1. Инвестициялық жекешелендiру қорлары қабылдау пункттерiнiң халықтан жекешелендiру инвестициялық купондарын қабылдауды аяқтау күнi 1995 жылдың 30 қыркүйегi болып белгiленсiн. <*>
Қазақстан Республикасы Халық банкiнiң жекешелендiру инвестициялық купондарын қабылдауының ақырғы күнi 1995 жылдың 30 қазаны болып белгiленсiн. <*>
Қазақ мемлекеттiк ақпарат агенттiгi мен "Қазақстанның теледидары және радиосы" республикалық корпорациясы жекешелендiрудiң инвестициялық купондарын қабылдау аяқтау мерзiмi туралы республика халқына хабарлауды қамтамасыз ететiн болсын.
Ескерту. 1-шi тармақтың 1-абзацы жаңа редакцияда және 2-шi
абзацпен толықтырылды, 2-шi абзац 3-шi деп саналды -
ҚРМК-нiң 1995.10.04. N 1302 қаулысымен. P951302_
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жаппай жекешелендiру шеңберiнде аукционға қоюдың санын жеке жоба бойынша жекешелендiрудiң тiзбесiне енгiзiлген кәсiпорындар акциясының бiр бөлiгiн, сондай-ақ агроөнеркәсiп кешенiнiң дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетушi кәсiпорындардың акцияларын купондық аукционға тарту есебiнен 150 объектiге дейiн көбейтсiн.
3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
жаппай жекешелендiрудi 1996 жылғы 1 қаңтарға дейiн аяқтайтын болсын;
инвестициялық жекешелендiру қорлары 1995 жылдың 30 қазанына дейiн инвестиция декларацияларын, сондай-ақ жекешелендiру инвестициялық купондары мен сатып алынған құнды қағаздар бойынша есептерiн берудi қамтамасыз етсiн; <*>
мамандандырылған купон аукциондары аяқталған соң купон иелерiнiң мүдделерiн қорғауды көздейтiн инвестициялық жекешелендiру қорларының қызметiн реттейтiн нормативтiк актiлер 1995 жылдың 1 қарашасына дейiн бекiтуге тапсырылсын; <*>
бұқаралық ақпарат құралдарында жаппай жекешелендiрудiң негiзгi аспектiлерi бойынша халықты толық хабардар етуге бағдарланған тиiмдi насихат жұмысын жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
Ескерту. 3-шi тармақ 2-шi,3-шi абзацтармен толықтырылды,
2-шi абзац төртiншi болып саналды - ҚРМК-нiң 1995.
04.10.N 1302 қаулысымен. P951302_
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Халық банкi купондарды қабылдау және мамандандырылған купондық аукциондарды өткiзудiң аяқталуына байланысты ұйымдастыру-техникалық шаралардың жүргiзiлуiн
қамтамасыз етсiн.
<*>
Ескерту. Қаулы 4-шi тармақпен толықтырылды, 4-шi тармақ
бесiншi болып саналды - ҚРМК-нiң 1995.04.10.
N 1302 қаулысымен.
P951302_
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Премьер-министрдiң
орынбасары В.В.Соболевке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрдiң
бiрiншi орынбасары