Солтүстiк Қазақстан университетiнде әскери кафедра құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 2 наурыздағы N 160

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жүйесi үшiн Солтүстiк Қазақстан университетi студенттерiнiң қатарынан офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Солтүстiк Қазақстан университетiнде оқу орнының шығыстары мен штат санының шегiнде әскери кафедра құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп: 
      әскери кафедраның құрылымы мен штат санын әзiрлесiн және бекiтсiн; 
      оқу кафедрасын командалық-оқытушылық құраммен және оқыту-қосалқы қызметкерлермен жасақтасын; 
      әскери даярлықтың бейiнiн ескере отырып оқу жоспарларын, бағдарламаларын дайындасын және бекiтсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi оқу процесiн жүргiзу үшiн әскери кафедраны әскери даярлықтың бейiнi мен оқу жоспарларына сәйкес әскери мүлiкпен қамтамасыз етсiн. 
      4. <*>
       Ескерту. 4-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2006.05.24. N  449 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi