің көшірмесі тіркеуші органда қалады.
      Ескерту. 19-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.24. N 122 қаулысымен.
      20. Нормативтік құқықтық акт (оның бөлімі немесе бөліктері):
      акт немесе оның бөлімі (бөліктері) қабылданған мерзім аяқталған;
      бұрын шығарылған құқықтық актінің, оның бөлімінің (бөліктерінің) ережелері қайшы келетін немесе бұрын шығарылған актіні немесе оның бөлімін (бөліктерін) қамтитын жаңа нормативтік құқықтық акт қабылданған;
      Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген тәртіппен қабылданған акті конституцияға сәйкес емес деп танылған;
      соттың шешімі бойынша акті немесе оның бөлімдері (бөліктері) жарамсыз деп танылған;
      осы актіні қабылдаған орган немесе осыған уәкілетті өзге де орган актінің немесе оның бөлімдерінің (бөліктерінің) күші жойылған деп таныған;
      Ескерту. 20-тармақтан 7 абзац алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.01.24. N 122 қаулысымен.
      21. Нормативтік құқықтық актінің күші жойылған не оның қолданылуы белгiлi бiр мерзiмге тоқтатыла тұрған деп танылған жағдайда осы актіні қабылдаған орган немесе осыған уәкілетті өзге де орган бір апталық мерзімнің ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына және ол бұдан бұрын жарияланған ресми басылымдарға хабарлайды:
      1) ақпараттардың дер кезінде ұсынылмағаны үшін нормативтік құқықтық актіні шығарған органның бірінші басшылары жауаптылықта болады.
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiненемесе жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің тізіліміне тиісті жазбалар енгізеді.
      Ескерту. 21-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.02. N 1082 қаулысымен .

7-1. Мемлекеттік тіркеудің күшін жою және қалпына
келтіру тәртібі

      22. Тіркелген нормативтік құқықтық актіде қолданылып жүрген заңдарға қарама-қайшылықтар бар екені анықталған жағдайда Әділет министрлігі немесе оның аумақтық органдары осы актіні мемлекеттік тіркеудің күшін жою туралы тіркеуші органның бастығы (бастықтың орынбасары) бекіткен қорытынды шығаруға құқылы.
      23. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тиісті жазбалар жүргізіледі, бұл туралы Республикалық құқықтық ақпарат орталығына, аталған нормативтік құқықтық актіні шығарған органға және бұрынырақ осы нормативтік құқықтық акт жарияланған ресми басылымға хабарланады.
      24. Тіркеуші орган нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркелуін қалпына келтіруді жүргізуі мүмкін.
      Осыған байланысты тіркеуші органның бастығы (бастығының орынбасары) бекіткен тиісті қорытынды шығарылады және осы Тәртіптің 23-тармағымен көзделген іс-әрекеттер жасалады.
      Ескерту. 7-1 тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.24. N 122 қаулысымен.