Есірткі, психотроптық, және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру жөніндегі істер бойынша заңдарды қолдану туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының Қаулысы 1998 жылғы 14 мамыр N 3. Тақырып өзгерді - ҚР Жоғарғы сотының 2000.12.22. N 19 қаулысымен.

Жаңартылған

      Есірткі, психотроптық, улы заттарды және прекурсорларды заңсыз айналымға түсіргені үшін жауапкершілік сол заттарды дайындауға пайдаланатын құрал-жабдықтар үшін жауапкершілік белгілейтін заңдарды біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мақсатымен және осы категориядағы істер бойынша сот әділдігін жүзеге асырудың сапасын көтеруді көздей отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: <*>
      Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Жоғарғы сотының 2000.12.22. N 19 қаулысымен .
      Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 7 қаулысымен .

      1. Есірткі, психотроптық заттарды және оларды дайындауға немесе қайта өңдеуге пайдаланылатын заттарды (прекурсорлар), 2002 жылғы 8 тамызда күшіне енген "Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар тізіміне енгізілген заттар үшін ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын түсіндіру керек. ("Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымша") <*>
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы сотының 2000.12.22. N 19 қаулысымен .
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 7 қаулысымен .

      1-1. Есірткі немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатын көздемей шағын мөлшерде заңсыз иемденіп алуда, сақтауда, тасымалдауда қылмыстық жазалауға жататын әрекет белгілері болмайды.
      Көрсетілген әрекеттерді жасауға кінәлілер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабының негізінде әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін. <*>
      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 7 қаулысымен .

      2. Жоғарыда көрсетілген заттарды сатып алу, басқа товарға немесе затқа айырбастап алу, қарыздың орнына беру, қарызға немесе сыйға алу, туып алғанды иелену, құрамында есірткі бар жабайы өсімдіктерді немесе олардың бөлігін жинау, осындай өсімдіктердің күзетілмейтін егістік алқабындағы жинау жұмысы біткеннен кейінгі қалдығын жинап алуды т.б. заңсыз алу деп түсіну керек.

      2-1. Есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз иемденіп алу:
      а) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз жасалса ҚК-нің 259-бабының 1-бөлігі бойынша;
      б) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын мөлшерде өткізу мақсатымен жасалса не өткізу мақсатынсыз, бірақ есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты аса ірі мөлшерде жасалса ҚК-нің 259-бабының 2-бөлігі бойынша;
      в) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты ірі мөлшерде өткізу мақсатымен жасалса не шағын немесе ірі мөлшерде өткізу мақсатымен адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса немесе бірнеше рет өткізу мақсатымен жасаса ҚК-нің 259-бабының 3-бөлігі бойынша;
      г) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты аса ірі мөлшерде өткізу мақсатымен жасалса не ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын немесе ірі мөлшерде өткізу мақсатымен жасаса ҚК-нің 259-бабының 4-бөлігі бойынша дәрежелеуге жатады. <*>
      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 7 қаулысымен .

      3. Сол заттарды кінәлінің арнайы рұқсатсыз иелігінен (өзінен, жасырын жерден, үй-жайдан, көлік құралынан, басқада орындардан) тауып алумен байланысты кез-келген қасақана әрекет заңсыз сақтау болып табылады.
      Өткізу мақсатында заңсыз сақтау пиғылымен жасалғандығы жөнінде мәселені шешу үшін, бұл заттар анық өткізуге дайындалғандығын дәлелдейтін айғақтар жинағын арқау ету керек (мысалы, жоғарыда көрсетілген заттар көп мөлшерде табылса, оларды өзі ғана қолданатынын жоққа шығаратын жағдайда, бөлшектеу, оларды дайындайтын және бөлуге арналған құралдар мен жабдықтардың болуы, кінәлінің өзі есірткіні қолданбайтындығы фактісі т.с.с.).

      3-1. Есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз сақтау:
      а) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз жасалса ҚК-нің 259-бабының 1-бөлігі бойынша;
      б) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз жасалса не есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын мөлшерде өткізу мақсатымен жасалса ҚК-нің 259-бабының 2-бөлігі бойынша;
      в) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты ірі мөлшерде өткізу мақсатымен жасалса не шағын немесе ірі мөлшерде өткізу мақсатымен адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса немесе бірнеше рет өткізу мақсатымен жасаса ҚК-нің 259-бабының 3-бөлігі бойынша;
      г) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты аса ірі мөлшерде өткізу мақсатымен жасалса не ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын немесе ірі мөлшерде өткізу мақсатымен жасаса ҚК-нің 259-бабының 4-бөлігі бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. <*>
      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 7 қаулысымен .

       4. Кез-келген әдейі жасалған әрекет нәтижесінде белгілі бір есірткі зат Тізімге енгізілген затқа айналдырылса, заңсыз дайындау болып табылады. Ал сол заттардың формасын өзгерту (ұстау, таблеткаға қалыптау, пилюли, плиткалар, пасталар т.б.) заңсыз дайындау болып есептелмейді.

      4-1. Есірткі немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатымен немесе онсыз заңсыз дайындау:
      а) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын мөлшерде жасалса ҚК-нің 259-бабының 2-бөлігі бойынша;
      б) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты ірі мөлшерде жасалса не шағын немесе ірі мөлшерде адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса немесе бірнеше рет жасаса ҚК-нің 259-бабының 3-бөлігі бойынша;
      в) егер осы әрекетті ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын немесе ірі мөлшерде жасаса, сондай-ақ ол есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты аса ірі мөлшерде жасалса ҚК-нің 259-бабының 4-бөлігі бойынша дәрежелеуге жатады. <*>
      Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 7 қаулысымен .

        5. Есірткі немесе психотроптық затты дайындауға немесе қайта өңдеуге пайдалану мақсатында қолдан немесе өндірістік жолмен жасалған заттар немесе соған ыңғайланған құралдар (тұрмыстық-шаруашылық бағыттағы заттардан басқа) соларды жасауға арналған құрал және аспапқа жатады деп түсіну керек.
      Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы сотының 2000.12.22. N 19 қаулысымен .

      6. Белгілі бір есірткі немесе психотроптық заттың күшін көтеру үшін тазарту (жат қоспалардан тазарту) заңсыз өңдеу болып есептеледі. Құрамында есірткі зат бар өсімдіктерді кептіру, ұсату, кейбір бөлшектерден ажырату және басқада түрлендіру (сол заттан басқа бір есірткі зат алынбаса) заңсыз қайта өңдеу деп есептелмейді.

      6-1. Есірткі немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатымен немесе онсыз заңсыз ұқсатуға байланысты жасалған әрекеттер үшін жауаптылық:
      а) егер осы әрекеттер есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын мөлшерде жасалса ҚК-нің 259-бабының 2-бөлігі бойынша;
      б) егер осы әрекеттер есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты ірі мөлшерде жасалса не шағын немесе ірі мөлшерде адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса немесе бірнеше рет жасаса ҚК-нің 259-бабының 3-бөлігі бойынша;
      в) егер осы әрекеттерді ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын немесе ірі мөлшерде жасаса, сондай-ақ егер олар есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты аса ірі мөлшерде жасалса ҚК-нің 259-бабының 4-бөлігі бойынша белгіленген. <*>
      Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 7 қаулысымен .

      7. Есiрткi, психотроптық заттарды, сондай-ақ прекурсорларды заңсыз тасымалдау ҚР "Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдалануына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Заңының 1-бап 12-тармағына сәйкес оларды тасымалдау тәсiлiне қарамастан орын ауыстыруы жөнiндегi кез келген қасақана жасалатын әрекеттер - оларды заңсыз тасымалдау болып табылатынын түсiндiру қажет.
      Тасымалдауды есiрткi, психотроптық заттарды, прекурсорларды заңсыз пайдаланып жүрген адамдар, сондай-ақ оның тапсырмасы бойынша басқа да адамдар жүзеге асыра алады. Аталған заттарды орнын ауыстыруды басқаларға тапсырған адам тасымалдауды ұйымдастырушы, ал егер, тасымалдауды қылмыстық заң бойынша жауапкершiлiкке тартылмайтын (мысалы, есi дұрыс емес, қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн жасы толмаған, немесе заттың сипаты туралы хабарсыз) адамдарға тапсырса, онда тiкелей орындаушы ретiнде жауапқа тартылады.
      Есірткі немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатымен немесе онсыз заңсыз тасымалдау:
      а) егер осы әрекет ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз жасалса ҚК-нің 259-бабының 1-бөлігі бойынша;
      б) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын мөлшерде өткізу мақсатымен не аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз жасалса ҚК-нің 259-бабының 2-бөлігі бойынша;
      в) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты ірі мөлшерде өткізу мақсатымен жасалса не шағын немесе ірі мөлшерде өткізу мақсатымен адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса немесе бірнеше рет өткізу мақсатымен жасаса ҚК-нің 259-бабының 3-бөлігі бойынша;
      г) егер осы әрекетті ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын немесе ірі мөлшерде өткізу мақсатымен жасаса, сондай-ақ егер әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты аса ірі мөлшерде өткізу мақсатымен жасалса ҚК-нің 259-бабының 4-бөлігі бойынша дәрежелеуге жатады. <*>
      Есірткі, психотроптық заттарды және прекурсорларды тасымалдау олар тасымалдана бастаған сәттен бастап аяқталды деп есептеу қажет.<*>
      Адамның өзінің жеке басының пайдалануына арналған есірткі немесе психотроптық заттарды сапарға шыққан кезінде шағын мөлшерде сақтауы заңсыз тасымалдау деп дәрежеленуге тиіс емес. <*>
      Есiрткi немесе психотроптық заттарды, аспаптарды немесе оларды жасау үшiн қолданылатын құралдарды, прекурсорларды бiр жаққа заңсыз жiберу деп оларды кез келген байланыс құралымен, арнайы адам арқылы сонымен қатар құстар мен жануарларды пайдалануды түсiну керек.
      Есірткі немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатымен немесе онсыз заңсыз жөнелту:
      а) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын мөлшерде жасалса ҚК-нің 259-бабының 2-бөлігі бойынша;
      б) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты ірі мөлшерде жасалса не шағын немесе ірі мөлшерде адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса немесе бірнеше рет жасаса ҚК-нің 259-бабының 3-бөлігі бойынша;
      в) егер осы әрекетті ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын немесе ірі мөлшерде жасаса, сондай-ақ егер әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты аса ірі мөлшерде жасалса ҚК-нің 259-бабының 4-бөлігі бойынша дәрежелеуге жатады. <*>
      Жөнелтуді ресімдеу кезін, демек жүкті байланыс кәсіпорнының немесе көлік ұйымының ресми өкіліне не жөнелтуді жүзеге асыратын адамға өткізу сәтін осы заттарды жөнелту аяқталған сәт деп есептеу қажет. <*>
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1999.04.30. N 2 қаулысымен .
      Ескерту. 7-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы сотының 2000.12.22. N 19 қаулысымен .
      Ескерту. 7-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 7 қаулысымен .

      8. Есірткі немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатымен заңсыз иемденіп алған, тасымалдаған немесе сақтаған не өткізу мақсатымен немесе онсыз, есірткі немесе психотроптық заттарды дайындаған, ұқсатқан, жөнелткен не өткізген адамдардың әрекеттері, егер ол көрсетілген қоғамдық қауіпті әрекеттердің бірін немесе бірнешеуін бұрын жасаған және бұл үшін сотталмаған болса, қылмыстардың бірнеше мәрте жасалу белгісі бойынша ҚК-нің 259-бабының 3-бөлігінің "б" тармағы бойынша дәрежеленетіні соттарға түсіндірілсін. Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшін заңмен белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса  не адамның бұрын жасаған қылмысы үшін соттылығы жойылған немесе алынған болса, немесе мұндай қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тарту мерзімі өтіп кетсе, қылмыс бірнеше рет жасалған деп танылмайды.
      Бір адамның есірткіні, психотроптық заттарды бірнеше сатып алушыға сатуы, оның ішінде біраз уақыт өткізіп барып сатуы, егер кінәлінің өткізген сайын сатудың әрбір фактісі бойынша өзінің осындай пиғылды көздегені анықталса, есірткі немесе психотроптық заттарды бірнеше мәрте сату деп дәрежеленеді. <*>
      Ескерту. 8-тармақ алып тасталды - ҚР Жоғарғы сотының 2000.12.22. N 19 қаулысымен .
      Ескерту. 8-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 7 қаулысымен .

      9. Есірткі, психотроптық заттарды прекурсорларды бір тұлғаның билігінен басқа тұлғаларға заңсыз өткізу немесе берудің кез-келген осы бағыттағы тәсілін заңсыз өткізу деп түсіну керек (сату, сыйлау, қарызын өтеу, айырбастау, қарызға беру, басқа тұлғаға укол салу т.с.с.).

      9-1. Есірткі немесе психотроптық заттарды өткізу:
      а) егер өткізу есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын мөлшерде жасалса ҚК-нің 259-бабының 2-бөлігі бойынша;
      б) егер өткізу есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты ірі мөлшерде жасалса не шағын немесе ірі мөлшерде адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса немесе бірнеше рет жасаса ҚК-нің 259-бабының 3-бөлігі бойынша;
      в) егер өткізуді ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын немесе ірі мөлшерде жасаса, сондай-ақ, егер өткізу есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты аса ірі мөлшерде жасалса ҚК-нің 259-бабының 4-бөлігі бойынша дәрежелеуге жатады.
      Кінәлі адам есірткі немесе психотроптық заттар деген желеумен басқа заттарды өткізіп, осы арқылы сатып алушыны адастырса, онда оның әрекетін алаяқтық деп дәрежелеген жөн.
      Алдаудың әсерімен осындай заттарды сатып алған адамның әрекеті есірткіні немесе психотроптық заттарды иемденіп алуға оқталу деп дәрежеленуге тиіс.
      Егер кінәлі адам есірткі немесе психотроптық заттардың және прекурсорлардың иесінің өтініші бойынша оның осыларды сатуына көмектессе, онда оның әрекетін өткізуге көмектесу деп дәрежелеу қажет.
      Үшінші бір адамдар үшін олардың өтініші бойынша есірткіні немесе психотроптық заттарды сатып алған адамның әрекетін, есірткілердің кімнің қаражатына сатылып алынғанына қарамастан, есірткі немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз иемденіп алуға көмектесу деп, демек, ҚК-нің 259-бабының 1-бөлігі бойынша дәрежелеген жөн. Қатысу түрлері мен нысаны туралы мәселе әрбір нақтылы жағдайда істің мән-жайы негізге алына отырып шешілуге тиіс.
      Егер осындай адамның әрекеттерінде есірткіні немесе психотроптық заттарды иемденіп алуға басқаларды бейімдеу пиғылы байқалса, онда жасалған әрекетті есірткіні немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз иемденіп алуға көмектесу деп дәрежелеу қажет.
      Адамның тұтынушыға тиесілі есірткі немесе психотроптық заттарды сол тұтынушының өтініші бойынша оған егуі заңсыз өткізу деп дәрежеленуге тиіс емес. <*>
      Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 7 қаулысымен .

      10. ҚК-тің 250-бабында көрсетілген жауапкершілік, аталмыш заттарды мемлекет ішіне заңсыз кіргізу немесе мемлекеттен тысқары шығарғаны үшін қолданылады, ал олардың Қазақстан Республикасы көлеміндегі бос қоймалар немесе еркін кедендік шекара аймағындағы заңсыз қозғалыс жағдайына қолданылмайды.

      11. Есірткі немесе психотроптық заттардың, күшті әсер ететін, улы заттардың, прекурсорлардың нақтылы түрін, атауын, мөлшерін, салмағын және көлемін анықтау, сондай-ақ оларды дайындау үшін қолданылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың жарамдылығын анықтау үшін сараптама жүргізу қажет.
      2002 жылғы 8 тамызда күшіне енген көрсетілген заттардың шағын, ірі және өте ірі мөлшерін заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеге сәйкес белгілеген жөн ("Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 2-қосымша).
      Егер қылмыс сол көрсетілген күнге дейін жасалса, онда осы заттардың мөлшерін анықтау кезінде "Бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы N 186 қаулысымен бекітілген және 1998 жылғы 29 сәуірден бастап күшіне енген Тізімді және Жиынтық кестені басшылыққа алу қажет, ал егер әрекет одан бұрын жасалса - КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы Есірткі заттарды қадағалау жөніндегі тұрақты комитеттің 1990 жылғы 19 желтоқсандағы N 16 Қорытындысын негізге алу керек.
      Осы орайда, егер жаңадан бекітілген Тізім мен Жиынтық кестеге сәйкес жауаптылық немесе жаза жеңілдетілсе немесе қылмыс жасаған адамның жағдайы өзгедей жақсарса, онда осы ереженің кері күші қолданылатынын назарда ұстау қажет.
      Жиынтық кесте әр есірткінің немесе психотроптық заттың мөлшері мен түрін жеке-жеке анықтайтындықтан, егер тұлға әр түрлі есірткімен немесе психотроптық заттармен ұсталса, онда кінәлінің әрекетін дәрежелеу кезінде әр түрлі есірткінің немесе психотроптық заттардың жалпы салмағын қосып есептеуге жол берілмейді.
      Жұлынған зығыр өсімдіктері мен апиын көкнәрінен тұратын есірткі мен психотроптық заттардың мөлшері мен салмағын анықтау кезінде оның есірткісі жоқ бөліктерін (топырақ, тамырлар және т.б.) қоспай, бөліп тастаулары қажет.
      Адамнан құрамында есірткі бар (күшті әсер ететін) ерітінділер табылған кезде ерітіндінің осы мөлшерін алу үшін есірткінің немесе психотроптық заттың ірі немесе аса ірі мөлшерде пайдаланылғаны сараптама жасау жолымен анықталған жағдайда ғана қылмыстық жауаптылық туындайтынын соттар назарда ұстаулары қажет. <*>
      Есеңгірету үшін притондар ұйымдастырғаны және ұстағаны үшін ҚК-тің 272-бабы бойынша жауапқа тарту мәселесін шешуде, есірткі немесе психотроптық зат болып табылмайтын дәрілікке пайдаланылатын немесе басқа да заттар, оларды пайдаланғанда адамға есеңгірету ықпалын тигізетіндігін анықтау мақсатында, осыған сәйкес сараптама жасау қажет.
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ толықтырылды - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1999.04.30. N 2 қаулысымен.
      Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы сотының 2000.12.22. N 19 қаулысымен.
      Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 7 қаулысымен .

       12. ҚК-тің 265-бабының 1-бөлігімен жауапқа тарту үшін сот заттармен айналысу ережесін бұзу фактісі жеткілікті, қажетті жағдайда оны осыған сәйкес сараптама жасау арқылы айқындау қажет екендігі түсіндірілсін. Бұл әрекетті осы баптың екінші бөлігімен дәрежелеу үшін, ережелерді бұзудан елеулі зияндар келтіру немесе сол заттардың ұрлануы шарт. Бұл ретте елеулі зиян болып адамдардың ауруы, ғимараттың, қоршаған ортаның ластануы, жұмыстың тоқтауы немесе өндірістік циклдың бұзылуы т.б. табылады. Абайсызда адам өліміне әкеліп соқса немесе адам өміріне ауыр зиян келтірсе, ондай әрекеттер ҚК-тің тиісті бабы бойынша қосымша дәрежеленуге жатады.

      13. Есірткі, психотроптық және улы заттарды қолдану тәртібін бұзу, ұрлау мақсатымен жасалса немесе ұрлыққа ұласатын болса, онда бұл әрекет ҚК-тің 265-бабының 2-бөлігі және 260-бабының осыған сәйкес бөлігінің жиынтығымен дәрежеленеді.
      Тұлға есірткі, психотроптық және улы заттарды қолдану ережесін бұзумен бірге қызмет мүддесіне қарсы қылмыс жасаса (пара алу, қызмет өкілдігін теріс пайдалану, заңсыз сыйлық алу т.б.) ондай тұлға ҚК-тің 265-бабымен және аталған қылмыстары үшін басқа баптардың жиынтығы бойынша жауапкершілікке тартылады.
      Ескерту. 13-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы сотының 2000.12.22. N 19 қаулысымен.

       14. Өздерiнiң қызмет бабы бойынша есiрткi, психотроптық және улы заттарға, оларды дайындауға немесе қайта өңдеуге пайдаланатын құрал-жабдықтарға қатысы бар лауазымды және лауазымсыз тұлғалар, сондай-ақ аталғандар оларға қызмет бабы бойынша пайдалануға немесе сақтауға берiлген адамдар Қылмыстық кодекстiң 260-бап екiншi бөлiгiнiң в) тармағында, 263-баптың үшiншi бөлiгінде және 265-бабында көрсетiлген қылмыстардың субъектiлерi болып табылады.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы сотының 2000.12.22. N 19 қаулысымен .

      15. Есірткі немесе психотроптық заттарды пайдалануға көндіру деп, басқа тұлғалардың оларды тұтынуға ниетін қоздыруға бағытталған кез-келген қасақана әрекетін (үгіттеу, ұсыныс жасау, ақыл беру, адастыру, алдау, қорқыту) түсіну керек. Тұлғаға есірткі немесе психотроптық заттарды қолдануға әсер ету мақсатымен, икемденуші тұлға оны қолданса да немесе басқа бір себептермен қолдана алмаса да (икемделушінің қолданудан бас тартуы, басқа тұлғалардың араласуы т.с.с.) қылмыс аяқталған болып есептеледі. Бұл жағдайда, икемделген тұлға бұдан бұрын сол заттарды қолданғандығы оның жауапкершілігін шешуде маңыз атқармайды.
      Кінәлінің ол заттарды әр мерзімде, әртүрлі тұлғаларға немесе бір ғана тұлғаға қатысты бағыттап жасаған ниетін қоздыру ҚК-тің 261-бабының 2-бөлігінің "б"-тармағымен, ал бұл әрекеттер бір мезгілде екі одан да көп тұлғаларға жасалған болса онда көрсетілген баптың 2-бөлігінің "в" тармағымен дәрежеленеді.
      Есірткі немесе психотроптық заттарды қолдануға көндіру жәбірленушінің абайсызда өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеліп соқса, ондай әрекеттер ҚК-тің басқа баптарымен қосымша жеке адамға қарсы дәрежеленуді қажет етпейді. Қылмыстық кодекстің 261-бабы 3-бөлігінде көрсетілген ауыр зардаптарға абайсызда жәбірленушінің денсаулығына келтірілген залал, есірткіге тәуелді болу, жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруі, немесе қастандық жасауы, жүйке ауруы немесе осы ауырудың күшеюі және ВИЧ инфекциясын жұқтыру және т.б. жатады.
      Егер есірткі немесе психотроптық заттарды қолдануға көндіру кезінде кінәлі адам жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зардап тигізсе, оның әрекеті ҚК-тің 261-бабы 2-бөлігі және 103-баптың сәйкес бөлігімен дәрежеленуі керек.
      Есірткі немесе психотроптық заттарды қолдануға кәмелетке толмаған тұлғаны көндіргені үшін, ҚК-тің 261-бабы 2-бөлігінің "в" тармағы бойынша қылмыс субъектісі болып тек кәмелетке жеткен тұлға ғана табылады.

      16. Притон деп есірткі немесе психотроптық заттарды қолдануға жүйелі түрде берілетін тұрғын үй немесе тұруға болмайтын үйлерді айтады.
      Притон ұйымдастыру деп оларды құруға арналған әрекеттерді (іздеу, жалдау, үйлерді және жиһаздарды осыған сай етіп жабдықтау т.с.с.), ал үй болған жағдайда есірткі немесе психотроптық заттарды қолдануға ниеті бар тұлғаларды тарту әрекеттері табылады т.с.с.
      Притонды ұстау, оның жүйелі қызметін қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерден тұрады (оны материалдық жағынан қамтамасыз ету, күзету, жөндеу, клиенттерге қызмет көрсету, қолдану үшін құралдармен жабдықтарды табу т.с.с.).
      Егер притонды ұйымдастыру және ұстау есірткі заттарды заңсыз айналымға салумен немесе оны қолдануға көндірумен ұштасса, бұл әрекеттер ҚК-тің 264-бабының соған сәйкес бөлігімен және басқа жасаған қылмыстар үшін жауапкершілікке тартатын баптар жиынтығымен дәрежеленеді.

      17. Тізімде көрсетілген, құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тиым салынған өсімдіктерді кез-келген жер учаскесіне дәнін рұқсатсыз отырғызуды, ал оны заңсыз себу деп егіске күтім жүргізіп, оны пісу сатысына жеткізуді заңсыз өсіру деп түсіну керек.
      Сапасын арттыру деп өсіруге тиым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді сұрыптау яғни олардың жаңа сорттарын өсіріп шығарумен әрі қарай жетілдіруге бағытталған іс-әрекеттер танылады.

     17-1. ҚК-нің 259-бабының 1-бөлігінің санкциясы жазаның баламалы түрлерімен толықтырылуына байланысты, сот үкім шығарған  кезде, жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сотталғанның жеке басын, сондай-ақ кінәлінің жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, жаза тағайындау туралы шешімін негіздеуге тиіс.
      Бұл орайда, егер жазаның жеңіл түрі жазаның мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік бермеген жағдайда, жасалған қылмыс үшін көзделген жазалардың ішінен жазаның әлдеқайда ауыр түрі қолданылады. <*>
      Ескерту. 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 7 қаулысымен .

      18. Қылмыстық кодекстің 259-бабының қосымшасында көрсетілген негіздермен тек екі жағдай мүмкіндігі болған кезде: есірткі немесе психотроптық заттарды өз еркімен тапсырған немесе сол заттарды медициналық емес мақсатта қолдануға байланысты медициналық көмек көрсетілуі үшін медициналық мекемеге өз еркімен барған, және ол заттардың заңсыз айналымға түсуіне байланысты қылмыстарды ашуға белсенді көмек көрсеткен тұлға, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Сол заттарды нақты қолдану мүмкіндігі бол тұра ол жергілікті билік өкіліне тапсырса, бұл өз еркімен тапсырған болып табылады. Есірткі немесе психотроптық заттардың заңсыз айналымға түсуіне байланысты алдын ала тергеу орындарына осы қылмыстарды ашуға немесе жолын кесуге жүргізілетін іс-шараларға белсенді көмек көрсетіп, қылмыстық іске қатысты жақтарды іздестіріп, олардың мекен жайын тауып, ұстау және есірткі немесе психотроптық заттарды табуға көмектесуі т.с.с., осы қылмысты ашуға субъектінің өз еркімен жасаған көмегі болып есептеледі.

      19. Есірткі немесе психотроптық заттардың заңсыз айналымға түсуіне байланысты істі қараған кезде, соттар қажетті жағдайда, айыпкерге нашақорлық немесе таксикоманиядан еркінен тыс емделуді қолдану мәселесін шешу үшін сот-наркологиялық сараптама тағайындауы қажет. Нашақорлық немесе таксикоманиядан емделуді қажет ететін тұлғаларға ҚК-тің 88-бабының талабына сәйкес еркінен тыс емдеу шараларын қолдану туралы мәселені талқылау керек.

      19-1. Соттар тергеудің заңсыз тәсілдері туралы сотталушылардың арыздарын мұқият әрі жан-жақты тексеруге тиіс. Бұл орайда қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық істер жүргізу заңын бұзу және бұрмалау жолымен алынған дәлелдемелерін анықтау мақсатында олардың жедел-іздестіру өндірісінің және тергеу амалдарының тәртібін реттейтін қылмыстық-заңнама талаптарын сақтауына ерекше назар аудару қажет.
      Арызда көрсетілген уәждер анықталған жағдайда осындай жолмен алынған дәлелдемелер алып тастауға жатады.
      Ескерту. 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 7 қаулысымен .

      20. Бұл категориядағы істер бойынша айғақ заттар тағдыры ҚІЖК-нің 121-бабы 3-бөлігінің 2-тармағына сәйкес шешілуі қажет.

      21. Соттар қылмыс жасауға мүмкіншілік тудыратын себеп пен жағдайларға көңіл аударып, сонымен бірге алдын-ала тексеру кезінде, заң қарастырғандай, ол заттарды алу немесе тарату көздерін, есірткі немесе психотроптық заттардың заңсыз айналымының нәтижесінде алынған ақша қаражаттары мен мүліктерді заңдастырудың көздері мен жолдарын анықтап, оған негіз болған жағдайда ҚІЖК-нің 387-бабына сәйкес, жеке қаулы шығаруы қажет. <*>
      Ескерту. 21-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 7 қаулысымен .

      22. Осы қаулының қабылдануына байланысты Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының:
      - 1988-жылғы 25-наурыздағы 2-ші санды Пленум қаулысы мен өзгертулер енгізілген 1986-жылғы 10-қазандағы "Нашақорлықпен күресуге бағытталған заңдарды қолдануға байланысты сот тәжірибесі туралы" 16-шы санды;
      - 1988-жылғы 25-наурыздағы Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 2-ші санды қаулысымен "Нашақорлықпен күресуге бағытталған заңдарды қолдануға байланысты сот тәжірибесі туралы" 1986-жылғы 10-қазандағы 16-шы санды қаулысына өзгерістер енгізу туралы;
      - 1991-жылғы 5-сәуірдегі 2-ші санды "Жамбыл облысы соттарының есірткі құралдарымен заңсыз айналысу туралы заңдар талаптарын орындау барысы туралы" қаулылары күшін жойды деп танылсын;
      - 1987-жылғы 24-желтоқсандағы КСРО Жоғарғы Соты Пленумының "Есірткі заттарды ұрлау, оларды заңсыз түрде дайындау мен таратуға және басқада есірткі құралдары, күшті әсер ететін және улы заттарға байланысты істер бойынша сот тәжірибесі туралы" 12-ші санды қаулысы қолданылмайды деп танылсын.
      Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы

      Пленум хатшысы,
      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы