Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттiк сараптау туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 18 қазан N 1288

Қолданыстағы

     "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828  

U962828_

 
Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан 
Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының жер қойнауын
мемлекеттiк сараптау туралы Ереже бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi 
     
                                         Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                         1996 жылғы 18 қазандағы
                                            N 1288 қаулысымен
                                                   Бекiтiлген

              Қазақстан Республикасының жер қойнауын
                  мемлекеттiк сараптау туралы
                           ЕРЕЖЕ



      1. Жер қойнауының мемлекеттiк сараптамасы - пайдалы қазба қорлары туралы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану кезiнде оларды қолдану мүмкiндiгiне арналған жер қойнауының басқа қасиеттерi туралы ақпараттың кешендi сараптамасы.
      2. Барланған кен орнының пайдалы қазба қорлары мемлекеттiк сараптауға жатады, бұл жер қойнауын тиiмдi және кешендi түрде пайдалану, пайдалануға берілген жер қойнауларын пайдаланғаны үшiн төлем құны мен жер қойнауы учаскелерiнiң шекарасын белгiлеу үшiн жағдайлар жасау мақсатында жүргiзiледi.
      3. Жер қойнауын пайдалану құқығы пайдалы қазба қорлары мемлекеттiк сараптамадан өткiзiлгеннен кейiн берiледi. Барланған пайдалы қазба қорларын әзiрлеудiң экономикалық тиiмдiлiгi туралы мемлекеттiк сараптама қорытындысы оларды мемлекеттiк балансқа қою үшiн негiз болып табылады.
      4. Мемлекеттiк сараптамаға өндiруге байланысты емес, жер асты ғимараттарын салу және пайдалануға жарамды жер қойнауының учаскелерi туралы геологиялық ақпарат жатады. Жер қойнауының мұндай учаскелерiн жер қойнауын пайдалануға беруге геологиялық ақпаратқа мемлекеттiк сараптау жүргiзгеннен кейiн ғана рұқсат етiледi.
      5. Жер қойнауының мемлекеттiк сараптамасын арнайы уәкiлдiк берiлген орган - пайдалы қазба қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрi - ПҚМК) және кең тараған пайдалы қазбалар бойынша пайдалы қазба қорлары жөнiндегi аумақтық комиссиясы (бұдан әрi - ПҚАК) жүзеге асырады.
      6. Жер қойнауын мемлекеттiк сараптаудың негiзгi мақсаты пайдалы қазбалар қоры және жер қойнауының қасиеттерi туралы ақпараттар бар материалдарды, оларды тиiмдi пайдалану үшiн талдау және бағалау болып табылады.
      7. Өзiнiң басты мiндетiне сәйкес жер қойнауының мемлекеттiк сараптамасы:
      пайдалы қазба қорларының көлемi, сапасы, құрамы, технологиялық және өзге де қасиеттерi туралы, сондай-ақ жер қойнауының өзге де ерекшелiктерi туралы мәлiметтердiң сенiмдiлiгiн;
      геологиялық кен-техникалық, гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық, экологиялық (мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оңды қорытындысына сәйкес), техникалық-экономикалық және пайдалы қазбаларды өндiрудiң шарттары мен өндiруге байланысты емес мақсаттарда жер қойнауының учаскелерiн пайдалану жөнiндегi өзге де мәлiметтердiң толықтығы мен сенiмдiлiгiн;
      әзiрлеудiң экономикалық тиiмдiлiгiнiң техникалық-экономикалық негiздемесiн, пайдалы қазбалар шығарудың коэффициенттерiн, минералдық-шикiзат базасын кеңейту жөнiндегi қорытындылар мен ұсыныстарды, қорлар мен жер қойнауы учаскелерiнiң пайдалануға дайындық дәрежесiн;
      жер қойнауын геологиялық зерделеу және бағалау бойынша iздеу, барлау, тәжiрибе-пайдалану және өзге де жұмыстардың нәтижесi мен сапасын бағалайды.
      8. Геологиялық сараптама геологиялық зерделеудiң және жер қойнауын игерудiң кез келген сатысында мемлекеттiк сараптамаға берiлетiн геологиялық материалдар пайдалы қазба қорларының саны мен сапасына немесе жер қойнауын пайдалану шарттарына әсер ететiн жер қойнауының қасиеттерiне объективтi баға беруге мүмкiндiк бередi деген шартпен жүргiзiледi.
      9. Сараптама жүргiзу мерзiмi құжаттары ПҚМК және ПҚАК-ға берген сәттен бастап үш айға дейiн жүргiзiледi.
      10. Пайдалы қазбалар кен орындарын зерделеудi және игерудi жеделдету мақсатында әлеуметтi коммерциялық объектiнiң қорларын жедел санау материалдарына алдын-ала сараптама жүргiзуге рұқсат етiледi. Дұрыс баға жағдайында пайдалы қазбалар қорлары мемлекеттiк балансқа қойылады және жер қойнауын пайдаланушы барлау процесiнде сараптамаға кейiннен қорытынды есеп беру шартында объектiге тәжiрибелiк (сынақтық) пайдалануды жүргiзуге құқық алады.
      11. Сараптамаға берiлетiн геологиялық, сонымен қатар пайдалы қазба қорлары туралы ақпараттарға қойылатын талаптарды жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi өкiлеттi орган белгiлейдi.
      12. Жер қойнауының мемлекеттiк сараптамасының нәтижелерi ПҚМК немесе ПҚАК хаттамаларымен ресiмделедi, онда пайдалы қазба қорларын бекiту туралы, қорларды санаттар бойынша бөлу, пайдалы қазбалар мен компоненттердi шығару коэффициентi, пайдалы қазба қорларын есептен шығару, жер қойнауы туралы ақпаратты өнеркәсiптiк ғылыми және басқа мақсаттарда қолдану мүмкiндiгi туралы мәлiметтер көрсетiледi.