1. Оның жай атаулы акцияларының 49 процентi мөлшерiнде iрi пакетiн белгiлеген инвестор - "Айведон Интернешнл Лтд" басқарушы фирмасына келiсiлген шарттарымен 3,185 млрд. /үш миллиард жүз сексен бес миллион/ теңге сомасына сату ескерiлiп, бiрлестiктi жекешелендiрудiң жеке тәртiбi бекiтiлсiн.
2. Мыналар белгiленсiн:
аталған соманың 1592,5 млн. теңге мөлшерiнде 50 процентi Қазақстан Республикасының /40 процентi - 1274,0 млн. теңге/ және Қостанай облысының /10 процентi - 318,5 млн. теңге/ бюджеттерiне аударылуға жатады;
басқарушы фирмаға бiрлестiктiң акцияларының 49 процентiн /1592,5 млн. теңге/ басқарушы фирмаға сатудан алынған қаржының қалған бөлiгi даму бағдарламаларын және жаңа технологияларды, техникалық қайта жарақтауды, қызметкерлердiң әлеуметтiк мәселелерiн шешу және өзге де ағымдағы қажеттердi қамтамасыз етуге қайтарымсыз мақсатты қаржыландыру ретiнде бiрлестiктiң шотына аударылуға жатады;
басқарушы фирма бiрлестiктiң сатып алынатын акцияларын Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен тиiстi шартқа қол қойылған датадан бастап 90 күн iшiнде толық төлеуi тиiс.
3. Оны жарғы қорының 1,5 процентi мөлшерiнде бiрлестiктiң жай атаулы акциялары қор биржасы арқылы сатылсын.
4. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi акциялар пакетiн сатудан бiрлестiк алған қаржының бүкiл сомасы, осы қаулыға сәйкес, бiрлестiктiң салық салынатын базасынан алынып тасталуы тиiс.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi оның салық салынатын базасынан алынған сомадан басқа, мемлекеттiк акциялар пакетiн сатудан оған түскен қаржы, бiрлестiктiң бухгалтерлiк есептерiнде дұрыс көрсетiлуiн қарастыратын нұсқамалық құжаттар шығарсын.
6. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi оның акцияларын сатудан түскен қаржының түсiмiне және олардың мақсатты пайдаланылуына бiрлестiктiң есеп беруiне бақылауды жүзеге асырсын.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне бiрлестiктiң акцияларын шетелдiк валютаға сату-сатып алу мәмiлелерiн мұндай тiркеу жасаған сәттен бастап күшiне енетiн акцияларды сату-сатып алудың тиiстi шартының куәландырылған данасы, оған берiлген датадан бастап,
бес жұмыс күнi iшiнде тiркеу ұсынылсын. 8. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi осы қаулыны жүзеге асыруға бағытталған шаралар кешенiн, оған қол қойылған күннен бастап, он күн мерзiмде жүзеге асырсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi