Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар "Мемлекеттік қызмет туралы" Жарлығының 22-бабының 1-тармағын соттардың қолдану тәжірибесі туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы 1996 жылғы 25 шілде N 8 (Қазақстан Республикасы (Қазақ КСР) Жоғарғы Соты Пленумы қаулыларының жинағы, 1997 ж., 1 том, 16 бет)

Қолданыстағы
      Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды қолдану жөнінде сот тәжірибесінде туындайтын мәселелерімен байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Конституциясы жоғарғы заң күші бар және Республиканың барлық аумағында тікелей қолданылатын болғандықтан (Конституцияның 4-бабының 2-тармағы) көрсетілген нысандағы істерді шешу кезінде оның нормаларын басшылыққа алудың қажеттігі түсіндірілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабында және Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" (заң күші бар) 1995 жылғы 26-желтоқсандағы Жарлығының 22-бабында көрсетілген мемлекеттік қызметтегі адамның жас шегіне жетуі (60 жас және ерекше жағдайларда 65 жас) мемлекеттік қызметті тоқтатуына және еңбек шартын бұзуға негіз болып табылады. Аталған ережелер бұрын зейнетке шыққан адамдарға да, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі зейнеткерлерге де қолданылады, себебі Конституцияда мемлекеттік қызметте болу жасының шегін белгілегенде бұл жөнінде қандай да бір артықшылықтар көрсетілмеген.
      "Мемлекеттік қызмет туралы" Жарлықтың 33-бабының 2-тармағында айтылған бұрын зейнетке шыққан адамдарға, сондай-ақ осы Жарлық күшіне енген сәтте (1996-жылғы 1-қаңтардан бастап) мемлекеттік қызметте жүрген зейнеткерлерге оның қолданылмайтындығы туралы нұсқаудың мемлекеттік қызметте болу үшін Конституциямен аталған Жарлықтың өзінде белгіленген жас цензіне емес, Жарлықтың басқа ережелеріне қатысы бар.

      Оқыған:
           (Қасымбеков Б.А.)