1. Орман шаруашылығының мұқтажына арналмаған орман қорларының жерлерiн алу барысында орман иеленушiлер мен орман пайдаланушылардың залалдарын, сондай-ақ орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу тәртiбi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған ауыл шаруашылық алаптарын алу барысында жер иеленушiлердiң, жер пайдаланушылардың, жалгерлердiң шығындарын және ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң залалдарын өтеу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 978 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 40, 470-бап) бекiтiлген ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған ауыл шаруашылық алаптарын алу барысында жер иеленушiлердiң, жер пайдаланушылардың, жалгерлердiң залалдарын және ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң шығындарын өтеу тәртiбi туралы Ережемен анықталатын болып белгiленсiн.
2. Орман шаруашылығының мұқтажына арналмаған орманды (тоғайлы) жерлердi алу барысында орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу Нормативтерi N 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Орман қорының орманды емес (тоғайсыз) жерлерiн алу барысында орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған ауыл шаруашылық алаптарының орнына алынатын жаңа жерлердi игеру құнының Нормативтерi бойынша (Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 978 қаулысына N 1 қосымша) жүргiзiледi.
3. Қазақстан Республикасы Экология және биологиялық ресурстар министрлiгiнiң Орман шаруашылығы комитетiне бағаны тоқсан сайын индекстеу жөнiндегi мемлекеттiк статистика деректерi негiзiнде қажеттiлiкке орай бекiтiлген нормативтердi анықтау құқы берiлсiн.
4. Орман шаруашылығының мұқтажына арналмаған алынған орманды (тоғайлы) жерлердiң қорғаныштық категорияға жатқызылуына қарай орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу нормативтерiне N 2 қосымшаға сәйкес коэффициенттер белгiленсiн.
5. Орман шаруашылығының мұқтажына арналмаған орманды жерлер (ауыл шаруашылығына пайдаланылатынын қоспағанда) уақытша пайдалануға немесе жалға берiлген жағдайда орман шаруашылығы өндiрiсi шығынының мөлшерi шығындарды өтеу нормативтерiне процентпен есептеледi.
Бұл орайда 3 жылға дейiнгi уақытша пайдаланған немесе 10 жылға дейiн жалға алынған әр жыл үшiн белгiленген нормативтiң 5 процентi қоса алынады. 11 жылдан 20 жылға дейiнгi жалға алған жылдардың әр жылы үшiн 2 процент, 21 жылдан және одан арғы жылдар үшiн 1 процент алынады.
6. Орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеуге арналған қаржы тиiсiнше Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнде және оның облыстық басқармаларында ашылатын Қазақстан Республикасы Экология және биологиялық ресурстар министрлiгiнiң Орман шаруашылығы комитетiнiң арнаулы шотына 20 процент мөлшерiнде және орман шаруашылығы басқармасы облыстық органдарының арнаулы шотына 80 процент мөлшерiнде аударылады.
7. Орман шаруашылығының мұқтажына арналмаған орман қорының жерлерiн алу немесе оларды уақытша ала тұру барысында орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығынын өтеуге арналған қаржы пайдаланылатын жұмыстар түрiнiң тiзбесi N 3 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
8. Орманды жерлердi қорықтар, заказниктер, мемориалдық, ұлттық, зоологиялық және дендрологиялық парктер; ботаникалық бақтар, сорт сынау учаскелерi; орман шаруашылығы, ауыл шаруашылығы және биологиялық саладағы ғылыми-зерттеу, оқу орындарының тәжiрибелiк алаңдары; жемiс және орман питомниктерi; тұрақты ағаш көшеттерiнiң плантациялары мен учаскелерi үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 978 қаулысымен
