Қазақстан Республикасында автомобиль көлiгiмен жолаушы мен жүктi тасымал жасауға байланысты коммерциялық-кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау жөнiндегi ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 2 сәуiр N 251. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.12.25. N 1621 қаулысымен.

Күшін жойған

      "Қазақ КСР-iндегi кәсiпорындар туралы" Қазақ КСР-iнiң Заңына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 23 желтоқсандағы Заңына сәйкес (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң ведомостары, 1991 ж., N 8, 96-бап) Қазақстан Республикасының

 

Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

     Қазақстан Республикасында автомобиль көлiгiмен тасымал

жасауға байланысты коммерциялық-кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау

жөнiндегi Ереже бекiтiлсiн және ол 1993 жылдың 1 сәуiрiнен

күшiне енгiзiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                       1993 жылғы 2 сәуiрдегi

                                           N 251 қаулысымен

                                             Бекiтiлген


             Қазақстан Республикасында жолаушы мен жүктi

           автомобиль көлiгiмен тасымал жасауға байланысты

       коммерциялық-кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау туралы

                                Ереже



 
       1. Автомобиль көлiгiмен тасымал жасауға байланысты тасымалдық, көлiктiк-экспедициялық және басқа қызметтердi лицензиялау, қызметтiң осы түрлерiн мемлекет көлемiнде реттеу, көлiктiк қызмет нарығының қалыпты қызметiн қамтамасыз ету және осы қызметтi тұтынушылардың мұқтажын қорғау, монополияға қарсы заңдардың талаптарын iске асыру және автомобиль көлiгiн пайдалануға кезде жол қауiпсiздiгi мен экологиялық нормаларды сақтау мақсатында жүргiзiледi.
      2. Меншiк түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан заңды ұйымдардың мынадай коммерциялық-кәсiпкерлiк қызметi лицензиялауға жатады:
      а) осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген тасымалдаулардан басқа қалалық, қала маңындағы, облыс iшiндегi, облыстар арасындағы және халықаралық жүк пен жолаушы тасымалы;
      ә) заңды ұйымдар мен азаматтарға көлiктiк-экспедициялық қызмет көрсету.
      3. Мыналар лицензиялауға жатпайды:
      а) автокөлiк құралдарымен жалпы пайдаланудағы жолға шықпай жасалатын технологиялық (объект iшiндегi, зауыт iшiндегi, карьер iшiндегi) тасымал;
      ә) ауыл шаруашылығының мұқтажы үшiн колхоздардың, совхоздардың, шаруа (фермерлiк) қожалықтарының, ауылшаруашылық кооперативтерiнiң және агроөнеркәсiп кешенiнiң басқа кәсiпорындары мен ұйымдарының автокөлiгiмен жасалатын шаруашылық iшiндегi, аудан iшiндегi, облыс iшiндегi және облыстар арасындағы тасымал;
      б) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң осы шарттар

 

көрсетiлген арнаулы қаулысымен жүзеге асырылатын жүк пен

жолаушы тасымалы;

     в) табиғат апаттарының зардаптарын жоюға байланысты жүк пен

жолаушы тасымалы;

     г) арнаулы және оқып-үйрену автомобильдерiмен тасымалдау;

     ғ) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау мекемелерiнiң,

Қазақстан Республикасы Байланыс министрлiгiнiң (аталған

ұйымдардың автокөлiк құралдарымен коммерциялық негiздегi тасымалдан

басқа), Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен

әскери құрылымдарының ұлттық қауiпсiздiк және iшкi iстер

органдарының меншiгiндегi автокөлiк құралдарымен жүк пен жолаушы

тасымалдау.



     Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.04.29.

              N 523 қаулысымен.


     4. Лицензияның мынадай түрлерi белгiленедi:

     Жүк тасымалдауға - "Г".

     Жолаушы тасымалдауға - "П".

     Көлiктiк-экспедициялық қызмет көрсетуге - "Т".


 
       5. Әрбiр көлiк құралына лицензияға қоса лицензиялық карточка берiледi, оның түсi қызметiнiң аймағына сәйкес болады:
      - көгiлдiр - қалалық және қала маңындағы тасымал.
      - сары - облыс iшiндегi тасымал.
      - қызыл - облыс аралық тасымал.
      - жасыл - халықаралық тасымал.
      Лицензия мен лицензиялық карточка нысанын Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi бекiтедi.
      6. Лицензиялардың барлық түрiн Көлiк инспекциясының облыстық (қалалық) бөлiмшелерi және олардың филиалдары 5 жылға ғана бередi, ал халықаралық тасымал мен оған байланысты көлiктiк-экспедициялық қызметтерге лицензияларды Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң Көлiк инспекциясы бередi.
      7. Коммерциялық кәсiпкерлiк қызметпен айналысып жүрген заңды ұйымдар меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан лицензия алу үшiн Көлiк инспекциясының органдарына мыналарды тапсырады:
      а) Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi белгiлеген нысан бойынша қызмет түрi мен аймағы, сондай-ақ лицензияның қолданылатын мерзiмi көрсетiлген өтiнiш;
      ә) заңды ұйымның мемлекеттiк тiркелiмiн куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      б) лицензия берiлетiн автокөлiк құралдарының саны туралы мәлiмет;
      в) кәсiпкерлiк қызметтiң осы түрiне жауапты заңды ұйымның кәсiбi жарамдылығы растайтын құжаттың (арнаулы оқу орнын бiтiргендiгi туралы диплом немесе мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс стажын растайтын құжат) көшiрмесi.

 

     Лицензияланатын қызметке жауапты адамның аталған құжаттары

жоқ болған жағдайда ол кәсiбi жарамдылығына емтихан тапсыруы

тиiс.

     Емтихан тапсыру тәртiбi мен қажеттi бiлiмнiң көлемiн

Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi белгiлейдi.

     8. Заңды ұйымда меншiк нысандары мен ведомстволық

бағыныстылығына қарамастан бiр мезгiлде лицензияның бiрнеше

түрi болуы мүмкiн.

     9. Лицензия мынадай жағдайларда берiлмейдi:

     а) осы Ережеде көзделген құжаттар болмаса;

     ә) заңды ұйымның қызметi қоршаған ортаға зиянды болса;

     б) берiлген құжаттарда жалған мәлiметтер көрсетiлсе;

     в) лицензия алу өтiнiшiнде көрсетiлген жылжымалы құрам

тасымалдауға жарамсыз болса;

     г) өтiнiште көрсетiлген басқа талаптар орындалмаса.

     10. Лицензия беру (лицензия беруден бастарту туралы мәлiмет)

өтiнiш түскен күннен бастап бiр айдан қалдырылмай жүзеге

асырылуға тиiстi.

     11. Лицензия иесi лицензияда көрсетiлген уақыттан

коммерциялық-кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру хұқына ие болады.

     12. Лицензия иесi оны басқа заңды ұйымға бере алмайды.

     13. Лицензия иесiнiң мiндетi:

     а) лицензияда көрсетiлген талаптардың сақталуын қамтамасыз

ету;

     ә) әрбiр автокөлiк құралының маңдайша әйнегiнде лицензия

карточкасын ұстау;


 
       б) лицензия берген органдарға олардың сұрауы бойынша лицензияланған қызмет туралы қажеттi мағлұматтар берiп отыру.
      14. Автокөлiк құралдарының саны көбейген жағдайда (қызмет түрi өзгермей) лицензия иесi белгiлеген тәртiппен қосымша лицензия карточкасын алуға тиiстi.
      15. Заңды ұйымдар меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамай автокөлiкпен жүкпен жолаушы тасымалдау үшiн және соған байланысты көлiктiк-экспедициялық қызметi үшiн лицензия мен лицензия карточкасын Қазақстан Республикасы Көлiк инспекциясы органдарынан төлем ақыға алады, оның мөлшерiн Қазақстан Республикасының Экономика минисрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi белгiлейдi.
      Лицензия алуға байланысты шығындар материалдық емес активтердiң құрамында есепке алынады және ай сайын кәсiпорын лицензиялардың алғашқы құны мен пайдалы қолдану мерзiмiн сүйене отырып (бiрақ кәсiпорын қызметiнiң мерзiмiнен аспайтындай етiп есептеген норма бойынша өнiмнiң (жұмыстың, қызметтiң) өзiндiк құнына жатқызылады.
      16. Облыстардың, Алматы мен Ленинск қалаларының атқарушы өкiмет органдары коммуналдық шаруашылық, мәдениет, халыққа бiлiм беру және жол ұйымдары кәсiпорындарының тасымалдаушы коммерциялық-кәсiпкерлiк қызметiн тегiн лицензиялау туралы шешiм қабылдай алады.
      17. Лицензиялаудан түскен қаржы Көлiк инспекциясы органдарын ұстауға және лицензия беру шығынын өтеуге жұмсалады.
      18. Лицензиялар мен лицензия карточкасының бланкiлерi қатал есептiк құжаттарға жатады, есептiк сериясы мен нөмiрi болады, баспаханалық тәсiлмен жасалады. Лицензиялардың бланкiлерi мен лицензиялық карточкаларды, берiлген лицензиялардың көшiрмелерiн тiркеу мен есепке алу және берiлген лицензиялық карточкаларды сақтау лицензиялауды жүргiзетiн органдарға жүктеледi.
      19. Лицензия иесi онда көзделген шарттарды сақтамаған жағдайда немесе көлiк қызметiн тұтынушылардан шағым түссе, лицензия берушi органдар анықталған жолсыздықтар жөнделгенге дейiн лицензияның күшiн тоқтата тұруы немесе лицензиядан айыруы мүмкiн.
      20. Лицензия берушi орган лицензияның күшi тоқтатылғаны немесе лицензиядан айыру туралы лицензия иесiне шешiм қабылданғаннан кейiн үш күннен кешiктiрмей жазбаша түрде хабарлауға тиiс. Хабарды алғаннан кейiн лицензия иесi 10 күн iшiнде лицензияны берген органға лицензия мен лицензиялық карточканы тапсыруға мiндеттi.
      21. Айырудан кейiн қайыра берiлген лицензия мен лицензиялық карточкалардың бастапқы құны 2 есе көбейедi.
      22. Кәсiпорындар лицензия мен лицензиялық карточкаларын жоғалтып алған жағдайда, егер қызметтiң түрi мен шарты өзгермесе, бастапқы құнының 50 процентi мөлшерiнде қосымша ақы үшiн оларға дубликат берiледi.
      23. Лицензиялаудың осы Ережесiн бұзғаны үшiн айыптылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапқа тартылады.
      24. Лицензиялау шарттарының сақталуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк инспекциясы органдарына жүктеледi және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң Мемлекеттiк автомобиль инспекциясымен бiрлесе отырып жүзеге асырылады.
      25. Лицензиялауды жүзеге асыратын органдарға жасалатын шағым:
      Көлiк инспекциясы бөлiмшелерiнiң әрекетi үшiн - Қазақстан Республикасының Көлiк инспекциясына;
      Қазақстан Республикасының Көлiк инспекциясының әрекетi үшiн Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгiне берiледi.
      Қаралған шағымдардың нәтижесi туралы арыз иесiне шағым түскеннен кейiн 20 күннен кешiктiрмей хабарлануы керек.
      Заңды ұйымдар лицензиялауды жүзеге асыратын органдардың заңсыз iс-әрекетiне белгiленген тәртiппен сот органдарына шағым жасай алады.