Қазақстан Республикасының шекарасында және көлiгiнде мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қадағалау ұйымдастыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 30 маусым 1994 ж. N 748

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Республиканың негiзгi әуе, теңiз және өзен порттарында, көлiк магистральдарында, мемлекеттiк шекарасында қосымшаға сәйкес 27 штаттық құраммен қосымша 40 шекаралық және көлiктiк мал дәрiгерлiк бақылау бекеттерiн құру жөнiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1994 жылға арналған бюджеттi анықтау барысында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бойынша операциялық шығындардың құрамында осы қаулыға қосымшада көрсетiлген бақылау бекеттерi мен олардың штаттық құрамын ұстауға қаржы көздейтiн болсын.
      3. Аумақтарында мал дәрiгерлiк бақылау бекеттерiн орналастыру

анықталған облыстардың, аудандар мен қалалардың әкiмдерi осы 
бекеттердiң қызметкерлерiн қызмет және тұрғын үйлермен, байланыс
құралдарымен қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
                                     Қазақстан Республикасы
                                     Министрлер Кабинетiнiң 
                                     1994 жылғы 30 маусымдағы 
                                        N 748 қаулысына
                                           Қосымша

               Қазақстан Республикасының шекарасында және
               көлiгiнде жаңадан құрылатын мал дәрiгерлiк
                        бақылау бекеттерiнiң тiзбесi
________________________________________________________________________
 Мал дәрiгерлiк   | Тоспаның |     Мал дәрiгерлiк бақылау   | Штаттық
 бақылау бекет.   | номерi   |     тоспасының орналасуы     | бiрлiк
     атауы        |          |                              | саны
--------------------------------------------------------------------------
_______1__________|_____2____|______________3________________|____________
 Ақмола                1        Ақмола қаласы, әуежай              3
 Маңғыстау             2        Ақтау қаласы, әуежай               4
                       3        Ақтау қаласы, теңiз порты          4
                       4        Ақтау - Қоңырат - Красноводск            
                                автожолы                            2
 Ақтөбе                5        Ақтөбе қаласы, әуежай               4
                       6        Ақтөбе-Орск, Орынбор автожолы       8 
 Торғай                7        Арқалық қаласы, әуежай              1
 Атырау                8        Атырау қаласы, әуежай               4
                       9        Атырау қаласы,теңiз порты           4
                      10        Атырау-Астрахан автожолы            12
 Балхаш               11        Балхаш қаласы, әуежай               2
 Жамбыл               12        Жамбыл қаласы, әуежай               4
                      13        Жамбыл - Бiшкек автожолы            12 
                      14        Шу, Жамбыл темiр жол станциясы      2
 Жезқазған            15        Жезқазған қаласы әуежай             1
                      16        Жезқазған темiр жол станциясы       1
 Қарағанды            17        Қарағанды қаласы, әуежай            4
 Қызылорда            18        Қызылорда қаласы, әуежай            3
                      19        Арал қаласы, әуежай                 3
                      20        Қызылорда-Қоңырат автожолы          3
 Көкшетау             21        Көкшетау қаласы, әуежай             4
                      22        Ертiс темiр жол станциясы           3
                      23        Көкшетау-Омбы автожолы              8
 Қостанай             24        Қостанай қаласы, әуежай             4
                      25        Золотая сопка темiр жол станциясы   3
                      26        Қостанай-Челябинск, Қорған автожолы 8
 Павлодар             27        Павлодар қаласы, әуежай             3
                      28        Павлодар-Омбы, Новосибирск автожолы 12
 Петропавл қаласы     29        Петропавл қаласы, әуежай             4
                      30        Петропавл -Омбы,Тюмень автожолы     18
 Семей                31        Семей қаласы әуежай                  3
                      32        Семей-Барнаул автожолы               8
 Талдықорған          33        Талдықорған қаласы, әуежай           5
 Шығыс Қазақстан      34        Өскемен қаласы, әуежай               4
                      35        Өскемен-Рубцовск,Барнаул автожолы    8
 Орал                 36        Орал қаласы, әуежай                  5
                      37        Орал-Орынбор,Волгоград автожолы     16
 Оңтүстiк Қазақстан   38        Шымкент қаласы, әуежай               5
                      39        Шымкент-Ташкент автожолы            20
 Алматы               40        Алматы-Пржевальск автожолы           5