1. Солтүстiк Қазақстан университетiнде оқу орнының шығыстары мен штат санының шегiнде әскери кафедра құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп:
әскери кафедраның құрылымы мен штат санын әзiрлесiн және бекiтсiн;
оқу кафедрасын командалық-оқытушылық құраммен және оқыту-қосалқы қызметкерлермен жасақтасын;
әскери даярлықтың бейiнiн ескере отырып оқу жоспарларын, бағдарламаларын дайындасын және бекiтсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi оқу процесiн жүргiзу үшiн әскери кафедраны әскери даярлықтың бейiнi мен оқу жоспарларына сәйкес әскери мүлiкпен қамтамасыз етсiн.
4. "Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы Ережелердi және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 қазандағы N 1094 P941094_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 40, 439-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiне: "Университеттер" деген тарау мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Солтүстiк Қазақстан университетi, Петропавл қаласы". Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi