28237, 52859 және 68303 әскери бөлiмдерiн Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс штабына бағындыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 6 сәуiр 1993 ж. N 264

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң 28237, 52859 және 68303 әскери бөлiмдерi Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабына бағындырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабы 2 айлық мерзiмде аталған бөлiмдердi қабылдап алып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен өзара iс-қимыл жасауды ұйымдастырсын және оларды әскери әзiрлiкте ұсату жөнiнде шаралар қолдансын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бiр айлық мерзiмде аталған әскери бөлiмдерi ұстауға "Қорғаныс шығындары" бабы бойынша көзделген қаржылар есебiнен республикалық бюджеттен бөлiнетiн қажеттi қаражаты анықтайтын болсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi