1. Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетiнде запастағы офицерлердi даярлау үшiн оқу орнының шығыстары мен штаттық санының шегiнде әскери кафедра құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп:
әскери кафедраның құрылымы мен штаттық санын әзiрлесiн және бекiтсiн;
әскери даярлықтың бейiнiн ескере отырып оқу жоспарларын, бағдарламаларын дайындасын және бекiтсiн.
3. Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетiнiң ректоры Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп "Әскери кафедралар туралы ережеге" сәйкес оның оқу-материалдық базасын дайындасын.
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi:
әскери кафедраны командалық-оқытушылық құраммен және оқыту-көмекшi қызметкерлермен жасақтасын;
әскери кафедраны әскери даярлықтың бейiнi мен оқу жоспарларына сәйкес әскери мүлiкпен қамтамасыз етсiн.
5. "Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы ережелердi және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 қазандағы N 1094 P941094_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 40, 439-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiнде: "Университеттер" деген тарау мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетi". Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi