1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстанның Халықаралық агроөнеркәсiп биржасымен бiрлесе отырып, үстеме құнға салықсыз (ҮҚС) 3-класты жұмсақ бидайдың әр тоннасына 60 (алпыс) АҚШ долларынан кем болмайтындай тең дәрежедегi сатып алу бағасы бойынша, мемлекеттiк ресурсқа ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерден биржаларда тiркелген фьючерлiк контракттар негiзiнде, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан астық сатып алу құқын алатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шеңберiн (бұдан былай - астық компаниялары) тендер жүргiзу арқылы белгiлейтiн болсын.
2. Сақтауға жинақтау сәтiндегi 3-класты жұмсақ бидайдың бiр тоннасы үшiн 80-нен (сексен) аспайтын АҚШ долларына пара-пар баға бойынша жоғарыда аталған астық компанияларымен астық сатып алуға тиiстi шарттар жасайтын Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясын құру мақсатты деп танылсын. <*> <*>
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Қаржы министрлiгi осы мәселе бойынша келiсiлген ұсыныс енгiзсiн.
Ескерту. 2-тармақтың бiрiншi абзацы жаңа редакцияда берiлген -
ҚРМК-нiң 1995.04.05. N 412 қаулысымен. P950412_
Ескерту. 2-тармақтың бiрiншi абзацы жаңа редакцияда берiлген -
ҚРМК-нiң 1995.04.25. N 549 қаулысымен. P950549_
3. Мемлекеттiк ресурсқа 1995 жылы астық сатып алу 1995 жылдың астығын өндiрудi қаржыландыру үшiн көзделген Қазкоммерцбанктiң (келiсiм бойынша) қарапайым банктiк вексельдерiн айналымға жiберу есебiнен оны мынадай қызметтердегi бағдарламалармен қаржы операторларына белгiлей отырып:
мемлекеттiк ресурсқа 1995 жылдың астығын сатып алу көлемiне сәйкес вексель эмиссиясын жүзеге асыру;
тендер жеңiмпаздары - астық компанияларына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен қарапайым банктiк вексельдердi беру үлгiсiмен вексельдiк кредиттер беру;
вексельдiк кредиттердiң мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
Қазкоммерцбанктiң меншiктi активтерi есебiнен вексельдер бойынша төлемге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша, бiрiншi класты батыс банкiнде орналасқан азық-түлiк контракт корпорациясының депозитiне кепiлдiк беретiн механизм жасау жүзеге асырылсын.
4. Тендер жеңiмпаздарына вексельдiк кредиттер беру 1995 жылдың сәуiр-мамыр және шiлде-тамыз айларында тең үлеспен екi мерзiмде (50 проценттен) жүзеге асырылады деп;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер Қазақстанның Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен мұнай өнiмдерiн, қосалқы бөлшектер, жөндеу-техникалық материалдарын, тұқым, минералдық тыңайтқыштар, химиялық өсiмдiк қорғау құралдарын сатып алу және басқа да ауыл шаруашылық жұмыстары мен қызмет көрсетудi қаржыландыру үшiн Қазкоммерцбанктiң вексельдерiн пайдаланады деп;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер фьючерлiк (форвардтық) контракттарға жасалған және сатып алушылар тарапынан атқарылған мiндеттемелердi орындауды Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес, мүлiкпен және жер пайдалану құқымен кепiлдендiредi деп белгiленсiн.
Астық өндiрушiлер оның артығын сатуды олармен фьючерлiк (форвардтық) контракттарды орындаған соң жүзеге асырады.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне:
Қазкоммерцбанктiң қарапайым банктiк вексельдерi түрiнде вексельдiк кредиттер беру тәртiбi мен шартын белгiлеу;
Қазкоммерцбанктiң вексельдерiн ескеру құқы бар банктердiң тiзбесiн анықтау ұсынылсын.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi кәсiпорындарындағы жоғарыда аталған вексельдердi бухгалтерлiк есепке алу тәртiбiн әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi астық компанияларымен жасасылған фьючерлiк контракттарға сәйкес, Азық-түлiк контракт корпорациясы олардың мемлекеттiк ресурсқа астық көлемiн орындағандары жөнiнде анықтама бергеннен кейiн ғана астық өндiру бағдарламасына қатысушылардың астық тасымалдауға өтiнiштерiн орындасын.
8. Облыстардың әкiмдерi осы қаулының ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң жоғарыда аталған контракттың мемлекеттiк ресурс үшiн астық сату бойынша бiрiншi кезекте атқарылуына бақылау жасау бөлiгiн орындауды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi