Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 8 мамыр N 810. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.12.12. N 1278 қаулысымен. ~P981278

Күшін жойған

      "Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк реестрi және оларды мемлекеттiк тiркеудi ретке келтiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3379 U973379_ Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң жанындағы Республикалық құқықтық ақпарат орталығының және оны облыстардағы филиалдарының базасында Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк реестрiн жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1997 жылдың 15 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк реестрiн құруға және оны жүргiзуге, сондай-ақ оларды тiркеуге байланысты жұмыстарды қаржыландыру көздерi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзсiн:
      1998 жылға арналған республикалық бюджеттiң жобасын дайындау кезiнде нормативтер және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк реестрiн және ведомстволық нормативтiк актiлердi жүргiзумен айналысатын қызметкерлердiң штаттық саны туралы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ұсынысын қарасын.
      4. Әдiлет министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын шығарылған актiлерiн "Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк реестрi және оларды мемлекеттiк тiркеудi ретке келтiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3379 U973379_ Жарлығына сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс тапсырсын.
      5. Мыналардың:
      "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 16 наурыздағы N 279 P940279_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 14, 136-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 ақпандағы N 115 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 5, 62-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 28-тармағының;
      "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қазандағы N 1327 P951327_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының

 

ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 32, 407-құжат) бекiтiлген заңды тұлғалардың

мемлекеттiк тiркеу мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен

толықтырулардың 10-тармағының күшi жойылған деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi

                                        Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                        1997 жылғы 8 мамырдағы

                                            N 810 қаулысымен

                                             Бекiтiлген


                Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу

                                   туралы

                                  Е Р Е Ж Е



 
       1. Қазақстан Республикасы Президентiне есеп беретiн және оның бақылауындағы мемлекеттiк органдардың: Ұлттық Банктiң, Орталық сайлау комиссиясының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң, Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiктiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың, сондай-ақ облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының, әкiмдерiнiң "өте құпия" деген белгiсi барлардан басқа азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн қозғайтын немесе ведомствоаралық штаты бар, олардың қолданылу мерзiмi (тұрақты немесе уақытша) мен ондағы қамтылған мәлiметтердiң сипатына қарамастан, нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк тiркеуге жатады.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiне есеп беретiн және оның бақылауындағы мемлекеттiк органдардың: Ұлттық Банктiң, Орталық сайлау комиссиясының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң, Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi Ұлттық агенттiктiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және ведомстволардың, сондай-ақ Республика астанасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiн тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.
      Облыстардың (республикалық мәнi бар қалалардың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының және әкiмдерiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi тиiсiнше облыстық (қалалық) әдiлет басқармалары жүзеге асырады.
      3. Нормативтiк құқықтық актiлер тиiстi мемлекеттiк басқару органының басшысы қол қойған (бекiткен) соң, олар шығарылған сәттен бастап екi апта iшiнде қазақ және орыс тiлдерiндегi үш данада ("құпия" белгiсi бар құжаттар қазақ және орыс тiлдерiнде бiр данада берiледi) тiркеушi органға берiледi.
      Нормативтiк құқықтық актiнi бiрнеше министрлiк, мемлекеттiк комитет, ведомство, сондай-ақ заңдармен белгiленген өзге мемлекеттiк органдар бiрлесiп қабылдаған жағдайда, оны тiркеуге ұсыну актiге қол қойғандар (бекiткендер) iшiнде бiрiншi болып көрсетiлген органға жүктеледi.
      4. Нормативтiк құқықтық актiге негiздеу-анықтама қоса берiледi, ол нормативтiк құқықтық актiнi шығару негiздерiн (құжатты тiркеуге ұсынған огранның құзыретi; жоғары тұрған органының шешiмi; аталған мәселе жөнiндегi бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер және мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған нормативтiк құқықтық актiнi қабылдауға байланысты оларды өзгерту немесе күшi жойылған деп тану туралы ұсыныстар дайындау туралы мәлiметтер, өзге негiздер) қамтиды. Нормативтiк құқықтық актiге бiрiншi басшы қол қоюға, ал қоса берiлiп отырған негiздеу-анықтамаға аталған актiнi шығарған орган заң қызметiнiң бастығы (ол болмаған жағдайда - заң кеңесшiсi) қол қоюға тиiс.
      Заңсыз нормативтiк құқықтық актiлердi шығарғаны үшiн, сондай-ақ оларды мемлекеттiк тiркеуге ұсыну тәртiбiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi.
      5. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының әдiлет органдары нормативтiк акт берiлген күннен бастап 30 күн iшiнде жүргiзедi. Нормативтiк құқықтық актiнi қосымша зерделеу және сарапшыларды тарту қажет болған жағдайда тiркеушi органның басшысы (немесе оның орынбасары) тiркеу мерзiмiн 30 күннен аспайтын мерзiмге ұзарта алады.
      6. Ұсынылған нормативтiк құқықтық акт бойынша оның Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келуiне құқықтық сараптама жүргiзiледi және тiркеушi органның басшысы (немесе оның орынбасары) бекiтетiн қорытынды шығарылады.
      7. Қазақстан Республикасы Президентiне есеп беретiн және оның бақылауындағы мемлекеттiк органдардың, Республика Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн, министрлiктердiң, комитеттер мен ведомстволардың, Республика астанасының жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдарының тiркелген нормативтiк құқықтық актiлерi алдымен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi жүргiзетiн Ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне, онан соң Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi.
      Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi өкiлдi органдарының және әкiмдерiнiң тiркелген нормативтiк құқықтық актiлерi облыстық (қалалық) әдiлет органдарының Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне, одан соң Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүргiзетiн Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi.
      8. Егер нормативтiк құқықтық акт азаматтардың заңдарымен белгiленген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiрсе немесе оларға заңдармен көзделмеген мiндеттер жүктесе, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес келмесе, онда жаңа құқықтық нормалар болмаса, оны шығарған органның құзыреттерiнiң шегiнен асса, егер келiсу мiндеттi болса, мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен және ведомстволармен келiсiлмеген болса, нормативтiк құқықтық актiнi тiркеуден бас тартылады.
      9. Мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған нормативтiк құқықтық актiлер оларды шығарған органға бас тарту себептерi көрсетiлген қорытындымен қоса екi данада (үшiншi дана нормативтiк актiлердi тiркеу бөлiмiнде қалады) қайтарылады.
      Актiлерiн тiркеуден бас тартылған мемлекеттiк органдар бас тарту туралы шешiмге сот тәртiбiмен шағымдана алады.
      10. Тiркелген актiде қолданылып жүрген заңдардың бұзылуы анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi нормативтiк актiнi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытындыны жоя алады. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiндегi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк нормативтiк құқықтық актiлер тiзiлiмiндегi тиiстi жазулар жойылады және Мемлекеттiк нормативтiк құқықтық актiлер тiзiлiмiнен тiркеу нөмiрi алынып тасталады, бұл жөнiнде аталған нормативтiк құқықтық актiнi шығарған органға және бұқаралық ақпарат құралдарына хабарланады.
      11. Егер актiнiң өзiнде оның күшiне енуiнiң бұдан кеш мерзiмi белгiленбесе, нормативтiк құқықтық актi оған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi берiлген күннен бастап күшiне енедi.
      Мемлекеттiк тiркеуден кейiн қорытынды және нормативтiк құқықтық актiнiң бiр данасы, оған берiлген тiркеу нөмiрiмен қоса құжатты тiркеуге ұсынған органға жiберiледi. Нормативтiк құқықтық актiнiң және қорытындының екiншi данасы ("құпия" белгiсi бар құжаттардан басқа) жариялауға жiберiледi. Үшiншi дана тiркеушi органда қалады. Нормативтiк құқықтық актiнi жөнелту және жариялау кезiнде мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнi мiндеттi түрде көрсетiлуге тиiс.
      12. Мемлекеттiк тiркеуден өткен нормативтiк құқықтық актiлерге енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар осы Ережеде белгiленген тәртiппен тiркеуге жатады.