Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 қазандағы N 1094 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 15 сәуiр N 443

Қолданыстағы
      "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 14 қарашадағы N 2636 U952636_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы Ережелердi және запастағы офицер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 қазандағы N 1094 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 40, 439-бап) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы Ережеде:
      5-тармақта:
      төртiншi абзац мынадай редакцияда берiлсiн:
      "Профессорлық-оқытушы құрамының, инженерлiк-техникалық және оқу-көмекшi қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесi әскери кафедраның штат кестесiмен белгiленедi, оны Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi және қарауында жоғары оқу орындары бар басқа да

министрлiктер қарап, Қазақстан Республикасының Қорғаныс
министрлiгiнiң келiсуiмен бекiтедi";
     тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     "Әскери кафедралардың офицер құрамы үшiн штаттық-лауазымдық 
санаттар көрсетiлген схемаға сәйкес белгiленедi:
___________________________________________________________________
         Лауазым                          | Әскери атақ
____________________________________________________________________
    Профессорлық-оқытушылық құрам
Әскери кафедра бастығы                         полковник
Әскер кафедра бастығының орынбасары 
<***>
      подполковник, полковник
Оқу бөлiмiнiң бастығы - әскери кафедра 
бастығының орынбасары                          подполковник, полковник
Әскери кафедра циклының бастығы -              подполковник, полковник
әскери кафедраның аға оқытушысы
Әскери кафедраның аға оқытушысы                майор, подполковник
Әскери кафедраның оқытушысы                    майор

   Инженерлiк-техникалық құрам

Оқу техникасы мен жаттықтыру аппаратурасы      майор
бөлiмшесiнiң бастығы
Аға инженер                                    капитан
Инженер                                        аға лейтенант 
Жөндеу шеберханасының бастығы                  аға лейтенант
Аға нұсқаушы, барлық атаудағы нұсқаушылар      прапорщик

     
<***>
 Ескерту.  Профессорлық-оқытушы құрамының жалпы саны 20
                     және одан да көп, әр түрлi әскер тектiлерiнiң екi
                     немесе одан да көп әскери-есепке алу мамандықтары
                     бойынша әскери даярлықты жүзеге асыратын әскери
                     кафедралар үшiн ғана;"
     14-тармақта:
     бiрiншi абзацтағы "офицерлiк лауазымдарда 5 жылдан кем емес
қызмет тәжiрибесi бар" сөздерi алынып тасталсын;
     алтыншы абзац мынадай редакцияда берiлсiн:
     "Оқу техникасы мен жаттықтыру аппаратурасы,

инженерлiк-техникалық қызметкерлердiң офицерлiк құрамы лауазымдарына офицерлер мен прапорщиктердi тағайындауға болады";
      26-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа абзацтармен толықтырылсын:
      "Әскери кафедраларда оқуға әскери кафедралары жоқ, бiлiм беру қызметiн жүргiзуге Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң лицензиясы бар меншiк нысаны мен бағыныстылығына қарамастан басқа оқу орындарының да студенттерi тартылуы мүмкiн.
      Әскери кафедралары жоқ жоғары оқу орындарының студенттерiн запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша басқа оқу орындарына жiберу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Бiлiм министрлiгiнiң, қарауында жоғары оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволардың келiсуiмен жүзеге асырылады.
      Басқа жоғары оқу орындарынан әскери даярлыққа тартылатын студенттердiң саны әскери кафедралардың мүмкiндiктерiне қарай айқындалады және әскери кафедрасы бар жоғары оқу орнының ректорымен келiсiледi.
      Басқа оқу орындары студенттерiн әскери кафедра оқытумен байланысты шығыстар студенттердi оқуға жiберген жоғары оқу орындарының есебiнен өтеледi және әскери кафедраның оқу материалдық-техникалық базасы мен жоғары оқу орнындағы оқу процесiн жетiлдiруге жұмсалады";
      51-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда берiлсiн:
      "Әскери даярлықтың толық курсы мен әскерде (Әскери-Теңiз Күштерiнде) оқу жиынын (тағлымдама) өткен және әскери даярлық жөнiнде бiтiру емтихандарын тапсырып, денсаулығы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде офицерлiк лауазымдарда қызмет етуге жарамды деп танылған студент жiгiттер запастағы офицер әскери атағын беру үшiн аттестацияланады. Запастағы офицер әскери атағын беру үшiн аттестацияланатындар әскери комитеттермен келiсiлген мерзiмдерде медициналық куәландырудан өту үшiн тиiстi әскери-дәрiгерлiк комиссияларға жiберiледi. Медициналық куәландырудан белгiленген мерзiмде өтпеген немесе әскери-дәрiгерлiк комиссиялар әскери қызметке жарамсыз деп танылған студенттер запастағы офицер әскери атағын беру үшiн аттестацияланбайды";
      қазақша нұсқасының екiншi абзацына өзгерту енгiзу қажет емес.
      2. Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы

офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы ережеде:
     7-тармақтың "ж" тармақшасы алынып тасталсын;
     8-тармақтың "д" тармақшасы мынадай редакцияда берiлсiн;
     "д) әскери кафедралардың штат кестесiн Қорғаныс министрлiгiнiң
келiсуi бойынша қарау және бекiту";
     15-тармақтың бiрiншi абзацындағы "офицерлiк лауазымдарда
кемiнде 5 жылдық қызмет тәжiрибесi бар" деген сөздер "жоғары бiлiмi
бар" деген сөздермен ауыстырылсын, әрi қарай мәтiн бойынша;
     15-тармақтың төртiншi абзацы "20 не одан көп адамдары бар"
деген сөздерден кейiн "әр түрлi әскер тектерiнiң" деген сөздермен
толықтырылсын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi