Түркiстан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесiн жаңғыртудың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 9 сәуiр 1993 ж. N 289

Қолданыстағы
      Республикалық және халықаралық маңызы бар орта ғасырлық сәулет өнерiнiң ескерткiшi Қожа Ахмет Иассауи кесенесiн сақтау жөнiндегi Түрiк Республикасының игiлiктi қызметiн ескерiп әрi ескерткiштердi жаңғырту және бiр қалыпта ұстау жөнiндегi Түрiк мемлекеттiк "Вакиф Иншаат" компаниясы жүзеге асырып жатқан жаңғырту жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Вакиф Иншаат" компаниясы Қожа Ахмет Иассауи кесенесiн жаңғырту үшiн Түркиядан құрылыс материалдарын, техника, көлiк, жабдықтар мен механизмдер әкелiп, жаңғырту жұмысы аяқталған соң оларды керi жөнелту кезiнде кеден тарифi мен баж салығынан босатылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Еңбек министрлiгi, Көлiк министрлiгi, Мәдениет министрлiгi, Қазақ азаматтық авиация басқармасы, Оңтүстiк Қазақстан облысы мен Түркiстан қаласының әкiмдерi "Вакиф Иншаат" компаниясына Қожа Ахмет Иассауи кесенесiн жаңғыртуда, материалдық-техникалық шикiзаттарды сатып алып, Түркiстан қаласына жеткiзуде көмек көрсетсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi