1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарттарын жасасудың жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензияларда белгiленген мерзiмiн сақтауына бақылау орнатсын. Белгiленген уақытта шарт жасалмаған жағдайда, келiсiм-шартты жасаспау жер қойнауын пайдаланушының кiнәсiнен болмаған немесе дәлелдi себептерге байланысты болған жағдайлардан басқасында, аталған мерзiмнен 60 күнтiзбелiк күн өткен соң Қазақстан Республикасының Үкiметiне берiлген лицензияларды қайтарып алу туралы ұсыныс енгiзсiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.06.22. N 578
қаулысымен. P980578_
2. "1998 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт жасасқанға дейiн бұрын Жер қойнауын қорғау және минерал-шикiзат базасын қалпына келтiру жөнiндегi республикалық қорға төлем жасаған жер қойнауын пайдаланушылар үшiн республикалық бюджеттiң кiрiсiне роялти түрiндегi аударымдардың мөлшерiн белгiлеуге қажеттi, қоса берiлiп отырған ставкалар бекiтiлсiн.
3. Жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт жасасқанға дейiн Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын барлық ұйымдар осы қаулыда бекiтiлген және "Мұнайға, газға және көмiрге тiркелген (ренталық) төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 1 маусымдағы N 764 P950764_ қаулысымен белгiленген ставкалар бойынша тiркелген (ренталық) төлемдер ставкасына сүйене отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен роялтидiң есебiне аударымдарды республикалық бюджеттiң кiрiсiне толық және уақтылы аударуды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы қаулының орындалуына пәрмендi бақылау жасауды қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын. 6. Осы қаулы 1998 жылдың 1 сәуiрiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 24 ақпандағы N 135 қаулысымен бекiтiлген Жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт жасасқанға дейiн, бұрын Жер қойнауын қорғау және минерал-шикiзат базасын қалпына келтiру жөнiндегi республикалық қорға төлем жасаған жер қойнауын пайдаланушылар үшiн республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударымдардың ставкасы ______________________________________________________________ Пайдалы қазбалар топтарының| Өлшем бiрлiгi |Сату бағасы және түрлерiнiң атауы | |бойынша | |проценттiк | |ставкасы ___________________________|_____________________|_____________ 1 | 2 | 3 ___________________________|_____________________|_____________ Отын-энергетикалық шикiзат Мұнай жалпы өндiрiлген 12 өнiмнiң 1 т Газ конденсаты жалпы өндiрiлген 12 өнiмнiң 1 т Табиғи газ өндiрiлген өнiмнiң 12 1000 текше.м Ашық тәсiлмен өндiрiлетiн өтелген баланстық 5 көмiр запастың 1 т Жерасты өндiру тәсiлiмен өтелген баланстық 2 өндiрiлетiн көмiр запастың 1 т Радиоактивтi шикiзат, металдың өтелген 8 уран баластық запасының 1 кг Қара металдар Руда немесе темiр руданың өтелген 1,5 концентраты баланстық запасының 1 т Марганец концентраты " 1,5 Руда немесе хром " 1,5 концентраты Түстi және сирек кездесетiн металдар Мыс (құйма, тазартылған, металдың өтелген 2 анодты) баланстық запасының 1 т Концентраттағы мыс " 4 Кендегi мыс металдың өтелген 9 баланстық запасының 1 т Қорғасын (құйма) " 2 Концентраттағы қорғасын " 4 Кендегi қорғасын және " 8 мырыш Құйма мырыш " 2 Концентраттағы мырыш " 4 Бокситтер өтелген баланстық 8 запастың 1 т Концентраттағы қалайы металдың өтелген 8 баланстық запасының 1 т Концентраттағы танталдың өтелген баланстық 8 бес тотығы запастың 1 т Концентраттағы вольфрамды ангидридтiң өтелген 7 ангидрид баланстық запасының 1 т Кендегi никель және өтелген баланстық 4 кендегi кобальт запастың 1 т Концентраттағы молибден " 6 Асыл металдар Алтын металдың өңделген 4 баланстық запасының 1 г Күмiс " 3 Металлургияға арналған руда емес шикiзат Доломиттер өтелген баланстық 1 запастың 1 т Флюстик әк тастар " 1 Қалыптама құм " 1 Тау-кен химия шикiзаты Фосфорит кенiндегi өтелген баланстық 1,5 фосфордың бес тотығы запастың 1 т Бор кенiндегi бор өтелген баланстық 1,5 ангидридi запастың 1 т Концентрат пен кендегi өтелген баланстық 1,5 барит запастың 1 т Басқа кен емес шикiзат Хризотил-асбест өтелген баланстық 3,5 запастың 1 т Отқа төзiмдi саз балшық " 3,5 Керамика өнеркәсiбiне арналған шикiзат " 3,5 Каолин " 3,5 Құрылысқа арналған әк өтелген баланстық 3,5 тастар запастың 1 текше/м 3,5 Ас тұзы өтелген баланстық запастың 1 т Калий тұзы өтелген баланстық 3,5 запастың 1 т Цементтiк шикiзат " 3,5 Бентонит сазбалшығы " 3,5 Вермикулит " 3,5 Жергiлiктi құрылыс материалдары Жол құрылысына арналған өтелген баланстық 4,5 кирлер запастың 1 т Әрлеуге арналған әк өтелген баланстық 4,5 тастар, мәрмар запастың 1 текше.м Әрлеуге арналған тау " 4,5 жыныстары Құрылыс тастары " 4,5 Құмдар және құм-қиыршық " 4,5 қоспасы Шығы өнеркәсiбiне " 4,5 арналған шикiзат Керамзиттi шикiзат " 4,5 Кiрпiш жасайтын сазбалшық " 4,5 Гипс және гипсангидриттi өтелген баланстық 4,5 тастар запастың 1 т Бор " 4,5 Жарқылтас шикiзаты өтелген баланстық 15 запастың 1 кг Жерасты сулары 1 текше.м 10 Басқа да пайдалы қазбалар өтелген баланстық 5 запастың 1 т (1 текше. м) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 24 ақпандағы N 135 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI
"Республикалық Жер қойнауын қорғау және минералдық-шикiзаттық базаның орнын толтыру қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 6 қазандағы N 824 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 38, 574-құжат).
"Жер қойнауын қорғау және минерал-шикiзат базасын қалпына келтiру жөнiндегi Республикалық қор құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 мамырдағы N 407 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 17, 211-құжат).
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 6 қазандағы N 824 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 23 желтоқсандағы N 1290 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 50, 601-құжат).
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 мамырдағы N 407 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 27 мамырдағы N 570 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 23, 247-құжат).
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 6 қазандағы N 824 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қазандағы N 1117 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 41, 449-құжат).