Нанның, нан-тоқаш өнiмдерiнiң, тарының, ұнтақ жарманың және халыққа пiсiрілген нан орнына сатылатын ұнның бағасы туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 30 тамыздағы N 745 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

      Энергия көздерiнiң бағасы өсуiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. 1993 жылғы 1 қыркүйектен бастап халыққа мемлекеттiк ресурстан бөлiнген астықтан өндiрiлетiн нан, нан-тоқаш өнiмдерiн, тары, ұнтақ жарма, пiсiрiлген нан орнына өткiзiлетiн ұн сату Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Нанның, нан-тоқаш өнiмдерiнiң, тарының және ұнтақ жарманың бағасы туралы" 1992 жылғы 16 қыркүйектегi N 767 қаулысымен бекiтiлген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 35, 543-бап) қазiргi бөлшек сауда бағасына 5 арттыру коэффициентi қолданылып жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      2. Сауда кәсiпорындары мен ұйымдары осы қаулыда аталған өнiмдердiң 1993 жылғы 1 қыркүйектегi жағдай бойынша қалдықтарын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Бағаны ырықтандыруға байланысты өнiмдер мен тауарларға қайта бағалау жүргiзу туралы" 1992 жылғы 3 қаңтардағы N 4 қаулысында белгiленген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 1, 8-бап) тәртiппен түгендеме жасау және оларға қайта бағалау жүргiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген

тәртiпке және осы қаулыға сәйкес мемлекеттiк реттелетiн баға
бойынша нан, нан-тоқаш өнiмдерiн, ұнтақ жарма, тары және 
пiсiрiлген нан орнына өткiзiлетiн ұн өндiру мен сатуға байланысты
кәсiпорындар шығынының орнын толтыру үшiн қаражат iздестiрсiн.
     4. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ күшiн жойды - ҚРМК-нiң 1993.11.12. N 1121
              қаулысымен.  

P931121_

 

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi