Мұнайға, газға және көмiрге тiркелген /ренталық/ төлемдер туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 1 маусым N 764. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.10.20. N 1575 қаулысымен. ~P001575 (Бұл өзгеріс 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады).

Күшін жойған
      "Тiркелген /ренталық/ төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер енгiзу туралы" 1994 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Мұнайға, газға және көмiрге өндiрушi кәсiпорындар үшiн тiркелген /ренталық/ төлемдер ставкалары 1995 жылдың 1 маусымынан қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 22 қазандағы N 1184 P941184_ "Мұнайға тiркелген /ренталық/ төлемдердiң ставкалары туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.

          Қазақстан Республикасының
             Премьер-министрi
                                           Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 1 маусымдағы N 764 қаулысына қосымша


                 Мұнайға, газға және көмiрге тiркелген

                       /ренталық/ төлемдер
                           СТАВКАЛАРЫ

_____________________________________________________________________
 Кәсiпорын атауы     |  Өлшем бiрлiгi    | Мұнай, газ, көмiр өндiру    
                     |                   | үшiн тiркелген/ренталық/        
                     |                   | төлемдер ставкалары, теңге      
_____________________|___________________|_____________________________
"Маңғыстаумұнайгаз"       тонна                   120
өндiрiстiк бiрлестiгi                                   
"Актюбинскнефть"
акционерлiк қоғамы          "                     160
"Тенгизмұнайгаз"            "                     150
акционерлiк қоғамы
"Южнефтегаз"                "                     200
акционерлiк қоғамы
"Қаражанбасмұнай"           "                      0
акционерлiк қоғамы   
"Ембiмұнайгаз"              "                      0 
акционерлiк қоғамы
"Өзенмұнайгаз"
өндiрiстiк бiрлестiгi       "                      0
Қарашығанақ газ өнер.      мың
кәсiбi басқармасы          текше метр              35
"Екiбастұзкөмiр"
мемлекеттiк акционер.      тонна                   10
лiк қоғамы 
                           
                    _____________________________