бекiтiлген ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған ауыл шаруашылық алаптарын алу барысында жер иеленушiлердiң, жер пайдаланушылардың, жалгерлердiң шығындарын және ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң залалдарын өтеу тәртiбi туралы Ереженiң 29-тармағында көзделген жағдайда алу барысындағы орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындары өтелмейдi. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 сәуiрдегi N 324 қаулысына N 1 қосымша Орман шаруашылығының мұқтажына арналмаған орманды (тоғайлы) жерлердi алу барысында орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу НОРМАТИВТЕРI ---------------------------------------------------------------------- Рет ! Орман түрлерiнiң топтары ! Орман шаруашылығы саны ! ! өндiрiсi ! ! шығындарының ! ! мөлшерi, теңге/га ---------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ---------------------------------------------------------------------- 1. Ақ сексеуiлдi және қара сексеуiлдi 1066,4 2. Тянь-Шань ормандарындағы құрғақ байырғы 2012,2 қайыңдықтар; Тянь-Шань құрғақ байырғы көктеректерi: Ұзына бойы созылған қарағайлардың құрғақ өндiрiстiк көктеректi тоғайлары 3. Шөлейт аймақтардағы су жайылмалы ормандары; 2628,4 Аралдардағы қарағайлардың құрғақ өндiрiстiк көктеректi тоғайлары 4. Ылғалды шоқ қайыңдықтар, ойпаң жердегi қайыңдықтар 3293,6 5. Қазақтың шағын адырлы аса құрғақ қарағайлы 4056 ормандары; жас және дымқыл шоқ ағашты көктеректi тоғайлар 6. Дымқыл шоқ ағашты қайыңдықтар 4711,2 7. Қазақ Алтайындағы қалың шөптi және қырыққұлақты 5431,8 өндiрiстiк көктеректi тоғайлар; Қалба тауындағы аса құрғақ қарағайлар; жартылай шөлейт аймақтардың су жайылмалы ормандары 8. Ұзына бойы созылған қарағайлардың жас байырғы, 6193 жас және ылғалды көктеректi тоғайлары 9. Аралды қарағайлы тоғайлардың ылғалды байырғы, 6974,2 жас, ылғалды қайыңдықтары; Таудағы бұталы өндiрiстiк көктеректi тоғайлар; Қалба тауының құрғақ қарағайлары 10. Тянь-Шаньның таулық байырғы, түрлi шөптiастық 7901,4 тұқымдас қайыңдықтары; Қазақтың шағын адырлы жерлерiндегi құрғақ қарағайлар 11. Қазақтың шағын адырлы жерлерiндегi шоқ ағашты 9156,6 жас және ылғалды, уақытша өсiрiлген қайыңдықтар мен байырғы ылғалды қайыңдықтар, ұзына бойы созылған қарағайлы тоғайлардың ылғалды және жас қайындықтары; ұзына бойы созылған қарағайлы тоғайлардың аса құрғақ қарағайлары; құрғақ мүктi және аршалы балқарағайлар 12. Қазақтың шағын адырлы және аралдардағы қарағайлы 10445,4 тоғайларындағы ылғалды шоқ ағашты көктеректi тоғайлар мен уақытша өсiрiлген ылғалды көктеректi тоғайлар; аралдардағы қарағайлы тоғайлардың аса құрғақ қарағайлары; субальпiлiк көк, қарақоңыр-қылқан жапырақты ормандар, бұталы майқарағайлар 13. Тянь-Шаньның құрғақ шыршалары және тастағы 11622,2 мүктi-шөптi шыршалар; ұзына бойы созылған қарағайлы тоғайлардың құрғақ қарағайлары 14. Қазақтың шағын адырлы жерлерiнiң және Баян-Қарқаралы 12930,2 тауларының жас және ылғалды қарағайлары; Қалба тауларының жас қарағайлары 15. Ұзына бойы созылған қарағайлы тоғайлардың су 14449 жайылмалы ормандары; аралдардағы қарағайлы тоғайлардың құрғақ қарағайлары 16. Түрлi шөптi-астық тұқымдас, тобылғылы, жас және 15932,8 ылғалды балқарағайлар; жас және ылғалды қайыңдықтар; ұзына бойы созылған қарағайлы тоғайлардың жас және ылғалды қарағайлары 17. Көк және жас қарақоңыр-қылқан жапырақты қалың шөптi, 17577 қырыққұлақты және таулы алаптағы майқарағайлар 18. Солтүстiк Тянь-Шаньның түрлi шөптi-астық тұқымдас, 19275,4 шетендi-талды, мүктi-шөптi жас және ылғалды шыршалы ормандары 19. Аралдардағы қарағайлы тоғайлардың жас және ылғалды 21528,4 қарағайлары ----------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 сәуiрдегi N 324 қаулысына N 2 қосымша
Орман шаруашылығының мұқтажына арналмаған алынған орманды (тоғайлы) жерлердiң қорғаныштық категорияларына жатқызылуына қарай орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу нормативтерiнiң КОЭФФИЦИЕНТI ---------------------------------------------------------------------- Орманды (тоғайлы) жерлер қорғаныштық ! Коэффициентi категорияларының атауы ! ---------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ---------------------------------------------------------------------- Далалық шоқ ағаш және бұйратты орман 2 Айналадағы ортаны қорғау үшiн маңызы бар шөл, 3 шөлейт, далалық, далалық-орманды және аз орманды таулы аудандардағы ормандар Қалалардың, басқада елдi мекендер мен өнеркәсiп 3 орындарының (орман шаруашылығы бөлiгi) маңындағы жасыл аймақтар орманы Курорттардың санитарлық қорғау округтерi үшiншi аймағының 3 орманы Ұзына бойы созылған қарағайлы тоғай 3 Эрозияға қарсы орман 4 Республикалық және облыстық мақсаттағы темiр жолдардың, 4 автомобиль жолдарының жағасындағы ормандардың қорғаныштық алқабы Мемлекеттiк қорғаныштық орман алқабы 4 Субальпiлiк орман 4 Қалалардың, басқа да елдi мекендер мен өнеркәсiп 5 орындарының (орман-парк бөлiгi) маңындағы жасыл аймақтар орманы Қала орманы мен орман-парк 5 Өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да тоғандардың 5 жағалауындағы ормандардың тыйым салынған алқабы Сумен жабдықтау көздерiнiң санитарлық қорғау аймақтары 5 бiрiншi, екiншi белдеулерiнiң орманы Курорттардың санитарлық қорғау округтары бiрiншi, екiншi 5 аймақтарының орманы Аса бағалы орман массивтерi 5 Жаңғақ кәсiпшiлiгi аймағы мен жемiс ағаш көшеттерiнiң 5 орманы Ғылыми мәнi бар ормандар 5 Ұлттық парктер (қорықтық режимi бар жер учаскелерiнсiз) 5 Ескерту:
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 978 (3 тармақ) және 1994 жылғы (4 тармақ, N 2 қосымша) қаулыларында белгiленген орман қорының жерлерiн алу шарты қойылған кезде осы қаулылардың аталған тармақтарында белгiленген коэффициенттер дәйектi түрде қолданылады.
2. Қорықтық, дендрологиялық және зоологиялық парктердiң, ботаникалық бақшалардың, табиғат ескерткiштерiнiң жерлерi; қорықтық режимi бар ұлттық парктердiң жер учаскелерi; жемiс және орман питомниктерi бар, сондай-ақ селекциялық-генетикалық мәнi, өсiмдiктердiң бiрегей немесе сирек кездесетiн түрлерi бар көшеттер мен орман дақылдары, тұрақты ағаш көшеттерiнiң плантациялары бар жер учаскелерi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1992 жылғы 3 шiлдедегi N 1515-XII қаулысымен мемлекеттiң және қоғамның мұқтажы үшiн алуға жатпайтын ерекше құнды жерлердiң, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи және тарихи-мәдени объектiлерi бар жерлердiң Тiзбесiне енгiзiлген.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 сәуiрдегi N 324 қаулысына N 3 қосымша
Орман шаруашылығының мұқтажына арналмаған
орман қорының жерлерiн алу немесе оларды уақытша ала тұру
барысында шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеуге арналған
қаржы пайдаланылатын жұмыс түрлерiнiң
ТIЗБЕСI
1. Қолайсыз жерлер есебiнен (жыра-сайлар, орлар, құмдақтар, сортаңдар және басқалар) орманды алқап үшiн жаңа жерлердi игеру, игерiлетiн жерлердi жақсарту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу.
2. Игерiлетiн учаскелерге жол салу.
3. Суландыру жүйелерiн салу мен жаңғырту, топырақты әктеу, гипстеу, сортаң-тұзды жерлердi шаю, құрғату және басқа мелиорациялық жұмыстар.
4. Эрозияға ұшыраған жерлерде қорғаныштық орман көшеттерiн отырғызу, сондай-ақ эрозияға қарсы басқа да шаралар.
5. Қорғаныштық және санитарлық-гигиеналық қызмет атқаратын судан қорғайтын көшеттер мен ағаштар отырғызу.
6. Жасыл аймақтар жасау және рекреациялық ағаштарды көркейту.
7. Орманды жерлердiң өнiмдiлiгiн арттыру, көшеттердiң тұқымдық құрамын жақсарту, олардың орман құрайтын тұқымдарының селекциялық-тұқымдық шаруашылық базасын дамыту.
8. Ормандардың өртке қарсы жайын жақсарту және оларды қорғаудың тиiмдiлiгiн арттыру.
9. Ормандардың өнiмдiлiгiн және олардың қорғаныштық қасиеттерiн арттыруға байланысты ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру жұмыстары.