"Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 4 маусымдағы N 926

Жаңартылған

      Зейнетақы жарналарына есеп жүргiзудi қамтамасыз ету, тиiстi орталықтандырылған деректер базасы мен зейнетақы төлеудiң тиiмдi жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қалыптастыру және оған қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Жедел басқару құқығындағы "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару уәкiлеттi органы болып белгiленсiн.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N 376 қаулысымен.

      3. Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
      зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, зейнетақылардың, жәрдемақылар мен өзге де төлемдердің орталықтандырылған, дербестендірілген есебін жүргізу;
      зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мен өзге де төлемдерді алушылардың орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру;
      зейнетақыларды, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды, бала туғанда берілетін және балалы отбасыларға берілетін бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға берілетін мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақыларды, жерлеуге берілетін жәрдемақылар мен оларды жүзеге асыру заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдермен Кәсіпорынға жүктелген өзге де төлемдерді уақтылы төлеу;
      салымшының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтке болжамды инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін келесі қаржы жылына айқындау;
      зейнетақы жинақтарын аудару туралы электронды хабарламаны жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберу және салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударуды жүзеге асыру;
      салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жылына екі рет жасасқан жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың мәліметтерін бірыңғай тізімге енгізуден бас тарту;
 
       РҚАО-ның ескертуі!
       Ескерту. 2009 жылғы 1 шілдеден бастап 3-тармақтың алтыншы абзацы ҚР Үкіметінің 2009.01.28. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен күшіне енеді.
      салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын аудару кезінде зейнетақы қорларының міндеттемелері бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен өзара есеп айырысуларды жүзеге асыру болып белгіленсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.12.28. N 1298 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі),  өзгерту енгізілді - 2009.01.28. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

       4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi:
      бiр апта мерзiм iшiнде онда жергiлiктi жерлерде Кәсiпорынның филиалдарын ашуды көздеп Кәсiпорынның Жарғысын бекiтсiн және оны белгiленген тәртiппен тiркесiн;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен кәсiпорынды қажеттi қызметтiк үй-жайлармен қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қорынан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне Кәсiпорынның жарғылық қызметi үшiн 5 (бес) миллион теңге бөлсiн;
      1997 жылдың iшiнде Кәсiпорынға қажеттi ресми трансферттердi уақытында және толық аударуды қамтамасыз етсiн.

      6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасының Үкiметiне осы қаулыға сәйкес Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне толықтыру енгiзу туралы ұсыныс енгiзсiн.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1997.06.27. N 1030 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi