Темiр жолда жолаушыларды, жүктер мен қол жүгiн тасымалдау тарифтерi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 сәуiрдегі N 261 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Көлiк министрлiгiнiң 1993 жылғы 6 сәуiрден бастап темiр жол көлiгiмен (қала маңындағы қатынастан басқа) жолаушыларды, қол жүгiн және жүктердi тасымалдаудың қолданылып жүрген тарифтерiнiң деңгейiне 2 көтеру шектi коэффициентiн (қосылған құн салығын ескерiп) белгiлеу туралы Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi