Атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау, оларды заңсыз алып жүру, ұстау, жасау немесе өткізу, атыс қаруларын ұқыпсыз ұстау туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1995 жылғы 21 шілдедегі N 4 нормативтік қаулысы

Жаңартылған

       Ескерту. Тақырыбы мен кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 5 Нормативтік қаулысымен.

      Атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау, оларды заңсыз алу, алып жүру, сақтау жасау немесе өткiзу, атыс қаруларын ұқыпсыз сақтау туралы iстер жөнiндегi сот тәжiрибесiн талқылап, Жоғарғы Соттың жалпы отырысы осы санаттағы iстердi негiзiнен дұрыс шешетiндiгiн атап көрсетедi.
      Осылармен қатар соттар бұл қылмыстардың барынша қауiптi санатқа жататынын, қоғамдық қауiпсiздiкке, ең алдымен құқығы мен мүддесi заңмен қорғалатын азаматтардың өмiрiне, денсаулығына айтарлықтай қауiп төндiретінін, ал өмiрге қауiп төндiретiн заттарды қылмыстық мақсатта пайдалану ауыр зардаптарға әкеп соқтыратынын әр кезде тиiстi деңгейде ескере бермейдi. Жекелеген соттар әлi де осы қылмыстардың таралу қаупiн жете бағаламайды және жасаған қылығы үшiн жаза берудiң сөздiгiн қамтамасыз етуде және олардың алдын алуда батыл шаралар қабылдамайды.
      Сот тәжiрибесi қаруларды және оқ-дәрiлердi сақтауды және оларды қолдану тәртiбiн реттеудi қамтамасыз етуге бағытталған заңдарды бұзу фактiлерінің республиканың бiрқатар аумақтарында, әсiресе әскери бөлiмдер мен құрамаларда, соғыс техникасы мен қаруларды, арсеналдарды сақтау базаларында едәуiр таралып отырғанын көрсетедi.
      Соңғы жылдары осындай қылмыстардың саны ұдайы өсуде. Олар басқа ауыр қылмыстарды жасаумен (азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiру, шабуыл жасап тонау, қорқытып алу және т.б.) үнемi байланысты болып отыр. Лауазымды адамдардың қаруды, оқ-дәрiлердi, қару-жарақты және жарылғыш заттарды ұрлап, өткiзу жайлары жиiлеп кеттi, бiрақ көп жағдайда олар қылмыстық жауапқа тартылмайды. Осы санаттағы қылмыстарды жасау үшін бiрлескен топтар мен қоғамдастықтардың ұйымдастырушылары мен мүшелерi жазасыз қалып отыр.
      Атыс қаруларын, оқ-дәрiлердi, қару-жарақты және жарылғыш заттарды талан-таражға салушыларға соттардың негiзсiз жаза қолданатын кездерi аз емес.
      Соттар заттай дәлелдердi тәркiлеуге мән бермейдi, олардың тағдыры жөнiндегi мәселенi қараусыз қалдырады немесе қолданылып отырған заңға қайшы шешедi.
      Осы iстердi қылмыс көбiрек тараған тиiстi жерлерге шығып қарау кезiнде сот iсiн жүргiзудiң тәрбиелiк мәнiне бұрынғыша тиiстi мән берiлмейдi.
      Осы санаттағы iстер бойынша аталған кемшiлiктердi жою және бiрыңғай сот тәжiрибесiн орнықтыру мақсатында Жоғарғы Соттың жалпы отырысы
      Қаулы етеді:
      1. Атыс қаруларын, оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды және жарылғыш заттарды ұрлауға, оларды заңсыз алуға, алып жүруге, сақтауға және өткiзуге қатысты қылмыстардың қоғам қауiпсiздiгiне айтарлықтай қауіп төндiретінін ескере отырып, соттар қылмыстың алдын алу мақсатында сот талқылауының деңгейiн көтеруi, жазалану сөзсiздігінде атылғыш қаруды және оқ-дәрiлердi, қару-жарақты және жарылғыш заттарды қолға түсiрудiң көздерiн анықтауда, оларды тиiсінше күзету мен өндiрiсте жасаудың деректерiн және осындай қылмыстардың жасалуына жағдай тудыратын басқа себептер мен жағдайларды анықтап жоюда заңда белгiленген ықпалды шараларды қолдануы тиiс.
      Соттар қызмет бабымен сенiп тапсырылған лауазымды адамдардың атыс қаруларын сақтауға немқұрайды қарауының, атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару-жарақты және жарылғыш заттарды күзетсiз немесе орындардың қажеттi жабдықсыз қалдырылуының, оларды беру, тасымалдау есебi тәртiбiнiң бұзылуының, оларды дұрыс пайдаланбау мен қолданбаудың әрбiр дерегiне жеке қаулылармен принциптi түрде құлақ асып, әрбiр нақты жәйт бойынша қылмыстың болуына әрекетiмен немесе әрекетсiздiгiмен жағдай тудырған лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөніндегi мәселенi талқылау қажет. Осы санаттағы iстердi тiкелей әскери бөлiмдерде, гарнизондарда немесе қару-жарақ заттарын сақтау орындары бар елдi мекендерде мейлiнше қысқа мерзiмде қарау керек. Бұл iстер жөніндегi сот жүргiзу iстерiн бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен насихаттау керек.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 5 Нормативтік қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 253-бабында , 251 , 252 , 254 , 255-баптарының тиісті бөліктерінде көрсетiлген қылмыстарды жасаған адамның кiнәсi туралы мәселенi шешкен кезде кiнәлi адамнан алынған осы немесе басқа заттарды ұрлағаны, алып жүргенi, сақтағаны, алғаны, жасағаны, өткiзгенi және ұқыпсыз сақтағаны үшiн аталған баптар бойынша жауаптылық белгiленген атыс қаруына, оқ-дәрiлерге, қару-жараққа және жарылғыш заттарға жататынын анықтап алу қажет.
      Әртүрлi нысаналар мен нысандарды талқандауға, бүлдiруге немесе жойып жіберуге арналатыны, сондай-ақ оларды жасаудың, алудың, пайдаланудың және сақтаудың ерекше тәртiбi бұл заттардың айрықша белгiлерi болып табылады.
      Мұндайда атыс қаруларын, оқ-дәрінің, қару-жарақтың және жарылғыш заттардың заводта шығарылатынын да, қолдан жасалатынын да ескеру қажет.
      Аңшы мылтығынан шолақ мылтық жасап, оны көздеген мақсатқа соғыстық атыс қаруларын сапасына қарай бейiмдеп алу, сондай-ақ оларды алу, алып жүру, сақтау, өткiзу немесе ұрлау ҚК-нің 251, 252, 255-баптарының тиісті бөліктерінде көрсетiлген қылмыстар құрамы түзiледi.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 5 Нормативтік қаулысымен.
      3. ҚК-нің 253-бабын, 251, 252, 254, 255-баптарының тиісті бөліктерін қолдануға жататын атылғыш қарудың түрлерiне: автоматтар, карабиндер, винтовкалар, пистолеттер, пулеметтер, адамдар мен техниканы құртуға арналған басқа құрылғылар мен нәрселердi сондай-ақ апараттық, оның iшінде олар қандай мақсатқа қолданылатынына қарамастан, ату үшін оқ-дәрілік газды пайдаланатын ұсақ калибрлi, ойықты аңшы мылтықтары да жатады деп ұғынған жөн.
      Соғыс зымырандарының атылатын бөлiктерi, бомбалар, миналар, реактивтi снарядтар, артиллериялық, минометтiк және гранат лақтырғыштық оқ ату, қол және реактивтi гранаттар және олардың өртегіштерi, атылатын қару патрондары, жарылғыш пакеттер, детонаторлар, дабыл, жарық беретiн, имитациялық құралдар, басқа да бұйымдар, жарылғыш затпен оқталған және атылатын қарудан атуға арналған және жарылғыш заттармен жарақтандырылған, жинастырылған жарылғыш құралғылар оқ-дәрілер болып табылады.
      Соттардың ату үшін қолдануға арналмаған пневматикалық мылтықтардың, белгi беру, старттық, құрылыс, газ пистолеттерiнiң, ракетницалардың, жарылғыш заттар мен имитациялық-пиротехникалық қоспалардың, жарық бергiш құралдардың ҚК-нің 253-бабында, 251, 252, 254, 255-баптарының тиісті бөліктерінде көрсетiлгеніндей, оларды заңсыз сақтағаны, ұрлағаны, алғаны, жасағаны немесе өткiзгенi үшін жауапкершілік белгiленген атылғыш қаруға, оқ-дәрiге, жарылғыш заттарға жатпайтынын ескергенi жөн.
      Заңның мәнi бойынша ҚК-нің 251-бабының тиісті бөліктерінде көрсетiлгеніндей, тегiс оқпанды аңшы қаруына арналған оқ-дәрiнi алып жүру, сақтау, сатып алып, жасау немесе өткiзу қылмыс құрамын түзбейдi.
      Оқ-дәрiлердi, тротилдi, нитроглицериндi, пироксилиндi, аммоналды, жарылатын басқа да химиялық заттарды және жарылғыштық қасиетке ие олардың алуға және сақтауға арнайы рұқсат талап етiлетiн қоспаларын - жарылғыш заттар деп бiлген жөн.
      Қару-жараққа нысананы құртатын штатты құралдары бар, миналандыратын және минасыздандыратын және оларды тiкелей мақсатқа қолдануды қамтамасыз ететiн, жерге, теңiзге, өзенге орналастырылған соғыс техникасы жатады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 5 Нормативтік қаулысымен.
      4. Соттар ҚК-нің 251, 255-баптарының тиісті бөліктері бойынша жауапкершiлiктiң пайдалануға жарамды қаруды, оқ-дәрiнi, қару-жарақты, жарылғыш заттарды ұрлағанда, алып жүргенде, сақтағанда, алғанда немесе өткiзгенде, сондай-ақ жарамсыз немесе үйрену қаруын жарамды жағдайда жеткiзетiн мүмкiндiгi болғанда туындайтынын еске алғаны жөн.
      Егер айыпты пайдалануға жарамсыз атыс қаруларын немесе оқ-дәріні, қару-жарақты, жарылғыш заттарды ұрлап, оның сапасына орай қателесiп, жарамды деп тапса онда бұл әрекеттi осы заттарды ұрлауға әрекет жасады деп саралау қажет.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 5 Нормативтік қаулысымен.
      5. Атыс қаруларын немесе оқ-дәрiлердi, қару-жарақты қолға түсiру мақсатымен өз мақсатында қолданылатын атыс қаруы немесе оқ-дәрi, қару-жарақ, жарылғыш заттар үшiн жиыстырып алуға жарамды олардың құрамдас бөлiктерi мен бөлшектерi ұрланған жағдайда, әрекет ҚК-нің 255-бабының тиісті бөліктері аяқталған қылмыс ретiнде сараланады. Мұндайда қосымша қажеттi жарақсыз және жұмыссыз-ақ атуға болатын (мысалы, шаппалы-шүрiппелi механизмi бар мылтық ұңғысы) жиынтықты бөлшектердiң жеткiлiктi комплектiсiн, ал оларды тiкелей мақсатқа пайдалануға мүмкiндiк беретiн жиынтықты оқ-дәрiлер мен жарылғыш заттардың жеткiлiктi құрамдас бөлiгi деп түсiну керек.
      Қаруды атуға жарамды етiп құрастырып алу үшiн атыс қаруларын құрамдас кейбiр бөлiктерi мен бөлшектерiн ұрлауды және жетiспейтiн басқа бөлшектерiн жасауды, бөтеннiң мүлкiн ұрлаудың және қаруды заңсыз жасаудың жиынтығы деп саралау қажет.
      Айыптының атылғыш қаруды жасауға, пайдалануға деген ниетiн айғақтайтын мәлiметтер жоқ болса, жекелеген бөлшектердi сақтауы қылмыс құрамын түзбейдi.
      Жарылғыш заттарды түзетiн оқ-дәрiлердің құрамдас бөлiктерi мен бөлшектерiн ұрлауды (өртегiштер, детонаторлар, жарғыштар, жарғышы жоқ гранаталар және т.б.) жарылғыш заттарды толық ұрлаған ретiнде ҚК-нің 255-бабының тиісті бөліктері бойынша саралау керек.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 5 Нормативтік қаулысымен.
      6. Қылмыстық жауапкершiлiкке соқтыратын қаруды, оқ-дәрiнi, қару- жарақты немесе жарылғыш заттарды жасау деп оларды жасауды немесе талқандау қасиетiн қайта қалпына келтiрудi, сондай-ақ нәтижесiнде атыс қаруы қасиетiне ие болатын қандай да бiр затты (мысалы, ракетницаны, старт және құрылыс пистолеттерiн, тұрмыстық мақсаттағы заттарды) қайта жасауды түсiну керек.
      7. Айыптының ұрлаған, заңсыз алып жүрген, сақтаған, сатып алған немесе жасаған, өткiзген атыс қаруына, оқ-дәріге, қару-жараққа немесе жарылғыш заттары бар бұйымдарға жататындығы жөнiндегi мәселенi шешу үшiн арнайы тану керек болса, сарапшы қорытындысын алу қажет.
      8. Заңсыз қолға түсiрiп, кез-келген тәсiлмен айыптының ұрланған заттарды сiңiргiсi немесе басқа адамға бергiсi келсе, яғни өз бiлгенi бойынша иеленгiсi келсе, атыс қаруын, оқ-дәріні, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау деп түсiну керек.
      9. Мемлекеттiк мекемелерден немесе қоғамдық, кооперативтiк- коммерциялық ұйымдардан, сол сияқты заңды және заңсыз иеленген жеке адамдардан атыс қаруын, оқ-дәрi, қару-жарақ немесе жарылғыш заттар ұрлаған жағдайда, ҚК-нің 255-бабының тиісті бөліктері бойынша қылмыстық жауапкершілік туындайды.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 5 Нормативтік қаулысымен.
      10. Егер адам осы үшiн сотталған-сотталмағанына қарамастан бұрын атылғыш қару, қару-жарақ, оқ-дәрi немесе жарылғыш заттар ұрласа, немесе ұрлауға оқталған болса, бұл жағдайда, ҚК-нің 255-бабының үшінші бөлігінің б) тармағы бойынша жауапты болады.
      Бұрын басқа мүлiк ұрлаған болса, ҚК-тiң 203-бабының 2-бөлiгiнде көрсетiлгендей, қайталану белгiсiн түзбейдi.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 5 Нормативтік қаулысымен.
      11. Күзетуге сенiп тапсырылған атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлаудың саралану белгiсi ретiнде оларды қоймадан немесе сақтауда тұрған жерден тек қорғау-күзету мiндетiн атқарушының ғана емес, сондай-ақ қызмет бабымен қарауына берiлген материалдық жауапты лауазымды адамның да ұрлауын түсiну керек.
      Күзетiп тұрған объектiден өзiне күзетуге сенiп тапсырылған атыс қаруы, оқ-дәрi, қару-жарақ немесе жарылғыш заттарды, әскери қарауыл құрамындағы адамдар ұрласа, бұл адамдардың әрекетi қарауыл қызметiнiң жарғылық ережесін бұзушы, сөйтiп зиянды зардаптарға соқтырушы ретiнде  ҚК-нің 254-бабының бірінші бөлігімен қоса, ҚК-нің 377-бабының бірінші бөлігі бойынша сараланады.
      Қызмет бабын пайдаланып атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару-жарақты, немесе жарылғыш заттарды ұрлаудың саралану белгiсi ретiнде осы бұйымдарға бақылау, қадағалау, есебiн тексеру, сақтау, пайдалану және жұмсау билiгi өкілеттігі берiлген лауазымды адамдардың ұрлауын түсiну керек.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 5 Нормативтік қаулысымен.
      12. Айыптының шабуыл жасап атылғыш қаруды, оқ-дәріні, қару-жарақты, немесе жарылғыш заттарды ұрлау әрекетiн оны қолға түсiру үшін шабуыл жасаған сәтiнен бастап аяқталды деп есептеу керек.
      13. (Ескерту. 13-тармақ алынып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 5 Нормативтік қаулысымен).
      14. Заңсыз алып жүрген, сақтаған, қолда ұсталған, жасалған немесе өткiзiлген атылғыш қарудың, оқ-дәрінің, қару-жарақтың және жарылғыш заттардың дара қылмыс құрамын құрайтынын ескере отырып, аталған заттарды ұрлау және оларды одан әрі алып жүру, сақтау, қолда ұстау, жасау және өткiзу ҚК-нің 251, 255-бабының тиісті бөліктерінде көрсетiлген қылмыстар жиынтығы ретiнде түзiледi.
       Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 5 Нормативтік қаулысымен.
      15. Басқа қылмыс жасау мақсатымен атыс қаруын, оқ-дәрiнi, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау, сондай-ақ оларды алып жүру, сақтау, алу және әзiрлеу әрекетi екiншi бiр қылмысты жасауға оқталу және атыс қаруын, оқ-дәрiнi, қару-жарақты аяқталған ұрлау және жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, сақтау, алу немесе әзiрлену ретiнде саралануы тиiс.
      16. Айыптының қолындағы заңсыз атылғыш қару ұқыпсыз сақталса, егер оның өзі басқа бiреудiң пайдалануымен ауыр зардаптарға соқтырса, ол ҚК-нің 251-бабының бірінші бөлігіне жатады және оны ҚК-нің 253-бабы бойынша қосымша саралаудың қажеті жоқ.
       Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 5 Нормативтік қаулысымен.
      17. Әрекеттiң қоғамға қауіптiлiгi дәрежесiне баға бергенде және жаза шараларын анықтағанда, айыптының әрекетiнiң мақсаты мен себептерiн, ұрланған атыс қаруы, оқ-дәрiнің, қару-жарақ пен жарылғыш заттардың алынған жерiн, қолға түсiрудiң тәсiлдерiн, түрiн, санын, атылу қасиетi мен құнын ескеру қажет.
      Атыс қаруы, оқ-дәрі, қару-жарақ немесе жарылғыш заттарды қоғамдық апат жағдайын (көпшіліктiң толқуы, ұлтаралық қақтығыс т.б.) пайдаланып ұрлағаны үшiн жаза тағайындағанда, соттар ҚК-нің 54-бабы бірінші бөлігінің л) тармағына сәйкес аталған жағдайларға жауапкершіліктi ауырлататын мән-жайлар деп қарауға тиiс.
       Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 5 Нормативтік қаулысымен.
      18. Бұл санаттағы iстердi қарағанда сот айыптының мүлiктердi қылмыстық жолмен тапқан қаржыға сатып алынған ба, анықтап, үкiмде оны көрсетуi керек.
       Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 5 Нормативтік қаулысымен.
      19. Егер атыс қаруы, оқ-дәрі, қару-жарақ, немесе жарылғыш заттар ұрлаған немесе оларды қолға түсiру кезiнде жауапқа тартылған айыпты адам автомобиль, мотоцикл және басқа да транспорт құралдарын пайдаланса, ҚIЖК-нiң 60-бабына сәйкес ондай транспорт құралдар тәркіленуге жатады.
      20. Осы қаулының қабылдануына байланысты СССР Жоғарғы Соты Пленумының 1974-жылғы 20-қыркүйектегi "Атыс қаруларын, оқ-дәріні немесе жарылғыш заттарды ұрлау, қаруды, оқ-дәріні немесе жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, сақтау, алу, жасау немесе өткiзу және атыс қаруын ұқыпсыз сақтау iстерi жөнiндегi сот тәжiрибесi туралы" N 7 Қаулысы, Пленумның 1991-жылғы 29-наурыздағы СССР Жоғарғы Соты Пленумының 1974-жылғы 20-қыркүйектегi "Атыс қаруларын, оқ-дәріні немесе жарылғыш заттарды ұрлау, қаруды, оқ-дәріні немесе жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, сақтау, алу, жасау немесе өткiзу және атыс қаруын ұқыпсыз сақтау iстерi жөнiндегi сот тәжiрибесi туралы" N 2 Қаулысы енгiзген өзгертулермен және толықтыруларымен қоса күшiн жойды деп танылсын. Оқығандар: (Қасымбеков Б.А.) (Икебаева Ә.Ж.)