Мемлекеттiк ғылыми стипендиялар жөнiндегi ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 9 желтоқсан N 1501

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2895 Жарлығын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 12, 86-құжат) орындау үшiн және "Ғылым мен техниканы дамытуға елеулi үлес қосқан ғалымдар мен мамандарды және талантты жас ғалымдарды мемлекеттiк қолдау шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 тамыздағы N 1063  қаулысы негiзiнде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 35, 338-құжат) Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Мемлекеттiк ғылыми стипендиялар туралы қоса берiлiп отырғанЕреже бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкiметiнiң
                                          1996 жылғы 9 желтоқсандағы
                                               N 1501 қаулысымен
                                                    БЕКIТIЛДI


            Мемлекеттiк ғылыми стипендиялар туралы
                             ЕРЕЖЕ

 
       1. Бұл Ереже "Ғылым мен техниканы дамытуға елеулi үлес қосқан ғалымдар мен мамандарды және талантты жас ғалымдарға мемлекеттiк қолдау шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 тамыздағы N 1063 қаулысына сәйкес әзiрлендi.
      2. Мемлекеттiк ғылыми стипендиялар Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық басымдығын қамтамасыз ететiн, көкейкестi ғылыми және әлеуметтiк-экономикалық маңызы бар ғылыми проблемалар немесе мiндеттердi шешуге бағытталған өзiндiк зерттеулер ұсынушыларына немесе бағдарламаның жауапты орындаушыларына (жетекшiлерiне) конкурстық негiзде берiледi.
      3. Ғылым мен техниканың дамуына аса зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандар алатын мемлекеттiк ғылыми стипендияларды иеленуге мемлекет үшiн басым бағыттарда iрi немесе қолданбалы зерттеулердi жүргiзуде, жоғары бiлiктi ғылыми кадрларды даярлауда, iрi ғылыми немесе практикалық проблемаларды шешуге белсендi қатысушы кандидатуралар ұсынылады.
      4. Талантты жас ғалымдар алатын мемлекеттiк ғылыми стипендияларды иеленуге жасы 35-ке дейiнгi, проблемаларды шешуде белсендi зерттеулер жүргiзуге қатысушы және еңбектерi ғылыми қауымға танымал кандидатуралар ұсынылады.
      5. Мемлекеттiк ғылыми стипендиялар Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң (бұдан әрi - Министрлiк) Министрлiк алқасының шешiмi негiзiнде шыққан бұйрығымен екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.05.10. N 685  қаулысымен.
      6. Мемлекеттiк ғылыми стипендиялар алуға үмiткерлiкке ғылыми-зерттеу ұйымдарының, жоғары оқу орындарының және басқа да ғылыми қызмет атқаратын ұйымдардың ғалымдарының ғылыми-техникалық, ғылыми кеңестерiнiң, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2895 Жарлығы күшiне енген кездегi сайланған Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы толық мүшелерiнiң ұсынуларына құқы бар. Ғалымдар (ғылыми-техникалық, ғылыми) кеңестерi жасырын көпшiлiк дауыспен өткен үмiткерге дәлелдемелi шешiм қабылдап, оны хаттамамен ресiмдеп Министрлiкке жiбередi.
      Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.10. N 685 
қаулысымен.
      7. Мемлекеттiк ғылыми стипендияларға ұсынылатын құжаттарды ресiмдеу тәртiбiн Министрлiк айқындайды және конкурстың өткiзiлуi жайлы хабардар етедi.
      Ескерту. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.10. N 685 
қаулысымен.
      8.
      9. Мемлекеттiк ғылыми стипендияларды тағайындау конкурсын өткiзу туралы шешiм мен конкурста сұрыптаудан өткен стипендиаттардың тiзiмi республикалық ресми баспасөзде жарияланады.
      Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.10. N 685 
қаулысымен.
      10. Стипендиаттар өздерiнiң кандидатураларын ұсынған кеңестердiң алдында есеп берiп отырады.
      Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.10. N 685 
қаулысымен.
      11. Министрлiкке мемлекеттiк ғылыми стипендия қаржысын төлеу республикалық бюджетте тиiстi қаржылық жылында қаралады.
      Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.10. N 685 
қаулысымен.
      12. Мемлекеттiк ғылыми стипендиялар стипендиаттарға бекiтілген айлық жалақысының, зейнетақысының, стипендиясының, түрлi қосымша ақылардың үстiне қосылып негiзгi жұмыс орнында берiледi.
      13. Мемлекеттiк ғылыми стипендиялар республикалық бюджет қаражатынан бөлiнетiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрлiк ай сайынғы стипендиясын алатын Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы мен Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясы толық мүшелерiне тағайындалмайды.
      13-1. Мемлекеттiк ғылыми стипендияларды төлеу мерзiмiнен бұрын:
      1) стипендиаттың ғылыми қызметiн тоқтатуы;
      2) стипендиаттың Қазақстан Республикасының шегінен тысқары тұрақты тұрғылықты жерге кетуі;
      3) стипендиаттың қайтыс болуы;
      4) өзге де жағдайларында тоқтатылады.
      Мемлекеттік ғылыми стипендияны төлеуді мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімді Министрліктің алқасы тиiстi ғалымдар (ғылыми, ғылыми-техникалық) кеңесiнiң ұсынысы негiзiнде қабылдайды.
      Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.05.10. N 685 қаулысымен.