"Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының жүйесiн реформалау жөнiндегi кезектi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3377 U973377_ жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Ғылыми министрлiгi - Ғылым академиясы туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 шiлдедегi N 941 P960941_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 32, 297-құжат);
"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми орталықтарының қызметi
мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28
желтоқсандағы N 1668
қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлген өзгерiстердiң 5-тармағы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 511-құжат).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 23 мамырдағы
N 873 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым
академиясы (Ғылымминi - Ғылым академиясы) туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы (бұдан әрi - Ғылыми министрлiгi - Ғылыми академиясы) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамындағы ғылым мен техника, жоғары бiлiктi ғылыми кадрларды аттестациялау саласындағы, аэроғарыш қызметi, атом энергиясын пайдалану және Қазақстан Республикасында ядролық қаруды таратпау режимiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк басқаруды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы орган болып табылады. Қолданылып жүрген заңдарда көзделген шектерде Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы осы мәселелер бойынша салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады.
Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы - iргелi және қолданбалы зерттеулер, жоғары бiлiктi ғылыми мамандар даярлау мен әзiрлеу, елдiң ғылыми-техникалық инфрақұрылымын жасау жөнiндегi жоғары ғылыми-үйлестiру және әдiстемелiк орган. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдылықтарына сәйкес мемлекеттiк тапсырысшы бола отырып, мемлекеттiк ғылыми сараптама мен ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн мемлекеттiк қабылдауды мiндеттi түрде жүргiзе отырып, iргелi және қолданбалы зерттеулердi конкурстық негiзде қаржыландыруды жүзеге асырады.
2. Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге нормативтiк құқықтық құжаттарға, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының аппаратын ұстауға кететiн шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте көзделген қаржының есебiнен жүргiзiледi.
4. Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
5. Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы заңды тұлға болып табылады, оның банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген әрi қазақ және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылған мөрi болады.
II. Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының
негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
6. Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясатты әзiрлеу мен жүзеге асыруға қатысу;
мемлекеттiк ғылыми-техникалық саласын басқарудың барлық субъектiлерiнiң қызметiне басшылық жасау және елдiң ғылыми-техникалық дамуына қатысты мәселелер бойынша салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
республикадағы ғылым мен техниканың дамуын болжау, ғылыми-техникалық прогрестiң басым бағыттарын айқындау, республика және аймақтар ауқымында әрi ғылыми-техникалық мәселелердi шешу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
елдiң ғылыми-техникалық әлеуетiн дамыту, ұтымды орналастыру мен тиiмдi пайдалану;
ғылым мен техниканың басым бағыттары бойынша республикалық, халықаралық және басқа да ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру мен iске асыру;
ғылымды дамытудың нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру;
қазiргi заманғы есептеу құралдары мен ақпараттық технологиялар негiзiнде ғылым мен мемлекеттiк басқару органдарының ақпараттық инфрақұрылымын жасау;
бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын ғылым мекемелерi жүйесiн оңтайландыру, ғылыми-техникалық сала объектiлерiн жекешелендiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
аэроғарыш қызметi мен атом энергиясын пайдалану саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру;
жоғары бiлiктi ғылыми кадрларды даярлау мен аттестациялау;
ғылыми-техникалық кәсiпкерлiк пен инновациялық қызметтiң дамуына қажеттi жағдай жасау, ғылыми-техникалық өнiм нарығын қалыптастыру;
ғылыми-интеллектуалдық меншiктi қорғау жүйесiн жетiлдiруге қатысу;
мемлекеттiк органдардың ғылым мен техниканы дамыту, жоғары бiлiктi ғылыми кадрларды даярлау мен аттестациялау мәселелерiндегi қызметiне әдiстемелiк басшылық жасау;
елдегi экологиялық жағдайда жақсартуға ғылымның үлесiн арттыру;
ғылымның, ғылыми қызметкерлердiң мәртебесiн көтеру, оларды әлеуметтiк қорғау.
7. Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
елдiң ғылыми-техникалық әлеуетiнiң ахуалы мен даму серпiнiне, iс жүзiнде қолданылуын қоса алғанда, зерттеулер мен әдiстемелердiң нәтижелiлiгiне талдау жасайды;
елдiң ғылыми-техникалық дамуына кететiн шығындарды негiздейдi және бөлiнген бюджеттiк қаражаттың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етедi;
iргелi және қолданбалы ғылыми-техникалық зерттеулер бағдарламаларын мемлекеттiк ғылыми сараптама жүргiзе отырып, конкурстық негiзде қаржыландырады;
ғылыми-техникалық саладағы мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру бағдарламаларын әзiрлеуге қатысады;
мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық бағдарламалар мен индикативтiк жоспарларды әзiрлеуге қатысады;
ғылыми-техникалық салаға шетел несиелерi мен инвестицияларын тарту мен пайдалану жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзедi;
кәсiпкерлiкке қолдау көрсетедi, ғылым мен техника саласындағы шағын және орташа бизнестiң дамуына жәрдемдеседi;
ғылыми-техникалық салада заңдарды қолдану тәжiрибесiн талдап, қорытындылайды, оны жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүргiзедi;
Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың орындаушылары болып табылатын, ұлттық ғылыми орталықтары, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, салалық және басқа да ғылыми ұйымдары жүргiзетiн ғылыми, конструкторлық және технологиялық жұмыстарды үйлестiредi;
министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, өзге орталық атқарушы органдарға өз құзыретiндегi мәселелер бойынша ғылыми-әдiстемелiк көмек көрсетедi;
ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттiк жүйесiн жетiлдiредi, ғылыми-техникалық салада ұлттық ақпараттық ресурсты, оның iшiнде Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Республикалық ғылыми-техникалық кiтапханасының Республикалық патент қорын қалыптастырады;
мемлекеттiк басқару органдарын информатизациялау бағдарламалары мен жобаларын келiседi;
жоғары бiлiктi ғылыми кадрларды даярлау мен аттестациялауды әзiрлейдi және жүргiзедi;
"Байқоңыр" ғарыш айлағының, Семей ядролық сынақ полигонының объектiлерiн және республиканың басқа да ғылыми-техникалық кешендерiн тиiмдi пайдалану жөнiндегi шараларды әзiрлеу мен iске асыруды үйлестiредi;
ғылым мен техника саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Үкiметтiң тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды;
ғылым мен техниканың жетiстiктерiн насихаттайды, ғылыми еңбектердi басып шығаруға қолдау жасайды, халықаралық және республикалық съездер, сессиялар, конференциялар, семинарлар, кеңестер, көрмелер өткiзедi;
ведомстволық бағынысты ұйымдарда патенттiк-лицензиялық жұмысты ұйымдастырады және жетiлдiредi;
қоршаған ортаны қорғау бағдарламаларын әзiрлеу мен енгiзуге қатысады;
ғылыми мен техниканы дамытуға аса зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға, сондай-ақ дарынды жас ғалымдарға мемлекеттiк қолдау көрсету жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
өзiне заңдар, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
8. Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының өзiне жүктелген мәселелердi жүзеге асыру және мiндеттердi орындау кезiнде мынадай құқықтары болады:
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және өз құзыретiнiң шегiнде ғылыми-техникалық саланың барлық ұйымдарының орындауы үшiн мiндеттi нұсқаулар беру және нормативтiк құқықтық актiлер шығару;
Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының құзыретiне кiретiн мәселелердi шешу үшiн қажеттi ақпаратты мемлекеттiк органдардан ұйымдар мен лауазымды адамдардан белгiленген тәртiппен сұрату және алу;
ведомстволық бағыныстылығы мен ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың орындаушыларының қаржы қаражаттарын мақсатқа сай пайдалануына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ қажет болған жағдайларда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапқа тарту;
өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк меншiктегi мүлiкке иелiк ету, пайдалану және билiк ету;
ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру мен тарату мәселелерi бойынша белгiленген тәртiппен шешiмдер қабылдау;
ғылыми-техникалық сала объектiлерiн жекешелендiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк кәсiпорындардың құрылтайшысы болу, олардың жарғыларын бекiту, басшыларын тағайындау, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығының субъектiсi функцияларын жүзеге асыру;
ғылыми-техникалық салада заңдарда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша лицензиялауды жүзеге асыру;
министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге орталық атқарушы органдар мен ұйымдардың тапсырыстары бойынша жобалар мен бағдарламалардың ғылыми-техникалық бөлiгiне мемлекеттiк сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша халықаралық деңгейде мемлекет мүддесiн бiлдiру;
ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың өкiлдерiн Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы құратын сараптама комиссияларындағы, жұмыс топтары мен уақытша шығармашылық ұжымдарындағы жұмысқа белгiленген тәртiппен тарту;
аса зор ғылыми жетiстiктерi үшiн ғалымдарға заңдарда белгіленген тәртiппен Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының сыйлықтары мен стипендияларын тағайындау;
III. Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының
қызметiн ұйымдастыру
9. Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясын Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi басқарады, оны "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2895 Жарлығы шыққанға дейiнгi Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының және Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының мүшелерiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды. Ғылым министрi - Ғылым академиясы президентiнiң Ғылым министрi - Ғылым академиясы президентiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары - вице-министрi болады.
ЕСКЕРТУ. 9-тармақ сөйлеммен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.06.13.
N 972 қаулысымен. P970972_
10. Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының жұмысына басшылық жасайды және Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясына жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
11. Осы мақсаттарда Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының президентi:
орталық аппараттық құрылымы жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi, штат кестесiн және оны ұстауға шығыстар сметасын тиiстi кезеңге бекiтiлген қаржы шегiнде бекiтедi;
өз орынбасарының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының департаменттерi директорларының, басқа қызметкерлерiнiң өкiлеттiк шеңберiн белгiлейдi;
Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының қызметкерлерiн, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының жұмыс регламентiн, Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының бөлiмшелерi туралы ережелердi, лауазымдық бiлiктiлiк талаптарын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрылтай құжаттарын бекiтедi;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясын барлық органдар мен ұйымдарда бiлдiредi;
өз құзыретiне жатқызылған басқа мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.06.13. N 972
қаулысымен. P970972_
12. Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының орталық аппараты Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының қызметiн қамтамасыз ететiн департаменттер мен құрылымдардан тұрады.
Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының құрамында Ұлттық аэроғарыш агенттiгi мен Атом энергиясы жөнiндегi агенттiк өз қызметiн жүзеге асырады.
13. Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясында елдiң ғылыми-техникалық саласындағы маңызды проблемаларды, ағымдағы қызметтiң негiзгi мәселелерiн шешу үшiн Ғылым министрi - Ғылым академиясы президентiнен (алқа төрағасы), департаменттер мен агенттiктердiң басшыларынан, сондай-ақ Ғылыми бөлiмшелердiң хатшы академиктерiнен, Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының басқа қызметкерлерiнен тұратын алқа құрылады. Алқаның үштен бiрiн Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi 1996 жылдың 11 наурызға дейiнгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы мен Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының толық мүшелерi есебiнен қалыптастырады.
Алқаның сандық құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Алқа туралы ереженi және оның жеке құрамын Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi бекiтедi.
14. Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының жанында болжамдар мен ғылым мен техниканы дамытудың мемлекеттiк басымдықтарын әзiрлеуге жауапты жоғары ғылыми-техникалық кеңес жұмыс iстейдi, оны Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi басқарады.
Жоғары ғылыми-техникалық кеңес туралы ереженi және оның құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
15. Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының құқықтық мұрагерi ретiнде осы академиялардың толық мүшелерiн (академиктердi) және корреспондент мүшелерiн бiрiктiредi.
Толық мүшенiң (академиктiң) негiзгi мiндетi ғылымды жаңа жетiстiктермен және жаңалық ашулармен байыта түсу, бiрiншi дәрежелi ғылыми маңызы бар зерттеулердi жүзеге асыру, ғылыми зерттеулердiң ауқымы мен деңгейi үшiн жауап беру, өзi сайланған бағытта ғылыми кадрларды әзiрлеу мен ғылыми мектептердi қалыптастыруға тiкелей қатысу болып табылады.
Толық мүшелер (академиктер):
Толық мүшелердi (академиктердi) сайлайды;
"Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 наурыздағы N 2895 U962895_ Жарлығының 2-тармағына сәйкес Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентiн тағайындауға өз келiсiмдерiн бередi;
Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы алқасының және Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының жанындағы Жоғары ғылыми техникалық кеңестiң құрамына толық мүшелерiнiң (академиктердiң) кандидатураларын ұсынады.
Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы бекiтетiн Толық мүшелер (академиктер) туралы ережеге сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады.
16. Академияның толық мүшелерiнiң (академиктердiң), корреспондент мүшелерi мен жетекшi ғалымдарының жалпы жиналысы:
Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудың маңызды мәселелерiн талқылайды, жаратылыстану, техника аграрлық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы iргелi зерттеулердiң негiзгi бағыттары мен басымдықтарын айқындап, олар бойынша ұсыным шешiмдер қабылдайды;
академияның толық мүшелерiн (академиктердi) сайлайды;
Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының президентi бекiтетiн Жалпы жиналыс туралы ережеге сәйкес басқа мәселелердi қарайды.
17. Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы белгiленген тәртiппен бiлiм салалары бойынша ғылыми бөлiмшелер құрады.
Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының ғылыми бөлiмшесi Ғылыми зерттеу институттарының және басқа да ғылыми ұйымдардың iргелi зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру мен iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiретiн және толық мүшелердi (академиктердi), корреспондент мүшелер мен жетекшi ғалымдарды өздерiнiң ғылыми бейiнiне қарай бiрiктiретiн ғылыми-ұйымдастырушы орган болып табылады.
Өз қызметiнде ғылыми бөлiмше Академияның толық мүшелерiнiң (академиктердiң), корреспондент мүшелерi мен жетекшi ғалымдарының Жалпы жиналысының, Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының алқасы алдында жауапты және оларға есеп бередi.
Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының ғылыми бөлiмшесi туралы ереженi Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi бекiтедi.
18. Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясына ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, орталықтары, обсерваториялар, ботаникалық бақтар, зерттеу экспедициялары мен станциялары, конструкторлық-технологиялық ұйымдар, тәжiрибе станциялары мен өндiрiстерi, баспалар, кiтапханалар, архивтер, мұражайлар, ғылыми-көмекшi кәсiпорындар және басқа да ұйымдар, сондай-ақ қызметкерлердiң қажеттi еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын қамтамасыз ететiн әлеуметтiк сала мекемелерi ведомстволық бағыныста болады.
Ведомстволық бағынысты ұйымдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiленген тәртiппен бекiтедi.
19. Аймақтық ғылыми бөлiмшелер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттары және Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының белгiленген тәртiппен құрылған басқа да ұйымдары заңды тұлғалар болып табылады.
20. Өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы орталық және жергiлiктi атқарушы органдар үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдайды. Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы қабылдайтын шешiмдер Ғылым министрi - Ғылым академиясы президентiнiң бұйрықтарымен ресiмделедi.