1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi мен Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң алдын ала қамауға алу орындарын материалдық-техникалық және әлеуметтiк-құқықтық жағынан қамтамасыз ету жөнiндегi 2000 жылға дейiнгi кезеңге арналған Үкiмет бағдарламасы бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Осы Үкiмет бағдарламасына сәйкес iс-шараларды жүзеге асыру тиiстi жылға арналған бюджетте құқық қорғау органдарын қаржыландыруға көзделген қаражат шегiнде ғана iске асырылады деп белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Мемлекеттiк тергеу комитетiмен және Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп 1996 жылдың 1 қазанына дейiнгi мерзiмде қылмыстық-атқару жүйелерi мекемелерi мен тергеу оқшаулауларының кредиттiк берешегiн азайту мүмкiндiгiн зерделесiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1996 жылдың III тоқсанында Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Мемлекеттiк тергеу комитетiне оларды ұстауға 1996 жылғы арналған республикалық бюджетте көзделген қаржы шегiнде еңбекпен түзеу мекемелерi мен тергеу оқшаулауларын 1996\97 жылдың күзгi-қысқы кезеңiндегi жұмысқа дайындауға және туберкулезбен күрестi ұйымдастыруға қажеттi қаражат бөлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қаржы және Әдiлет министрлiктерiмен бiрлесiп 1996 жылдың 20 қыркүйегiне дейiн қылмыстық-атқару жүйелерi кәсiпорындарына салық жеңiлдiктерiн белгiлеу туралы мәселенi қарап, Қазақстан Республикасы Үкiметiне тиiстi ұсыныстар енгiзсiн.
5. Облыс әкiмдерiне өздерiнiң аумақтарында орналасқан құқық
қорғау органдары мекемелерiнiң жұмыстарын тұрақтандыру жөнiнде нақты шаралар қабылдай отырып, олардың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн тоқсан сайын қарап отыру ұсынылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 1 қазандағы N 1199 қаулысымен МАҚҰЛДАНҒАН Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесiн және Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң алдын ала қамауға алу орындарын материалдық-техникалық және әлеуметтiк-құқықтық қамтамасыз ету жөнiндегi 2000 жылға дейiнгi кезеңге арналған ҮКIМЕТ БАҒДАРЛАМАСЫ КIРIСПЕ
Берiлiп отырған Үкiмет бағдарламасы "Қазақстан Республикасында қылмыстық-атқару жүйесi базасын материалдық-техникалық және әлеуметтiк-құқықтық жағынан нығайту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 21 наурыздағы N 318 P950318_ қаулысына сәйкес әзiрлендi. Ол халық шаруашылығын басқару құрылымының түбегейлi қайта құрылуын, республикалық және жергiлiктi өкiмет органдары арасындағы құқықтар мен мiндеттердiң қайта бөлiнуiн ескередi, 2000 жылға дейiнгi болашаққа есептелген және жүйе реформаларының тұжырымдамасын, стратегиялық мiндеттерi мен оларды шешудiң негiзгi
бағыттарын айқындайды. Оны жүзеге асыру қылмыстық-атқару мекемелерi, тергеу оқшаулаулары мен уақытша қамауға алып ұстау оқшаулауларының қызмет тиiмдiлiгiн арттыруға, қамалғандарға қараудың ең төменгi стандартты тәртiбiн сақтау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етедi, босатылған соң олардың әлеуметтiк бейiмделу мәселелерiн шешедi. I ТАРАУ Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесiн дамыту тұжырымдамасы 1. Басқару тиiмдiлiгiн арттыру
Қылмыстық жазалауды атқарушы мекемелердiң ұйымдық-құрылымдық құрылуын және штаттық қамтамасыз етiлуiн кезең-кезеңмен реформалауды жүзеге асыру көзделедi. Республикада әлеуметтiк-экономикалық ахуалды және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыруға қол жеткiзу мүмкiндiгiне қарап 1998 жылдан бастап қылмыстық жазалауды атқарушы мекемелердi басқаруда iшiнара орталықсыздандыруға, орталықтандырылған және аумақтық принциптерге көшуге кiрiсу. Осымен бiр мезгiлде республикалық және облыстық бағыныстағы еңбекпен түзеу мекемелерiнiң тиiстi үлгiлерiн құру жөнiндегi шаралар жүзеге асырылады.
Қылмыстық-атқару жүйесiн қайта ұйымдастыруға байланысты орталық және облыстық қылмыстық-атқару жүйесi басқару органдары арасындағы құзырлық шектеу нормативтi түрде бекiтiледi. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң бас басқармасына (ҚАЖББ) қылмыстық-атқару саясатының жалпы бастаулары мен принциптерiн, қылмыстық-атқару заңдарын, жазалауды атқарудың шарттарын айқындайтын жалпы республикалық нормалар мен ережелердi әзiрлеу, оларды барлық органдар мен бөлiмшелердiң мiндеттi түрде сақтауына бақылау жасау жүктеледi. Сондай-ақ ҚАЖББ-да пенитенциарлық практиканы қорытындылау, халықаралық, республикалық бағдарламалар мен келiсiмдердi орындау жөнiндегi iс-қимылды үйлестiру, жүйе қызметiн материалдық, кадрлық, қаржылық, ұйымдық және ғылыми қамтамасыз ету болады.
Мекемелердi басқаруды орталықсыздандыруға сәйкес облыстық IIБ қылмыстық-атқару жүйесi басқармаларының бөлiмдерiнiң (ҚАЖБ) (б) қарауына бiрте-бiрте мынадай мәселелердi шешудi беру iсi тұр:
республика Iшкiiсминiнiң ҚАЖББ келiсiмiмен облыстық IIБ ҚАЖБ (б)
құрылымы мен аппараты штатына өзгерiстер енгiзу; сотталғандарға медициналық-қызмет көрсетудi ұйымдастыру; күрделi құрылыс; облыстық IIБ ҚАЖБ(б) аппаратының басшы лауазымдары құрамынан бастап бастықтың орынбасарына дейiн және мекеме бастығының орынбасарына дейiнгi лауазымдарды тағайындау және лауазымдардан босату; бөлiмшелердiң жеке құрамын ынталандыру және тәртiптiк жаза қолдану. 2. Қылмыстық жазалауды атқарушы мекемелер жүйесiн қайта ұйымдастыру
Жазалауды атқарушы мекемелердiң түрлерiн шектеу жөнiндегi заңдық және ұйымдық шараларды әзiрлеу жалғастырылсын. Бұл ретте сотталғандардың мекеме iшiнде ұстау жағдайларына олардың әлеуметтiк-адамгершiлiк азғындау дәрежесiне және жазасын өтеу кезеңiндегi мiнез-құлығына байланысты саралауды көздеу керек. 1997 жылдан бастап кезең-кезеңмен бас бостандығынан айыруға сотталғандардың негiзгi құрамының жазасын тұрғылықты жерiне жақын орналасқан мекемелерде өтеуге жағдай жасауға кiрiсу керек.
Облыстардың IIБ ҚАЖБ(б) жағынан өзiнiң iшкi қауiпсiздiгiн, бас бостандығынан айыру орындарында ұйымдасқан қылмыс көрінiстерiнiң бейтараптандыру және жолын кесу, қылмыстық-атқару жүйесi мен iшкi күзет әскерлерiнiң жеке құрамына жедел қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн арнаулы бөлiмшелер құру.
3. Мекемелердi күзетудi жетiлдiру
Облыстардың IIБ ҚАЖБ(б) объектiлерiнiң периметрiн күзетудi осы заманғы инженерлiк-техникалық құралдармен қайта жарақтандыруды, күзет практикасына өндiрiстiк теледидар қондырғыларын енгiзу бағдарламаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Қылмыстық-атқару жүйесi объектiлерiндегi инженерлiк-техникалық құралдарды күрделi және орташа жөндеу жөнiндегi инженерлiк-техникалық қамтамасыз ету орталығы және жөндеу базасын құру.
1997 жылдан бастап 2000 жылға дейiн қызмет иттерi питомниктерi құрылып, олардың негiзiнде кiшi маман-кинологтарды даярлайтын және қайта даярлайтын оқу орталықтарын құру.
4. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiмен
жұмыс iстеудi жетiлдiру
Қылмыстық-атқару жүйесi, алдын ала қамауға алу орындары қызметкерлерiнiң жоғары ресми мәртебесi мен қоғамдық беделiн орнықтыру жөнiндегi жұмысты жалғастыру.
Қылмыстық жазалауды атқарушы мекемелердiң және алдын ала қамауға алу орындары қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайын заңды тәртiпте айқындау.
Еңбекпен түзеу және тәрбиелеу мекемелерiн, алдын ала қамауға алу орындарын кадрлармен жасақтау Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi, Мемлекеттiк тергеу комитетi және Бiлiм министрлiгiнiң оқу орындарында арнаулы даярлықтан өткен адамдармен ғана жүзеге асыру. Психологтарды мақсаттық даярлау өрiстетiлсiн.
Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi оқу органдарында және шетелдерде кадрлардың алғашқы даярлығы, қайта даярлығы және бiлiктiгiн арттыру, мамандар даярлау бағдарламасын әзiрлеу.
Облыстардың IIБ ҚАЖБ(б) қызметкерлерiнiң кәсiптiк төмендеуiнiң
және шамадан тыс психологиялық салмақ түсуiнiң алдын алу үшiн дәрiгерлiк-оңалту орталықтарын құру. Қамалғандар арасындағы агрессивтi көрiнiстерге жол бермеу үшiн ЕТМ, ЕТК, тергеу оқушылары қызметкерлерiнiң арнаулы, жауынгерлiк және дене даярлығын жетiлдiру. Қызметкерлердi жеке қорғаныс және белсендi қорғану құралдарымен кең тұрғыда жабдықтауды қамтамасыз ету. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң жеке басының қауiпсiздiгiнiң кепiлдiктер жүйесiн заңды түрде айқындау. 5. Сотталғандарды әлеуметтiк-құқықтық қорғау, оларды жұмысқа пайдалану 1996 жылдан бастап 1998 жылға дейiн: құқық бұзушыларға адамгершiлiк көзқарасты; адамның құқығы мен оның мүдделерiн; сотталғандардың заңға бой ұсыну тәртiбiнiң басымдылығын; қылмыскердiң әртүрлi санаттарына саралау (дифференцированный) ыңғайы;
сотталғандарды жазаны атқарушы мекемелерде алғашқы болған күнiнен бастап бостандыққа өмiр сүруге әзiрлеу принципiн қамтамасыз ететiн жаза өтеудiң жағдайлары мен тәртiбiн жасау.
Осы мақсатта:
сотталғандарды ұстау жағдайын олардың тәртiбiне қарай кезең-кезеңмен өзгерте отырып, жазаны өтеу режимiн саралау;
сотталғандардың бейiмделуi, диагностикасы мен бөлiнiсi үшiн жағдайларды, өзiн оң жағынан көрсеткендердiң ұсталу жағдайының жақсартылуын, сауықтыру-алдын алу шараларын жүргiзудi қамтамасыз ету;
сотталғандарға берiлетiн кепiлдi игiлiктiң ең аз деңгейiн кеңейту;
тергеудегi-тұтқындалған және сотталған адамдарға ақылы тұрмыстық, медициналық, сауықтыру және өзге қызмет көрсетулерiнiң берiлу жүйесiн құру;
тергеудегi-тұтқындалған, сотталған адамды ұстауға арналған ең аз шығыстардың нормасын Қазақстан Республикасының нақтылы мүмкiндiктерi мен халықаралық стандарттарды заңды түрде белгiлеу және бекiту;
азық-түлiк, заттық және де басқа интенданттық мүлiктердi орталықтандырылып берiлуiн, сондай-ақ материалдық ресурстарды өз кәсiпорындарында және оқу өндiрiстiк шеберханаларында шығаруды ұйымдастыруды көздей отырып бас бостандығынан айырылған және алдын ала қамауға алынғандар ұсталатын орындардағы адамдарды тұрақты материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету жүйесiн құру;
әртүрлi санаттағы сотталған және тергеудегi-тұтқындалғандар үшiн тұрғын алаң нормасын бiрте-бiрте көбейту, тергеудегi-тұтқындалған және сотталғандарды камералық үлгiдегi санитарлық талаптарға сәйкес үй-жайларға орналастыруды қамтамасыз ету;
жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк оқыту органдарымен бiрлесе отырып өз өндiрiсiнiң, еңбек нарығының мүдделерi, босатылғаннан кейiн жұмысқа орналасу мүмкiндiктерi ескерiле отырып қамалғандарды оқытудың икемдi жүйесiн құру;
сотталғандар мен олардың туыстары, қоғамдық және дiни ұйымдар арасындағы байланыстың нығаюына жағдай жасау;
Бас бостандығынан айыру орындарындағы еңбекке жарамды барлық сотталғандар үшiн қажеттi жұмыс орындарын құру алда тұр.
Осы мақсаттарда атқарушы өкiмет органдарының қолдауымен
сұранымға ие өнiм түрлерiн шығаруға қабiлеттi қылмыстық-атқару жүйесiнiң өндiрiстiк объектiлерiн жаңарту мен құрылымдық қайта бағдарлауды қамтамасыз ету. ҚАЖББ мекемелерiнiң өндiрiс орындарында мемлекеттiк тапсырыстарды, оның iшiнде қылмыстық-атқару жүйесi және республика iшкi iстер органдарының мұқтаждары үшiн өнiм шығару тапсырыстарын бiрiншi кезекте орналастыруды қамтамасыз ету. II ТАРАУ Қылмыстық-атқару жүйесiн, оның жақын жылдарда дамыту тұжырымдамасының туындайтын материалдық-техникалық және әлеуметтiк-құқықтық қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар 1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнiң жобасын әзiрлеу. Үкiметке Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi қабылданған соң тапсыру Орындаушылар: Iшкiiсминi, Әдiлетминi, Бас Прокуратура (келiсiмi бойынша)
2. "Қылмыс жасады деп күдiктелiнген және айыпталғандарды қамауда ұстау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының жобасын әзiрлеу.
Үкiметке Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi қабылданған соң тапсыру
Орындаушылар: Әдiлетминi, МҚҚ, Қорғанысминi, Бас Прокуратура (келiсiмi бойынша), МТК, (келiсiмi бойынша)
3. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк қылмыстық-атқару жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеу.
Үкiметке Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi қабылданған соң тапсыру
Орындаушылар: Iшкiiсминi, Әдiлетминi, Бас Прокуратура (келiсiмi бойынша)
4. Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң кәсiпорындары шығаратын өнеркәсiп өнiмiн республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алатын тауарлардың (қызмет көрсетулердiң) тiзбесiне енгiзу, оны iшкi әскерлер, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Қорғаныс министрлiгiне, Шекара әскерлерiне, Республикалық ұланға беру туралы ұсыныс енгiзу.
Үкiметке ұсыну
Орындалу мерзiмi: 1996 жыл
Орындаушылар: Iшкiiсминi, Әдiлетминi, Экономминi МТК (келiсiмi бойынша)
5. Қылмыстық-атқару жүйесi мен алдын ала қамауға алу орындарын халықаралық мiндеттемелерге сәйкестендiру үшiн олардың реформаларына қосымша шұғыл қаржыландыру жөнiнде ұсыныс әзiрлеу.
Үкiметке ұсынылсын
Орындалу мерзiмi: 1996 жыл
Орындаушылар: Iшкiiсминi, Қаржыминi (келiсiмi бойынша), МТК (келiсiмi бойынша)
6. Түзеу мекемелерi және тергеу оқшаулауларына төтенше жағдайлар мен табиғат апаттары кезiнде шұғыл жәрдем беру үшiн жергiлiктi жерлерде арнаулы резервтiк қаржы, құрал-жабдықтар, автокөлiк, құрылыс материалдарының қорын құру.
Үкiметке ұсыну
Орындалу мерзiмi: 1996 жыл
Орындаушылар: Қаржыминi, Iшкiiсминi, МТК (келiсiмi бойынша)
7. Қылмыстық жазалауды атқару мен алдын ала қамауға алу жүйесiнiң қызметтерi мен бөлiмшелерiнiң басқару қызметiн реттейтiн нормативтiк құжаттардың (бұйрықтар, нұсқаулар) қолданылып жүргендерiн нақтылау және жаңаларын әзiрлеу.
Үкiметке ұсыну Орындалу мерзiмi: 1996 жыл Орындаушылар: Iшкiiсминi, Әдiлетминi, Бас Прокуратура (келiсiмi бойынша), МТК (келiсiмi бойынша) 8. Тергеу оқшауларындағы және түзеу мекемелерiндегi күзет санын есептеу тәртiбiн тергеудегiлер мен сотталғандардың санына емес, күзет объектiлерiнiң санына негiздеп әзiрлеу. Үкiметке ұсыну Орындалу мерзiмi: 1996 жыл Орындаушылар: Iшкiiсминi, МТК (келiсiмi бойынша) 9. Облыстардың ҚАЖБ(б) жүйесiнде бас бостандығынан айыру орындарында ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлық және қылмыстық бой көрсетулермен күрес жүргiзетiн бөлiмшелердi кезең-кезеңмен ұйымдастыру туралы ұсыныс әзiрлеу. Үкiметке ұсыну Орындалу мерзiмi: 1996 жыл Орындаушылар: Iшкiiсминi
10. Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен алдын ала қамауға алу орындарының тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету жөнiнде облыс әкiмдерiнiң жауапкершiлiгiн арттыру туралы ұсыныс әзiрлеу.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ұсыну
Орындалу мерзiмi: 1996-1997 жылдар
Орындаушылар: Iшкiiсминi, Бас Прокуратура (келiсiмi бойынша), МТК (келiсiмi бойынша)
11. Салық туралы заңға түзеу мекемелер жүйесiн салықтың барлық түрiнен босату мәселелерi жөнiнде өзгертулер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде заң актiсiн әзiрлеу, оларды республикалық және жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландыруға көшiру.
Үкiметке ұсыну
Орындалу мерзiмi: 1996-1997 жылдар
Орындаушылар: Iшкiiсминi, Қаржыминi, МТК (келiсiмi бойынша)
12. Түзеу мекемелерi мен тергеу оқшаулауларында бас бостандығынан айыру және алдын ала қамау орындарында сақтауға, пайдалануға тиым салынған заттарда, сондай-ақ арнаулы құрамнан асып сатудан түскен қаражаттың, ақшаның есебiнен арнаулы қор құру жөнiнде ұсыныс әзiрлеу. Аталған қор қаражатын мекеменiң мұқтаждарына пайдалану.
Үкiметке ұсыну
Орындалу мерзiмi: 1996-1997 жылдар
Орындаушылар: Iшкiiсминi, Қаржыминi, МТК (келiсiмi бойынша)
13. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне
түсiндiрме, түзеу мекемелерi қызметiнiң жарғысын әзiрлеу. Үкiметке Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi қабылданғаннан соң ұсыну Орындаушылар: Әдiлетминi, Iшкiiсминi, Бас Прокуратура (келiсiмi бойынша) 14. Нақтылы мүмкiндiктердi есепке ала отырып бас бостандығынан айыруға қатысы жоқ жазаны атқарушы бөлiмшелердi, сондай-ақ еңбекпен түзеу мекемелерiнiң кейбiр түрлерiн жергiлiктi өкiмет органдарының қарауына беру жөнiнде ұсыныс енгiзу. Үкiметке ұсыну Орындалу мерзiмi: 1997-1998 жылдар Орындаушылар: Iшкiiсминi, Бас Прокуратура (келiсiмi бойынша) 15. Қылмыстық-атқару жүйесi үшiн халықаралық талаптарға сай келетiн арнаулы киiм үлгiлерiн енгiзудiң тәртiбi мен енгiзу мерзiмi жөнiнде ұсыныс әзiрлеу. Үкiметке ұсыну Орындалу мерзiмi: 1996-1998 жылдар Орындаушылар: Iшкiiсминi, Экономминi, Қаржыминi 16. Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн республикалық бюджеттi бекiту кезiнде осы Үкiмет бағдарламасының қосымшасына сәйкес 2000 жылға дейiнгi кезеңге арналған жылдар бойынша жеке тұрғыда ақша қаражатын бөлудi көздеу. Үкiметке ұсыну Орындалу мерзiмi: 1996-2000 жылдар Орындаушылар: Iшкiiсминi, Қаржыминi, МТК (келiсiмi бойынша) 17. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны сотталғандардың кезең-кезеңмен тұрғылықты жерiнде өтеуге көшiрiлуi ескерiле отырып, ЕТК мен тергеу оқшаулауларының құрылысын салу және қайта жаңартуды жүзеге асыру. Үкiметке ұсыну Орындалу мерзiмi: 2000 жылдар Орындаушылар: Iшкiiсминi, Әдiлетминi, Бас Прокуратура (келiсiмi бойынша) III ТАРАУ Қылмыстық жазаларды атқару жүйесiн және алдын ала қамау орындарын кадрлармен қамтамасыз ету 1. Қызметкерлерге қолданылып жүрген жеңiлдiктердi: ерекше қызмет жағдайы үшiншi еңбегiне ақы төлеудi көбейту;
пәтер сатып алу қаржы және жеке-үй құрылысын салу үшiн жергiлiктi бюджеттен процентсiз жеңiлдiктi несие ақша бөлу;
қызметiн ЕТК, тергеу оқшаулауында өткерiп жүрген қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға еңбек сiңiрген жылдарын жеңiлдiкпен есептеу (1 ай қызмет бiр жарым ай);
қызметкерлерге азық-түлiк паегiнiң құнын баға индексациясын ескере ақшалай өтем төлеу.
Үкiметке ұсыну
Орындалу мерзiмi: 1996 жыл
Орындаушылар: Iшкiiсминi, Қаржыминi, Әдiлетминi, Бас Прокуратура (келiсiмi бойынша), МТК (келiсiмi бойынша)
2. Қылмыстық-атқару жүйесi және алдын ала қамауға алу орындары қызметкерлерiнiң аймақаралық және республикалық ауқымды жұмыс тәжiрибесiмен алмасуын жүзеге асыру, Қылмыстық-атқару саясатының мәселелерi бойынша слеттер, семинарлар, конференциялар өткiзу тәжiрибесiн одан әрi жалғастыру.
Үкiметке ұсыну
Орындалу мерзiмi: 1996 жыл
Орындаушылар: Iшкiiсминi, Әдiлетминi, Бас Прокуратура (келiсiмi бойынша), МТК (келiсiмi бойынша)
3. Қылмыстық-атқару жүйесi және алдын ала қамауға алу орындарына кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi, МТК оқу орындарында мамандандырылған факультеттер ашу туралы ұсыныс әзiрлеу.
Үкiметке ұсыну
Орындалу мерзiмi: 1996 жыл
Орындаушылар: Iшкiiсминi, Әдiлетминi, Қаржыминi, Ғылымминi - Ғылым академиясы
4. Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi, МТК оқу орындарында оқып жүргендердiң тағылымдамасын ұйымдастыру үшiн базалық түзеу мекемелерiн және тергеу оқшаулауларын құру туралы ұсыныстар әзiрлеу.
Үкiметке ұсыну
Орындалу мерзiмi: 1996 жыл
Орындаушылар: Iшкiiсминi, Бас Прокуратура (келiсiмi бойынша), МТК (келiсiмi бойынша)
5. Түзеу мекемелерi және тергеу оқшаулаулары қызметiнiң әртүрлi бағыттары бойынша сценарийлер жазу және оқу-бейнефильмдерiн түсiру үшiн қаражат бөлу туралы ұсыныс әзiрлеу.
Үкiметке ұсыну
Орындалу мерзiмi: 1996 жыл
Орындаушылар: Iшкiiсминi, Қаржыминi, МТК (келiсiмi бойынша)
6. Қылмыстық атқару жүйесi және алдын ала қамауға алу орындарының ерекше көзге түскен қызметкерлерiне арнап мемлекеттiк, ведомстволық және қоғамдық атақтар, атаулы сыйлықтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi мен алдын ала қамауға алу орындарына мамандар даярлайтын мамандандырылған оқу орындарында оқитын тыңдаушылар мен курсанттарға атаулы
стипендиялар тағайындау туралы ұсыныс әзiрлеу. Үкiметке ұсыну Орындалу мерзiмi: 1996-1997 жылдар Орындаушылар: Iшкiiсминi, Әдiлетминi, Қаржыминi, МТК (келiсiмi бойынша) 7. Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде дербес-тәрбиелiк ықпал жасау және құқыққа қарсы көрінiстердiң алдын алу үшiн психологтық-педагогтiк қызметтер құру туралы ұсыныс әзiрлеу. Үкiметке ұсыну Орындалу мерзiмi: 1996-1997 жылдар Орындаушылар: Iшкiiсминi, Денсаулықминi, Ғылымминi - Ғылым академиясы
8. Мекемелерде кәсiптiк-техникалық даярлауды халық шаруашылығының аумақтық қажеттiлiгiн ескере отырып сотталғандарды жұмысшы кәсiптерiне оқытуға бағдарлауды қамтамасыз ету.
Үкiметке ұсыну
Орындалу мерзiмi: 1996-1997 жылдар
Орындаушылар: Iшкiiсминi, Бiлiмминi
9. Мекемелер қызметкерлерiнiң барлық санаттары үшiн ғылыми негiзделген жұмыс жүктемесi нормасын әзiрлеу. Штатқа дәрiгер-психиатрлар, психологтар, арнаулы қызметкерлер, тамақтандыру бойынша инженер-технологтар, ғимараттар мен құрылысты пайдалану жөнiнде инженерлер, сондай-ақ заңгерлер және жасақтық буын, жедел-режимдiк қызмет үшiн педагогтар, бақылаушылар енгiзiлуi есепке алына отырып қызметкерлер санына қажеттiлiктi айқындау.
Үкiметке ұсыну
Орындалу мерзiмi: 1996-1998 жылдар
Орындаушылар: Iшкiiсминi, Ғылымминi - Ғылым академиясы, МТК (келiсiмi бойынша)
10. Түзеу мекемелерi мен оқшаулауларының қызметкерлерiнiң кәсiптiк шалдығуы, психологиялық қажуының алдын алу және демалуы, олардың туберкулез, басқа да кәсiптiк ауруларының алдын алу үшiн аумақтық медициналық оңалту орталықтарын құру.
Үкiметке ұсыну
Орындалу мерзiмi: 1996-1999 жылдар
Орындаушылар: Iшкiiсминi, Денсаулықминi, Қаржыминi, МТК (келiсiмi бойынша).
11. Республиканың мәдени-ағарту мекемелерiмен, кино, радио, теледидар, баспасөз, жазушылар ұйымдарымен байланысты кеңейту арқылы қылмыстық жазалауды атқару жүйесi және алдын ала қамауға алу орындары қызметкерлерiнiң мамандығының мәртебесiн көтеру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру.
Үкiметке ұсыну
Орындалу мерзiмi: 1996-2000 жылдар
Орындаушылар: Iшкiiсминi, Ғылымминi - Ғылым академиясы "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы, МТК (келiсiмi бойынша)
12. Қылмыстық атқару жүйесi және алдын ала қамауға алу
орындарының қызметкерлерiн Қазақстан Республикасы Iшкiiсминi және МТК оқу орындарында даярлау және қайта даярлау жүйесiн одан әрi дамытуды көздеу. Үкiметке ұсыну Орындалу мерзiмi: 1996-2000 жылдар Орындаушылар: Iшкiiсминi, Қаржыминi, Ғылымминi - Ғылым академиясы, МТК (келiсiмi бойынша) 13. Қылмыстық атқару жүйесi және алдын ала қамауға алу орындарына мамандар даярлау тәжiрибесiмен танысуға және тыңдаушылар алмасу үшiн Англияға, Германияға, АҚШ-қа, Финляндияға, Ресейге iссапарларды көздеу. Үкiметке ұсыну Орындалу мерзiмi: 1996-2000 жылдар Орындаушылар: Iшкiiсминi, Қаржыминi, МТК (келiсiмi бойынша) IҮ ТАРАУ Қылмыстық жазалауды орындау саласындағы ғылыми зерттеулердiң негiзгi бағыттары. Халықаралық ынтымақтастық
1. Қылмыстық жазалауды атқару жүйесiнiң 2000 жылға дейiнгi болашағына арналған реформаларды мұқият пысықтау үшiн қажеттi ғылыми зерттеулердiң негiзгi бағыттарын айқындау.
Үкiметке ұсыну
Орындалу мерзiмi: 1996 жыл
Орындаушылар: Iшкiiсминi, Әдiлетминi, Ғылымминi - Ғылым академиясы, МТК (келiсiмi бойынша)
2. Қылмыстық-атқару саясаты мәселелерi бойынша, қылмыстық жазалауды атқарудың нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру бойынша жүргiзiлiп жатқан ұйымдық және құқықтық қайта құруды ғылыми зерттеудiң республикалық ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы ұсыныс әзiрлеу.
Үкiметке ұсыну
Орындалу мерзiмi: 1996-1997 жылдар
Орындаушылар: Iшкiiсминi, Әдiлетминi, Ғылымминi - Ғылым академиясы
3. Есiрткiнi қолданатын адамдарға медициналық-психологиялық және психотерапевтикалық ықпал жасау әдiстерiн және сотталғандар арасында есiрткi құмарлықты жоюдың тиiмдi әдiстерiн әзiрлеудi қамтамасыз ету.
Үкiметке ұсыну
Орындалу мерзiмi: 1996-1997 жылдар
Орындаушылар: Iшкiiсминi, Денсаулықминi
4. Өндiрiстi жаңартуды жұмылдыру қуаттарын сақтауды және
сотталғандардың жұмыс жағдайын жақсартуды, өндiрiстi басқарудың ұйымдық құрылымын, нысандарын және әдiстерiн жетiлдiрудi, нарық жағдайындағы өндiрiс орындарының жұмысының экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудi қоса алғанда ЕТМ жүйесiнiң өндiрiстiк-шаруашылық қызметiнiң тұжырымдамасын әзiрлеу. Үкiметке ұсыну Орындалу мерзiмi: 1996-1997 жылдар Орындаушылар: Iшкiiсминi, Экономминi, Қаржыминi 5. Бас бостандығынан айыру орындарында қалыптасқан экологиялық проблемалар жөнiнде ғылыми-техникалық бағдарлама әзiрлеу. Үкiметке ұсыну Орындалу мерзiмi: 1996-1997 жылдар Орындаушылар: Iшкiiсминi, Экобиоресурсминi 6. Түзеу мекемелерiнiң шаруашылық қызметiнiң экологиялық қауiпсiз және экономикалық қолайлы даму жолдарын айқындайтын экономикалық бағалау әдiстемесiн әзiрлеудi жүзеге асыру. Үкiметке ұсыну Орындалу мерзiмi: 1996-1997 жылдар Орындаушылар: Iшкiiсминi, Экобиоресурсминi
7. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң сыртқы экономикалық және ғылыми қызметiн қаржыландыру мақсатымен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң валюталық қорын құру туралы ұсыныс әзiрлеу, Қор мемлекеттiк жарналар есебiнен, әрбiр мемлекеттiң аталған қордағы үлес дәрежесi негiзiнде құрылады.
Үкiметке ұсыну
Орындалу мерзiмi: 1996-1997 жылдар
Орындаушылар: Iшкiiсминi, Қаржыминi, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң Iшкiiсминдерi (келiсiмi бойынша)
8. Қылмыстық-атқару мекемелерiн басқару нысандары мен әдiстерi, әлеуметтiк қорғалу дәрежесi әртүрлi сотталғандарды және қамауға алынғандарды ұстау ерекшелiктерi, жеке құрамның жұмыс арнаулы құралдардың қолданылу тәртiбi, сондай-ақ жазалауды атқару мекемелерiнiң сәулеттiк-жоспарлану шешiмдерi туралы АҚШ және басқа мемлекеттердiң тәжiрибесiн зерделеу.
Үкiметке ұсыну
Орындалу мерзiмi: 1996-1997 жылдар
Орындаушылар: Iшкiiсминi, Қаржыминi, МТК (келiсiмi бойынша)
9. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң мүдделi халықаралық ұйымдармен бiрлесе отырып үнемi өткiзiлiп тұратын мекемелерiнiң қызметкерлерiне арналған оқу курстарына қатысуын қамтамасыз ету, сараптау-анықтама жүйесiнде БҰҰ-ның қылмыстық-атқару мекемелерi қызметi бойынша аймақтық институттарын қатыстыра отырып
сарапшы-кеңесшiлер қызметiн тарту және ұсыну. Үкiметке ұсыну Орындалу мерзiмi: 1996-1997 жылдар Орындаушылар: Iшкiiсминi, Бас Прокуратура (келiсiмi бойынша), МТК (келiсiмi бойынша) 10. Қылмыстық-атқару жүйесiне мамандар даярлау және қайта даярлауға арналған оқулықтар мен әдiстемелiк оқу құралдарын дайындау бағдарламаларын әзiрлеу. Үкiметке ұсыну Орындалу мерзiмi: 1996-1997 жылдар Орындаушылар: Iшкiiсминi, Ғылымминi - Ғылым академиясы, МТК (келiсiмi бойынша) 11. Республикалық қылмыстық атқару жүйесiн халықаралық ынтымақтастық саласына енгiзу жөнiнде ұсыныс әзiрлеу. Үкiметке ұсыну Орындалу мерзiмi: 1997 жыл Орындаушылар: Iшкiiсминi, Әдiлетминi, Ғылымминi - Ғылым академиясы, МТК (келiсiмi бойынша)
12. Жазасын өтегендердiң әлеуметтiк бейiмделу мәселелерiн шешу, оңалту орталықтарын құру, еңбекке және тұрмыстық жағдайларын үйлестiру тәртiбi мен оларды қамқорлыққа алу қызметi жұмыстарын жетiлдiру жөнiндегi iс-шараларды көздеу.
Үкiметке ұсыну
Орындалу мерзiмi: 1996-1998 жылдар
Орындаушылар: Iшкiiсминi, Денсаулықминi, Бас Прокуратура (келiсiмi бойынша)
13. Түзеу мекемелерi қызметiнiң басым бағыттары бойынша бiрлесе iс-қимылдар жасау, қылмыстық-атқару саясатының мәселелерiн зерттеу және ақпараттар алмасу, ЕТМ жеке құрамының және әлеуметтiк қорғалуы, қазiргi заманғы ұйымдастыру техникасын басқару қызметiнiң практикасына қолдануды зерделеу, өзара тиiмдi тiкелей өндiрiстi-тауарлық байланыстарды ұйымдастыру мүмкiншiлiгiн зерделеу, мамандарды өзара тағылымдамадан өткiзу, делегациялар алмасу және де басқа осы саладағы мәселелерге қатысты халықаралық ынтымақтастықтың кешендi шараларын әзiрлеу.
Үкiметке ұсыну
Орындалу мерзiмi: 1996-1998 жылдар
Орындаушылар: Iшкiiсминi, Қаржыминi, Ғылымминi - Ғылым академиясы, Бас Прокуратура (келiсiмi бойынша)
14. Қамауға алғандарды қараудың ең төменгi стандарттық
ережелерiн қарастыратын және iске асыратын халықаралық орган болып табылатын Бiрiккен Ұлттар Ұйымының қылмыстың алдын алу және онымен күрес жүргiзу жөнiндегi Комитетiмен ынтымақтастықты нығайту жөнiнде ұсыныс әзiрлеу. Үкiметке ұсыну Орындалу мерзiмi: 1996-1998 жылдар Орындаушылар: Iшкiiсминi, Әдiлетминi, Бас Прокуратура (келiсiмi бойынша), МТК (келiсiмi бойынша) 15. Қылмыстық-атқару саясатының тиiмдiлiгiн арттыру бойынша iргелi және қолданбалы зерттеулер жүргiзу үшiн ұлттық ғылыми мақсатты бағдарламалар тақырыптамасына ұсыныс енгiзу. Үкiметке ұсыну Орындалу мерзiмi: 1996-2000 жылдар Орындаушылар: Iшкiiсминi, Әдiлетминi, Ғылымминi - Ғылым академиясы
ҚОСЫМША
Қылмыстық-атқару жүйелерi мен алдын ала қамауға алу орындарын
2000 жылға дейiн материалдық-техникалық және әлеуметтiк жағынан қамтамасыз ету жөнiндегi Үкiмет бағдарламасының шараларын орындау үшiн жыл сайынғы бюджеттiк қаражат қажеттiлiгiнiң ЕСЕБI ______________________________________________________________________ іҚаржылықі Оның iшiнде жылдар бойынша іЕс. ішығындарі__________________________________ікер. Шығыстар атауы і млн. і і і і і іту і теңге і 1996 і 1997 і 1998 і 1999 і 2000 і і і і і і і і ______________________________________________________________________ 1 і 2 і 3 і 4 і 5 і 6 і 7 і 8 ______________________________________________________________________ I. Еңбекпен түзеу мекемелерiнiң, Тергеу оқшаулауларының қызметiн қаржымен қамтамасыз ету 1296,0 1296,0 - - - - БАРЛЫҒЫ Оның iшiнде: Белгiлi нормаға дейiнгi мүлiкпен қамтамасыз ету 190,0 190,0 - - - - олардың: ЕТМ, ТОҚ басшы құрамына 20,0 20,0 - - - - арнаулы құрамына 170,0 170,0 - - - - Тамақтық өнiмдерге, оның iшiнде 1996\1997 жылдың қысына картоп және көкiнiс дайын. дауымен байланысты берешектi өтеу 102,0 102,0 - - - - Жылу және электр энергиялары үшiн берешектi өтеу 470,0 470,0 - - - - Еңбекақы жөнiндегi берешектi өтеу 78,0 78,0 - - - - 1995 жылдың өнiмiнен картоп және көкөнiс дайындаумен байланысты шығыстарды өтеу 456,0 456,0 - - - - II. Бас бостандығынан айыру түрiнде қылмыстық жазалауды атқарушы мекемелер мен органдар және алдын ала қамауға алу орындарының оперативтiк қызметтiк жұмыстарын дамытуды қаржыландыру БАРЛЫҒЫ 754,18 156,27 154,72 149,29 149,44 144,46 Оның iшiнде: Оперативтiк және арнаулы қызметтердiң тұтқындарды айдап алып жүру, оларды iздеу, күзету қадағалау бөлiмшелерiнiң материалдық- техникалық базасын нығайту 111,37 23,15 22,05 22,05 22,05 22,07 олардың: Қару-жарақтар, оқ-дәрiлер, елiктiру құралдарын сатып алу 89,85 18,85 17,75 17,75 17,75 17,75 Әскери-химиялық мүлiктер сатып алу 7,5 1,5 1,5 1,5 1,5 1,5 жеке басты қорғау және белсендi қорғаныс құралдарын сатып алу 14,02 2,8 2,8 2,8 2,8 2,82 автокөлiк сатып алу 248,21 54,21 53,76 48,32 48,46 43,46 олардың: жеңiл автомобильдер сатып алу 15,36 4,61 4,61 1,92 2,3 1,92 автобустар сатып алу 31,35 6,27 6,27 6,27 7,17 5,37 жүк автомобильдерiн сатып алу 77,95 15,68 15,23 17,92 15,68 13,44 арнаулы автомобильдер сатып алу 58,75 14,69 14,69 9,25 10,35 9,77 уақытша ұстау оқшаулаулары мен Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң айдап алып жүру бөлiмшелерi үшiн арнаулы автомобильдер сатып алу 64,8 12,96 12,96 12,96 12,96 12,96 Байланыс жүйелерi мен құралдарын сатып алу 18,62 3,73 3,72 3,72 3,73 3,72 Оперативтiк және криминалистiк техникалар сатып алу 11,15 2,23 2,23 2,23 2,23 2,23 олардың: Оперативтiк техника: оптикалық құралдар 1,45 0,29 0,29 0,29 0,29 0,29 аудио, бейнеаппаратура 6,85 1,37 1,37 1,37 1,37 1,37 фотожабдықтар 0,9 0,18 0,18 0,18 0,18 0,18 Криминалистикалық техника: бiрегейлендiрiлген чемодандар 0,5 0,1 0,1 0,1 0,1 0,1 iздестiру аспаптары 1,45 0,29 0,29 0,29 0,29 0,29 Бiрыңғай аймақтық компьютерлiк жүйе құру 47,84 9,56 9,56 9,57 9,57 9,58 олардың: Компьютерлiк және есептеу техникасын сатып алу 42,32 8,46 8,46 8,47 8,47 8,46 Ұйымдастыру техникаларын сатып алу 5,52 1,1 1,1 1,1 1,1 1,12 Еңбекпен түзу мекемелерiнiң объектiлерiн қорғау 316,99 63,39 63,4 63,4 63,4 63,4 олардың: Инженерлiк күзет құралдары 100,0 20,0 20,0 20,0 20,0 20,0 Техникалық күзет құралдары 200,0 40,0 40,0 40,0 40,0 40,0 Арнаулы құлып-iлмек құрылғылары 4,69 0,93 0,94 0,94 0,94 0,94 Қызметтiк iздестiру және күзет иттерiн сатып алу және оларды бағып күту 12,3 2,46 2,46 2,46 2,46 2,46 III. Жеке құрамы және арнаулы құраммен тәрбиелiк жұмыстардың материалдық базасын қамтамасыз ету БАРЛЫҒЫ 48,5 9,7 9,7 9,7 9,7 9,7 Оның iшiнде: Радио және теледидар аппаратураларын сатып алу 15,5 3,1 3,1 3,1 3,1 3,1 Кiтапхана қорын толықтыру 10,5 2,1 2,1 2,1 2,1 2,1 Мәдени-көпшiлiк және спорт керек жарақтарын сатып алу 22,5 4,5 4,5 4,5 4,5 4,5 IҮ. Тиiстiк нормасы бойынша жеке құрам мен арнаулы құрамды мүлiкпен, жиһазбен,керек-жарақтармен қамтамасыз ету БАРЛЫҒЫ 2832,08 566,056 566,506 566,506 566,506 566,506 Оның iшiнде: Жеке құрамға арналған заттай үлес пен нысанды киiмдер беру 329,8 65,96 65,96 65,96 65,96 65,96 Арнаулы құрамға арналған заттай мүлiк 1884,59 376,59 377,0 377,0 377,0 377,0 Коммуналдық-тұрмыстық қамтамасыз ету: моншаларды, кiр жуатын үйлердi жабдықтау 31,96 6,36 6,4 6,4 6,4 6,4 көш-көлiк шаруашылық жабдықтары 5,0 1,0 1,0 1,0 1,0 1,0 жиһаз және керек-жарақтар 439,2 87,84 87,84 87,84 87,84 87,84 жуу құралдар 119,15 23,83 23,83 23,83 23,83 23,83 қазандық жабдығы 22,38 4,476 4,476 4,476 4,476 4,476 Ү. Арнаулы құрамға үлес нормалары бойынша тамақтандыру ұйымдастыру БАРЛЫҒЫ 10201,5 2040,3 2040,3 2040,3 2040,3 2040,3 Оның iшiнде: Арнаулы құрамды тәулiктiк үлес нормалары бойынша тамақ өнiмдерiмен қамтамасыз ету 7060,0 1412,0 1412,0 1412,0 1412,0 1412,0 Картоп пен көкөнiс дайындау 3071,0 614,2 614,2 614,2 614,2 614,2 Азық-түлiк қызметiне мүлiктер сатып алу 70,5 14,1 14,1 14,1 14,1 14,1 (наубайхана) ҮI. Арнаулы құрамды медициналық жағынан қамтамасыз ету БАРЛЫҒЫ 3755,0 663,91 711,6 761,6 810,0 807,88 Оның iшiнде: Медикаменттер сатып алу 3700,0 650,0 700,0 750,0 800,0 800,0 Медициналық жабдықтар сатып алу 55,0 13,91 11,6 11,61 10,0 7,88 ҮII. Еңбекпен түзеу мекемелерiнiң өрт сөндiру бөлiмшелерiн жабдықтау БАРЛЫҒЫ 117,6 23,52 23,52 23,52 23,52 23,52 Оның iшiнде: Өрт сөндiру жүйелерiн сатып алу және оларды құрастыру 25,0 5,0 5,0 5,0 5,0 5,0 Өрт сөндiру техникаларын сатып алу 74,0 14,8 14,8 14,8 14,8 14,8 Өрт сөндiру құралдарын сатып алу 18,6 3,72 3,72 3,72 3,72 3,72 ҮIII. Арнаулы құрамды темiр жол көлiгiн тасымалдау БАРЛЫҒЫ 154,0 11,0 22,0 33,0 44,0 44,0 Оның iшiнде: Арнаулы құрамды тасымалдауға 14 вагон сатып алу 154,0 11,0 22,0 33,0 44,0 44,0 IХ. Еңбекпен түзеу мекемелерi кәсiпорындарының өндiрiстiк қызметiн жақсарту БАРЛЫҒЫ 6345,6 1903,68 1903,68 1269,12 634,56 634,56 Оның iшiнде: Айналым қаражаттарын толықтыру 1232,1 369,63 369,63 246,42 123,21 123,21 Бұйымдардың жаңа түрлерi мен өндiрiстердiң 72 атауын игеру 2916,3 984,89 984,89 583,26 181,63 181,63 Технологиялық жабдықтарды алмастыру 531,0 159,3 159,3 106,2 53,1 53,1 Жұмыс iстеп тұрған өндiрiстi кеңейту және қайта жаңарту 566,2 169,86 169,86 113,24 56,62 56,62 Еңбекпен түзеу колониялары кәсiпорындарының базасында ауыл шаруашылығы бөлiмшелерiн дамыту 1100,0 220,0 220,0 220,0 220,0 220,0 Х. Күрделi жөндеу БАРЛЫҒЫ 301,99 60,39 60,39 60,4 60,40 60,41 Оның iшiнде: Үйлер мен ғимараттар 168,62 33,72 33,72 33,72 33,72 33,72 Инженерлiк жүйелер 90,03 18,0 18,0 18,01 18,01 18,01 Инженерлiк-техникалық күзет құралдары 43,35 8,67 8,67 8,67 8,67 8,67 ХI. Энергетикалық шаруашылық жабдықтарын сатып алу 22,38 4,476 4,476 4,476 4,476 4,476 ХII. Кадрлар даярлау 10,0 2,0 2,0 2,0 2,0 2,0 ХIII. Күрделi құрылыс 1991 БАРЛЫҒЫ 701,42 154,51 166,01 143,35 126,97 110,58 жылғы базалық бағасында Жобалау-iздестiру жұмыстары 7,26 2,5 2,5 1,5 0,76 - Тергеу Сметалық оқшаулаулары 51,76 5,4 12,22 17,68 13,53 2,93 бағасының 4%-i Уақытша ұстау оқшаулаулары 50,0 10,0 10,0 10,0 10,0 10,0 Еңбекпен түзеу мекемелерiнiң жатақханалары 21,3 4,27 7,43 6,37 3,23 - Қойма шаруашылы. ғының объектiлерi 1,67 0,3 0,4 0,3 0,42 0,25 Қоғамдық тамақтандыру объектiлерi 1,75 0,6 0,87 0,28 - - Энергетикалық шаруашылық объектiлерi Электр беру желiлерi (ЭБЖ) 2,35 0,57 1,17 0,61 - - Қазандықтар 8,58 3,14 4,29 1,15 - - Трансформаторлық Қосалқы станциялар 5,23 2,23 2,6 0,4 - - Коммуналдық шаруа. шылық объектiлерi: моншалық-кiр жуу блоктары 2,04 0,42 0,89 0,6 0,13 - жылумен, сумен жабдықтау желiлерi 2,3 0,7 1,15 0,45 - - канализация желiлерi 6,3 0,85 2,4 2,3 0,75 - тазарту ғимараттары 6,3 1,75 3,15 1,4 - - жеке құрамға арналған санитарлық өткiзiмдер 0,42 0,21 0,21 - - - Медициналық мақсаттағы объектiлер 3,1 0,87 1,55 0,68 - - Әскери қалашықтар 6,37 2,1 2,68 1,08 0,51 - Тұрғын үй құрылысы 2,54 0,49 1,02 0,78 0,25 - Қызметкерлер үшiн тұрғын үйлер сатып алу 25,96 5,19 5,19 5,19 5,19 5,2 Өрттен қорғау объектiлерiнiң құрылысы 2,19 0,72 1,09 0,38 - - Еңбекпен түзеу мекемелерiнiң құрылысы 71,0 14,2 14,2 14,2 14,2 14,2 Қамау үйлерi 285,0 57,0 57,0 57,0 57,0 57,0 Еңбекпен түзеу мекемелерiндегi әскери қалашықтарды қайта бейiмдеу 33,0 20,0 13,0 - - - Транзиттiк-аралық жөнелту пункттерiнiң құрылысы 105,0 21,0 21,0 21,0 21,0 21,0 I-ХII тараулардың жиыны 25838,83 6737,302 5498,892 4919,922 4344,902 4337,812 ХIII-тарау (55-коэффициент) 38578,10 8498,05 9130,55 7884,25 6983,35 6081,9 БАРЛЫҒЫ 64416,93 15235,352 14629,442 12804,172 11328,252 10419,712