Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының мәселелерi

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 12 сәуiр N 295. Күшi жойылылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1996.01.08. N 29 қаулысымен.

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" және "Қазақстан Республикасында конституциялық сот iсiн жүргiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын күшiне енгiзудiң тәртiбi туралы" 1992 жылғы 6 маусымдағы қаулысын орындау үшiн және Конституциялық Соттың қызметiне қажеттi жағдайлар туғызылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, ведомстволар, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi Конституциялық Сотқа өз қызметiн жүзеге асыруына жан-жақты жәрдем көрсететiн және олар өздерi шығарған нормативтiк сипаттағы барлық актiлердi оған бағыттап отыратын болсын.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң Аппараты Конституциялық Сот судьяларының Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң және оның Төралқасының мәжiлiстерiне қатысу құқын жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi шығарған барлық нормативтiк актiлердi Конституциялық Сотқа жiберiп отырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Шаруашылық басқармасы және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгi Конституциялық Соттың қызметкерлерiне санаторийлерге, демалыс үйлерiне, пансионаттарға, пионер лагерьлерiне жолдама, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне орын бөлсiн, сондай-ақ Сот қызметкерлерiне медициналық қызмет көрсетудi қарастырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Шаруашылық басқармасы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының автомобильдерiне қамту мен техникалық жөндеудi шарттық негiзде жүргiзетiн болсын.
      5. "Республикалық "Қазконтракт" контракт корпорациясы" акционерлiк қоғамы мен Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына жиhаз, жабдықтар, құрал-саймандар, кеңсе тауарларын бөлудi қамтамасыз етсiн. Үкiметтiң шешiмi талап етiлетiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн.
     6. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотын телефон, телеграф және телекс байланысымен тiкелей шарт бойынша қамтамасыз етсiн, Қазақстан Республикасының Сауда министрлiгi, республикалық "Қазжеңiлжабдықсауда" бiрлестiгi Конституциялық Соттың өтiнiмдерiне сәйкес 1993 жылға материалдық-техникалық ресурстар қарастырсын.
      7. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi Инвестициялық қордан Конституциялық Сот үшiн 1993 жылы тұрғын үй салуға (400 шаршы м) қажеттi қаражат бөлсiн және мұнан былай тұрғын үй салуға оған жыл сайын лимиттер бөлудi қарастыратын болсын, ал Алматы облысының әкiмi құрылысты белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн.
      8. Алматы облысының және Алматы қаласының әкiмдерi Конституциялық Сот аппаратының судьялары мен қызметкерлерi үшiн жеке тұрғын үй салуға учаске және бау-бақша учаскесiн бөлетiн болсын.
      9. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi Конституциялық Соттың қызметiн әйгiлеп отыруды және оның материалдарын жариялауды қамтамасыз етсiн.
             Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi